Қазақстан Республикасында бірінші ұлттық ауыл шаруашылығы санағын жүргізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы 1999 жылғы 24 сәуір N 463

Жаңартылған
      Экономиканың аграрлық секторын басқаруды ақпараттық-статистикалық қамтамасыз ету мақсатында және БҰҰ Азық-түлік және ауыл шаруашылығы ұйымының Дүниежүзілік ауыл шаруашылығы санағын жүргізу туралы ұсынысын ескере Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. Қазақстан Республикасында бірінші ұлттық ауыл шаруашылығы санағы (мұнан әрі - Санақ) 2005 жылы өткізілсін. <*>
      ЕСКЕРТУ. 1-тармақта жылдың саны өзгерді - ҚР Үкіметінің 2000.02.21. N
               268 қаулысымен. P000268_
      Ескерту. 1-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2000.09.27. N 1464
               қаулысымен. P001464_
      Ескерту. 1-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2001.12.20. N 1666
               қаулысымен. P011666_
      2. Санаққа дайындық өткізу, оның нәтижелерін өңдеу мен жариялау Қазақстан Республикасының Статистика жөніндегі агенттігіне жүктелсін.
      3. Қазақстан Республикасының Статистика жөніндегі агенттігі Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігімен бірлесе отырып екі ай мерзім ішінде Қазақстан Республикасының Үкіметіне Санаққа жәрдемдесетін республикалық комиссия құру туралы ұсыныс енгізсін.
      4. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі 2004-2007 жылдарға

арналған республикалық бюджетті қалыптастырған кезде Санақты дайындау 
мен ұйымдастыруға қажетті қаражат көздесін.
<*>

     ЕСКЕРТУ. 4-тармақта жылдың саны өзгерді - ҚР Үкіметінің 2000.02.21. 
              N 268 қаулысымен.  

P000268_

 
     Ескерту. 4-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2000.09.27. N 1464          
              қаулысымен.  

P001464_

 
     5. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау Қазақстан Республикасы 
Премьер-Министрінің Кеңсесіне жүктелсін.
     6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
     
     Қазақстан Республикасының
        Премьер-Министрі



   Оқығандар:      
   Қобдалиева Н.
   Омарбекова А.