1. Қоса беріліп отырған Электр энергетикасын дамытудың 2030 жылға дейінгі бағдарламасы бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасының Энергетика, индустрия және сауда министрлігі электр энергиясы саласын дамыту жөніндегі жұмыстарды жалпы үйлестіруді жүзеге асырсын және 1998-2030 жылдарға арналған индикативтік жоспарлардың жобаларын қалыптастыру кезінде аталған бағдарламаға қажетті түзетулер енгізсін.
3. "1996-2000 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының электр
энергетикасы саласын дамыту жөніндегі кезек күттірмейтін шаралар бағдарламасы туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 14 тамыздағы N 1010 P961010_ қаулысының күші жойылған деп танылсын. 4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Оқығандар: Қобдалиева Н. Омарбекова А.