Қазақстан Республикасының даму стратегиясына сәйкес елді энергиямен сенімді жабдықтау жөніндегі міндеттерді кезең-кезеңмен шешу, электр энергиясының ішкі және сыртқы рыноктарын есепке ала отырып, экспортқа бағдарланған, технологиялық жағынан өзара байланысты отын-энергетика кешенін құру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қоса беріліп отырған Электр энергетикасын дамытудың 2030 жылға дейінгі бағдарламасы бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасының Энергетика, индустрия және сауда министрлігі электр энергиясы саласын дамыту жөніндегі жұмыстарды жалпы үйлестіруді жүзеге асырсын және 1998-2030 жылдарға арналған индикативтік жоспарлардың жобаларын қалыптастыру кезінде аталған бағдарламаға қажетті түзетулер енгізсін.
3. "1996-2000 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының электр энергетикасы саласын дамыту жөніндегі кезек күттірмейтін шаралар бағдарламасы туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 14 тамыздағы N 1010
қаулысының
күші жойылған деп танылсын.
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
РҚАО-ның ескертуі. Бағдарламаның қазақ тіліндегі мәтіні берілмегендіктен жасалған өзгертуді орыс тіліндегі мәтіннен қараңыз.
Ескерту. Бағдарламаға өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2007.08.08. N 680 Қаулысымен.