Қазақстан Республикасының айналым мерзімі үш ай және одан астам мемлекеттік индекстелген қазынашылық міндеттемелерін шығарудың, олардың айналымының және өтелуінің тәртібін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы 1999 жылғы 10 наурыз N 220

Қолданыстағы
     ЕСКЕРТУ. Атауы мен 1-тармағында сөздер ауыстырылды - ҚР Үкіметінің
              1999.05.06. N 538 қаулысымен. P990538_

      Республикалық бюджеттің тапшылығын қаржыландыру үшін пайдаланылатын қаржы құралдарын түрлендіру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының айналым мерзімі үш ай және одан астам мемлекеттік индекстелген қазынашылық міндеттемелерін шығарудың, олардың айналымының және өтелуінің тәртібі бекітілсін. <*>
      2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі қаржы агенті ретіндегі Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен бірлесіп республикалық бюджет туралы Қазақстан Республикасының Заңымен белгіленген үкіметтік борыш лимитінің шегінде индекстелген қазынашылық міндеттемелерді пайдалана отырып қарыз алуды жүзеге асыруды ұйымдастырсын. <*>

     ЕСКЕРТУ. 2-тармақ өзгерді - ҚРҮ-нiң 2001.04.02. N 437 қаулысымен. 
               

P010437_

 
     3. Мемлекеттік индекстелген қазынашылық міндеттемелерді бастапқы 
орналастырудан алынған ақша республикалық бюджетке түседі деп белгіленсін.
     4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
     
     Қазақстан Республикасының
         Премьер-Министрі
     
                                         Қазақстан Республикасы
                                               Үкіметінің
                                       1999 жылғы 10 наурыздағы
                                           N 220 қаулысымен
                                             бекітілген
     
     Қазақстан Республикасының айналым мерзімі бір жыл және бір жылдан
        астам мемлекеттік индекстелген қазынашылық міндеттемелерін
            шығарудың, олардың айналымының және өтелуінің
                            Тәртібі
     
                       1. Жалпы ережелер
     


      1) Осы Тәртіп Қазақстан Республикасының аумағында айналым мерзімі үш ай және одан астам мемлекеттік индекстелген қазынашылық міндеттемелерді (МИҚМ) (бұдан әрі - индекстелген қазынашылық міндеттемелер) шығарудың, олардың айналымының және өтелуінің тәртібін айқындайды. <*>
      2) "Мемлекеттік индекстелген қазынашылық міндеттеме" (орыс тілінде "Государственное индексированное казначейское обязательство" (ГИКО)) мемлекеттік бағалы қағаздар болып табылады, оларды республикалық бюджеттің ағымдағы тапшылығын қаржыландыру мақсатында Қазақстан Республикасы Үкіметінің атынан Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі (бұдан әрі - Эмитент) шығарады және Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңдарына сәйкес Қазақстанның бағалы қағаздар рыногында еркін айналымда болады.
      3) Индекстелген қазынашылық міндеттемелер иесіне өтеу кезінде бастапқы құнын алуға және осы Тәртіпте белгіленген тәртіппен төленетін бастапқы құнға проценттерде сыйақы алуға құқық береді.
      4) Индекстелген қазынашылық міндеттемелер құжатсыз нысанда шығарылады және оларды ұстаушылардың Орталық депозитарийдегі (бұдан әрі - Депозитарий) "депо" шоттарында және бастапқы дилерлерде олардың инвесторлары жөнінде тиісті жазбалар жүргізу жолымен орналастырылады және айналымға түсіріледі.
      5) Инвесторлар индекстелген қазынашылық міндеттемелерге салған ақшаны индекстеу индекстелген қазынашылық міндеттемелер айналымының аяқталған үш айлық кезеңіндегі инфляцияның қарқынын ескеретін қалқымалы ставка бойынша сыйақы төлеу жолымен жүргізіледі. <*>
     ЕСКЕРТУ. 1),5)-тармақшаларындағы сөздер ауыстырылды - ҚР Үкіметінің
              1999.05.06. N 538 қаулысымен. P990538_
     2. Индекстелген қазынашылық міндеттемелерді
             шығару және орналастыру



      6) Индекстелген қазынашылық міндеттеменің бастапқы құны - 1000 теңге.
      7) Әрбір шығарылымның Эмитент бекіткен шығарылым параметрлеріне сай заңдарға сәйкес Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөніндегі ұлттық комиссиясы беретін ұлттық сәйкестендіру нөмірі болады.
      8) Индекстелетін қазынашылық міндеттемелерді бастапқы орналастыруды және өтеуді жүзеге асыратын Қаржы агенті ретінде Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі әрекет етеді. Эмитент пен Қаржы агентінің арасындағы өзара қатынастар Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңдарымен, осы Тәртіппен, Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі мен Ұлттық Банкінің арасында жасалатын Қазақстан Республикасының мемлекеттік бағалы қағаздарын бастапқы орналастыру, олардың айналымы және өтелуі туралы келісіммен реттеледі.
      9) Индекстелген қазынашылық міндеттемелер индекстелген қазынашылық міндеттемелердің тиісті эмиссиясын бастапқы орналастыру және инвесторлардың индекстелген қазынашылық міндеттемелерге салынған қаражатының инфляциядан шеккен зиянын өтеу жөніндегі аукционда айқындалған кірістіліктің тіркелген ставкасын қамтитын сыйақы ставкасымен атаулы бағасы бойынша оларды ұстаушылардың арасында орналастырылады. <*>
      10) Кірістіліктің тіркелген ставкасы сатып алушылардың ұсыныстары бойынша кірістіліктің ең аз ставкасынан бастап эмиссиясының белгіленген көлеміне жеткенге дейін олардың өтінімдерін қанағаттандыру жолымен аукциондық негізде айқындалады. Берілген өтінімдерді қанағаттандыру аукционға қатысушылардың қанағаттандырылған өтінімінің ең жоғарғы ставкасына тең кірістіліктің бірыңғай тіркелген ставкасы бойынша жүзеге асырылады. <*>
      11) Индекстелген қазынашылық міндеттемелерді орналастыру жөніндегі аукциондарды Эмитент белгілеген кесте бойынша Қаржы агенті жүргізеді егер тиісті эмиссияның шарттары жарияланған кезде өзге күн көзделмесе, айына бір рет, айдың соңғы жұмыс күнінің алдындағы күні. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі кезекті аукцион өткізілетін күнге дейінгі жеті күнтізбелік күннен кешіктірмей Қаржы агентіне индекстелген қазынашылық міндеттемелердің аукционын өткізудің күні мен шарттарын хабарлайды. Аукциондарды өткізудің тәртібі Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актілерімен реттеледі. <*>
      12) Индекстелген қазынашылық міндеттемелердің әрбір эмиссиясының көлемі мен шарттарын тиісті жылға арналған республикалық бюджет туралы Қазақстан Республикасының Заңында бекітілген үкіметтік борыштың және оған қызмет көрсетуге арналған шығыстардың шегінде Эмитент белгілейді. <*>
      ЕСКЕРТУ. 9),10),-тармақшалар жаңа редакцияда, 11)-тармақша
               толықтырылды сөздер ауыстырылды - ҚР Үкіметінің 1999.05.06.
               N 538 қаулысымен. P990538_
      ЕСКЕРТУ. 12-тармақша өзгерді - ҚРҮ-нiң 2001.04.02. N 437 қаулысымен.
               P010437_

      3. Индекстелген қазынашылық міндеттемелердің айналымы

      13) Мемлекеттік индекстелген қазынашылық міндеттемелердің мерзімін және айналысының басталу күнін, оларды сатып алған инвесторлардың төлеу күнін тиісті эмиссияны хабарлаған кезде Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі белгілейді. Мемлекеттік индекстелген қазынашылық міндеттемелердің үш айдан бастап одан көп айналыс мерзімінің үш айлық еселенуі болуы тиіс. <*>
      14) Индекстелген қазынашылық міндеттемелердің айналымы бастапқы дилерлер Эмитенттің шотына мемлекеттік бағалы қағаздарды сатып алғаны үшін ақшаның түскені туралы Қаржы агентінен хабарлама алған сәттен басталады, сыйақыны төлеу күніне дейін 5 жұмыс күнінде тоқтатылады, сыйақы төленгеннен кейінгі келесі жұмыс күнінде қайтадан басталады және индекстелген қазынашылық міндеттемелерді өтелгенге дейін 5 жұмыс күнінде аяқталады. <*>
      15) Индекстелген қазынашылық міндеттемелерді ұстаушылар Қазақстан Республикасының резиденттері мен резидент еместері - заңды және жеке тұлғалар болуы мүмкін. Бұл ретте, индекстелген қазынашылық міндеттемелерінің аукциондарына екінші деңгейдегі банктердің арасында іріктелген жағдайда - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ұсынымы бойынша, институционалдық инвесторлардың арасында іріктеуден өткен жағдайда - Қазақстан Республикасы Бағалы қағаздар жөніндегі ұлттық комиссиясының ұсынымы бойынша, Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі айқындайтын бастапқы дилерлер ғана тікелей қатысады. Мемлекеттік бағалы қағаздар рыногының қалған қатысушылары (инвесторлар) бастапқы орналастыру аукциондарына тек бастапқы дилерлер арқылы ғана қатысады. Резидент еместердің аукциондарындағы қатысу үлесін Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі анықтайды. Аукционды жүргізетін бағалық шарттары және оның қатысушыларының тапсырыстарын қанағаттандырудың көлемі жөніндегі шешімді Эмитент қабылдайды.
      16) Индекстелген қазынашылық міндеттемелермен барлық операциялар қайталама рынокта Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңдарына сәйкес жүзеге асырылады.
      17) Индекстелген қазынашылық міндеттемелерге меншік құқығын есепке алу мен ауыстыру индекстелген қазынашылық міндеттемелерді ұстаушылардың жазбаша тапсырмалары және/немесе электрондық тапсырмалары негізінде сатушы мен сатып алушының "депо" шотына тиісті жазбалар енгізу жолымен Депозитарий арқылы жүзеге асырылады.
      ЕСКЕРТУ. 13)-тармақша жаңа редакцияда, 14)-тармақша өзгерді - ҚР
               Үкіметінің 1999.05.06. N 538 қаулысымен. P990538_

      4. Сыйақыны төлеу және индекстелген қазынашылық
                     міндеттемелерді өтеу

      18) Сыйақыны есептеу осы Тәртіптің 10-тармағына сәйкес айқындалатын сыйақының ставкасы бойынша өтеу күнін қоса алғанда, айналым кезеңі ішінде эмиссия шарттарын жариялау кезінде, Эмитент белгілеген индекстелген қазынашылық міндеттемелерін бастапқы орналастыру жөніндегі аукциондарда инвесторлар сатып алған төлем күнінен кейінгі күннен басталады, бұл ретте тиісті кезеңге арналған сыйақы сомасын есептеу үшін индекстелген қазынашылық міндеттемелер айналысының есептік кезеңіндегі күнтізбелік күндердің саны және жылдағы 365 күн қолданылады. <*>
      ЕСКЕРТУ. 18-тармақша өзгерді - ҚРҮ-нiң 2001.04.02. N 437 қаулысымен.
               P010437_
      19) Индекстелген қазынашылық міндеттемелер бойынша сыйақыны төлеу айналыстың әрбір үш толық күнтізбелік айынан кейінгі айдың бесінші жұмыс күнінде жүргізіледі. <*>
      20) Ағымдағы төлемге жататын индекстелген қазынашылық міндеттемелер сыйақысының (мүддесінің) сомасы инвесторлардың индекстелген қазынашылық міндеттемелерге салынған қаражатының инфляциядан жоғалтуының тиісті кезеңі үшін өтемақы сомасын, сондай-ақ осы эмиссия үшін белгіленген жылдық ставка бойынша хабарланған сыйақының сомасын қамтиды және ол мына формуламен айқындалады:

     S=N*I/100+С,
     мұнда S, теңге - ағымдағы төлемге жататын индекстелген қазынашылық 
міндеттемелердің сыйақының сомасы;
     N, теңге - сыйақы есептелетін, индекстелген қазынашылық 
міндеттемелердің бастапқы құны;
     I,% - сыйақы төлемі жүзеге асырылатын кезеңдегі инфляция;
     С, теңге - белгіленген жылдық ставка бойынша айналымның тиісті кезеңі 
үшін есептелген сыйақының сомасы.
     
     Бұл ретте,
     
     С=N*К/100**D/365


      мұнда К,% - индекстелген қазынашылық міндеттемелердің осы эмиссиясы үшін жарияланған сыйақының белгіленген жылдық ставкасының мәні;
      D, күн - индекстелген қазынашылық міндеттемелердің тиісті айналым кезеңіндегі кезекті сыйақы төлемі жүргізілетін күнтізбелік күн саны;
      365, күн - есептеу үшін қабылданған жыл ішіндегі күн саны.
      Индекстелген қазынашылық міндеттемелердің өткен кезекті жарты жылдық айналымы кезеңі үшін Қазақстан Республикасының Ұлттық статистика агенттігі деректерінің негізіндегі инфляция Қазақстан Республикасының Статистика жөніндегі агенттігі сыйақы төлеу жүргізілетін айдың алдындағы үш толық күнтізбелік айда "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жариялайтын тұтыну бағаларының айлық индексі негізінде есептеледі. Есептеулерде инфляцияның теріс мәні болған жағдайда оның нөлге тең мәні алынады. <*>
      ЕСКЕРТУ. 20-тармақша өзгерді - ҚРҮ-нiң 2001.04.02. N 437 қаулысымен.
               P010437_
      21) Қаржылық агент, индекстелген қазынашылық міндеттемелер бойынша сыйақы төлеу күніне дейін екі жұмыс күнінен кешіктірмей, Эмитентке кезекті үш айлық кезеңдегі инфляция қарқынының мәні, олар бойынша сыйақыны есептеу жүргізілетін индекстелген қазынашылық міндеттемелердің мөлшері және әрбір бастапқы дилер бойынша төлем сомасы туралы мәліметтерді қамтитын ведомосты жібереді. <*>
      22) Эмитент индекстелген қазынашылық міндеттемелердің тиісті шығарымының айналым мерзімі аяқталғаннан кейін бастапқы құн бойынша индекстелген қазынашылық міндеттемелерді өтеуді жүргізеді, индекстелген қазынашылық міндеттемелердің тиісті шығарылымы айналысының соңғы айының соңғы жұмыс күні өтеу күні болып табылады. <*>
      23) Эмитент индекстелген қазынашылық міндеттемелерді сыйақы есептеудің кезекті кезеңінде олардың іс жүзінде айналымда болған уақыты үшін сыйақы төлей отырып мерзімінен бұрын өтеуді жүзеге асыруға құқылы. Эмитенттің мерзімінен бұрын өтеу туралы шешімі мұндай өтеу күніне дейін 10 күнтізбелік күн бұрын, өз кезегінде 5 күнтізбелік күннен кешіктірмей ол туралы бастапқы дилерлерге хабарлайтын, қаржы агентіне жеткізіледі. Егер индекстелген қазынашылық міндеттемелерді мерзімінен бұрын өтеу күні немесе өтеу күні жұмыс істемейтін күнге келсе, онда, егер Эмитент өзгеше көздемесе, өтеу жұмыс істемейтін күннен кейінгі бірінші жұмыс күні жүргізіледі. <*>

     ЕСКЕРТУ. 23-тармақша өзгерді - ҚРҮ-нiң 2001.04.02. N 437 қаулысымен. 
               

P010437_

 
     24) Қазынашылық міндеттемелер бойынша өтеу және сыйақы төлеу 
Депозитарийдің деректері негізінде қалыптасатын, Қаржы агентінің жиынтық 
тізімдемесіне сәйкес бастапқы дилерлердің шоттарына ақша аудару жолымен 
республикалық бюджеттің қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
     25) Индекстелген қазынашылық міндеттемелермен операциялар бойынша 
салық салудың тәртібі Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген 
заңдарына сәйкес белгіленеді.
     ЕСКЕРТУ. 19), 20), 22)-тармақшалар өзгертілді 21)-тармақша жаңа       
              редакцияда - ҚР Үкіметінің 1999.05.06. N 538 қаулысымен. 
               

P990538_

 
     
    Оқығандар:
    Қобдалиева Н.
    Омарбекова А.