Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2001 жылғы 2 сәуір N 437

      Мемлекеттік бағалы қағаздарды шығару, орналастыру, олардың айналысы, өтеу және оларға қызмет көрсету саласындағы нормативтік құқықтық кесімдерді Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңнамасына сәйкес келтіру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 
      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін. 
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді. 

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы        
Үкіметінің               
2001 жылғы 2 сәуірдегі        
N 437 қаулысымен           
бекітілген              

 
        Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне 
             енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар 

       1. <*>
       2. <*>
        Ескерту. 1,2-тармақтардың күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2004.09.08. N 941   қаулысымен
       3. "Қазақстан Республикасының мемлекеттік арнаулы қазынашылық міндеттемелерін шығарудың, айналысқа енгізудің және өтеудің тәртібі туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 30 желтоқсандағы N  1859
қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1997 ж., N 57, 520-құжат): 
      атауындағы "тәртібі туралы ережені" деген сөздер "ережесін" деген сөзбен ауыстырылсын; 
      1) 1-тармақтағы "тәртібі туралы ережені" деген сөздер "ережесі" деген сөзбен ауыстырылсын; 
      2) көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының мемлекеттік арнаулы қазынашылық міндеттемелерін шығарудың, айналысқа енгізудің және өтеудің тәртібі туралы ережеде: 
      тақырыбындағы "тәртібі туралы ереже" деген сөздер "ережесі" деген сөзбен ауыстырылсын; 
      мәтіндегі "(мүдде)" және "(мүдденің)" деген сөздер алынып тасталсын; 
      9-тармақ ", бұл ретте тиісті кезеңге арналған сыйақы сомасын есептеу үшін арнаулы қазынашылық міндеттемелер айналысының есептік кезеңіндегі күнтізбелік күндердің саны және жылдағы 365 күн қолданылады" деген сөздермен толықтырылсын; 
      мынадай мазмұндағы 19-1-тармақпен толықтырылсын: 
      "19-1. Эмитент арнаулы қазынашылық міндеттемелерді сыйақы есептеудің кезекті кезеңінде олардың айналыста болған нақты уақыты үшін сыйақы төлей отырып, мерзімінен бұрын өтеуді жүзеге асыруға құқылы. Эмитенттің мерзімінен бұрын өтеу туралы шешімі мұндай өтеу күніне дейін 7 жұмыс күні бұрын Ұлттық Банкке (келісім бойынша), ал ол, өз кезегінде, 5 жұмыс күнінен кешіктірмей, бұл туралы бастапқы дилерлерге хабарлайды. 
      Егер арнаулы қазынашылық міндеттемелердің бастапқы құнын мерзімінен бұрын өтеу күні немесе өтеу күні жұмыс істемейтін күнге келсе, онда, егер Эмитент өзгеше көздемесе, өтеу жұмыс істемейтін күннен кейінгі бірінші жұмыс күні жүргізіледі."; 
      21-тармақтағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 24 сәуірдегі Заң күші бар Жарлығымен" деген сөздер "Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес" деген сөздермен ауыстырылсын; 
      3) Қосымшада Қазақстан Республикасының мемлекеттік арнаулы қазынашылық міндеттемелерін шығарудың ауқымды сертификатында "тәртібі туралы ережеге" деген сөздер "ережесіне" деген сөзбен ауыстырылсын. 
      4. <*>
       Ескерту. 4-тармақтың күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2004.09.08. N 941   қаулысымен .
      5. "Қазақстан Республикасының айналыс мерзімі үш, алты, тоғыз және он екі ай мемлекеттік қысқа мерзімді қазынашылық валюталық міндеттемелерін шығарудың, айналысының және өтеудің ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 9 сәуірдегі N 398  қаулысына  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., N 12, 121-құжат): 
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының айналыс мерзімі үш, алты, тоғыз және он екі ай мемлекеттік қысқа мерзімді қазынашылық валюталық міндеттемелерін шығарудың, айналысының және өтеудің ережесінде: 
      12-тармақтағы "әр эмиссияның шарттарын жариялау кезінде Эмитент белгілейтін төлеу күні сағат 11-00-ге дейін" деген сөздер алынып тасталсын; 
      16-тармақ мынадай мазмұндағы сөйлеммен толықтырылсын: 
      "Тиісті кезеңге сыйақы сомасын есептеу үшін қазынашылық міндеттемелер айналысының есептік кезеңіндегі күнтізбелік күндердің саны және жылдағы 365 күн қолданылады."; 
      17-тармақтағы "үш жүз алпыс төртінші" деген сөздер "үш жүз алпыс бесінші" деген сөздермен ауыстырылсын; 
      мынадай мазмұндағы 22-тармақпен толықтырылсын: 
      "22. Эмитент қазынашылық міндеттемелерді Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөніндегі ұлттық комиссиясымен келісілген және оларды орналастырудың дисконтталған бағасын және қазынашылық міндеттемелердің айналыста болған нақты уақыты үшін есептелген сыйақыны ескере отырып есептеп шығарылған дисконтталған баға бойынша мерзімінен бұрын өтеуге құқылы. Төлемдер мерзімінен бұрын өтеу күнінің алдындағы күнгі Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми бағамы бойынша теңгемен жүргізіледі. Эмитенттің мерзімінен бұрын өтеу туралы шешімі мұндай өтеу күніне дейін 7 жұмыс күні бұрын Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне (келісім бойынша), ал ол, өз кезегінде, 5 жұмыс күнінен кешіктірмей, ол туралы бастапқы дилерлерге хабарлайды.
      Егер қазынашылық міндеттемелердің бастапқы құнын мерзімінен бұрын өтеу күні немесе өтеу күні жұмыс істемейтін күнге келсе, онда, егер Эмитент өзгеше көзделмесе, өтеу жұмыс істемейтін күннен кейінгі бірінші жұмыс күні жүргізіледі.".