Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы 1 ақпандағы N 5 өкімін іске асыру жөніндегі шаралар туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 23 ақпандағы N 149 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 31 наурыздағы № 335 Қаулысымен

Күшін жойған

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2011.03.31 № 335 Қаулысымен.

      Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Әкiмшiлiк шығыстарды қысқарту және 1999 жылдың мемлекеттiк бюджетiнiң кiрiс бөлiгiн арттыру жөнiндегі шаралар туралы" өкiмiн iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi:
      кеңсе жиhаздарын "қымбат тұратындар" айқындамасына жатқызу жөнiнде өлшемдер белгiлесiн;
      1999 жылдың 1 қаңтарынан бастап автокөлiк құралдарын, қымбат тұратын кеңсе жиhаздарын сатып алуға, бұрын жүргiзiлген жөндеу бойынша кредиторлық берешектердi (1999 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша) өтеудi қоспағанда, қызметтiк үйлер мен үй-жайларға күрделi жөндеу жүргiзуге (Қазақстан Республикасы Президентінің Күзет қызметінен және Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кіріс министрлігінің Кеден комитетінен басқа) арналған шығыстарды қаржыландыруды тоқтатсын;
      белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қарауына мемлекеттiк органдарды ақпараттандыруға арналған шығыстарды оңтайландыру жөнiнде ұсыныс енгiзсiн;
      байланыс қызметiн көрсетулерге ақы төлеуге арналған қаражаттың жұмсалуына бақылау жасауды күшейтсiн;
      1999 жылдың 25 ақпанына дейiн мерзiмде, белгiленген тәртiппен, республикалық бюджеттiң қаражаты есебiнен төленетiн белгiленген айлық лимиттiң шегiнде ұялы жүйе телефондары мен ұтқыр байланыстың басқа да құралдарын пайдалануға рұқсат берiлетiн Қазақстан Республикасының Үкiметiне есеп бермейтiн мемлекеттiк органдар лауазымды тұлғаларының тiзiмiн белгiлеу жөнiндегi Қазақстан Республикасының Үкiметi шешiмiнiң жобасын енгiзсiн.
      ЕСКЕРТУ. 1-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 1999.07.19. N 997
                қаулысымен. P990997_
      ЕСКЕРТУ. 1-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 1999.11.19. N 1753
                қаулысымен. P991753_
      2. Орталық атқарушы органдар мен ведомстволар 1999 жылдың 22 ақпанынан бастап бюджеттiк қаражатты олардың басшыларының ұялы телефондар мен Үкiметтiк байланысты пайдаланғаны үшiн ақы төлеуге жұмсауды тоқтатсын.
      3. Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын мекемелер бағдарламалардың әкiмшiлiктерi Қазақстан Республикасының Yкiметiне қызметтiк үйлер мен үй-жайларға жүргiзiлген күрделi жөндеудiң 1999 жылдың 1 ақпанындағы жай-күйi туралы ақпарат ұсынсын.
      4. Мемлекеттiк органдар лауазымды тұлғаларының республикалық бюджеттiң қаражаты есебiнен ресми делегациялар залдары мен "VIР" залдарын пайдаланғаны үшiн шығыстарды өтеуiне тиым салынсын.
      5. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгі Мемлекеттiк кiрiс министрлiгiмен бiрлесiп, белгіленген тәртiппен, бiр айлық мерзiм iшiнде Қазақстан Республикасының Yкiметiне Қазақстан Республикасы Президентiнiң аталған өкiмiнiң 4-тармағын орындау жөнiнде ұсыныс енгiзсiн.
      6. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру департаментi, республикалық мемлекеттiк кәсiпорындарды мемлекеттiк басқару органдары, сондай-ақ оларға қатысты мемлекеттік меншiк құқығы субъектiсiнiң функцияларын жүзеге асыратын органдар үстiмiздегi жылдың 1 наурызына дейiн мерзiмде Қазақстан Республикасының Үкiметiне:
      мемлекеттiк органдардың Астана қаласына орналасуының нәтижесiнде босаған қызметтiк үйлер мен үй-жайлар туралы, сондай-ақ бұрын басшы қызметтер атқарған мемлекеттiк қызметшiлердiң қызметтiк пайдалануында болған мемлекеттiк саяжайлар мен коттедждер туралы:
      1) аталған алаңдардың кiмнiң қарауында екендiгiн;
      2) оларды кiм және қандай шарттармен пайдаланатындығын көрсете отырып ақпарат;
      республикалық мемлекеттiк кәсiпорындар мен мемлекеттің үлестiк қатысы бар шаруашылық жүргiзушi субъектiлердiң әкiмшiлiк шығыстарын қысқарту жөнiнде ұсыныс енгiзсiн.
      7. Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгi мүдделi министрлiктермен бiрлесiп, белгiленген тәртiппен, бiр айлық мерзiм iшiнде Қазақстан Республикасының Үкiметi қарауына бұрын шығарылған нормативтiк құқықтық актiлердi Қазақстан Республикасы Президентiнiң

 

аталған өкiмiне сәйкес келтiру туралы ұсыныс енгiзсiн.

     8. Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң "Қазақстан Республикасы

мемлекеттік органдарының ұялы байланысты пайдалануының тәртiбi туралы

1998 жылғы 10 тамыздағы N 757 


P980757_
 

  қаулысының күшi жойылды деп

танылсын.

     9. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.


     Қазақстан Республикасының

        Премьер-Министрі


  Оқығандар:

Қобдалиева Н.    

Икебаева А.