Қазақстан Республикасы мемлекеттiк органдарының ұялы байланысты пайдалануының тәртiбi туралы <*>

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Қаулысы 1998 жылғы 10 тамыз N 757. Күші жойылды - ҚРҮ-нің 1999.02.23. N 149 қаулысымен. ~P990149

      Мемлекеттiк қаражатты үнемдеу режимiн күшейту және Қазақстан Республикасы мемлекеттiк органдарының ұялы байланысты пайдалануын тәртiпке келтiру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
      1. Ұялы байланысты пайдалану құқығы министрлiктердiң, мемлекеттiк комитеттердiң, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң құрамына кiрмейтiн орталық атқарушы органдарының және басқа да мемлекеттiк органдардың басшыларына, олардың орынбасарларына; орталық атқарушы органдар департаменттерiнiң, агенттiктерiнiң, комитеттерiнiң басшыларына; Қазақстан Республикасы Президентiнiң бiрiншi көмекшiсiне, Қазақстан Республикасы Президентi Кеңсесiнiң меңгерушiсiне, Қазақстан Республикасы Президентiнiң Хаттама бастығы мен Баспасөз хатшысына, Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi Хатшылығының жетекшiсiне, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң Баспасөз қызметiнiң жетекшiсiне, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң көмекшiсiне, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың әкiмдерiне және олардың орынбасарларына берiлсiн. <*>
      Ескерту. 1-тармақ өзгердi - ҚРҮ-нiң 1998.11.10. N 1143 қаулысымен.
               P981143_
      2. Министрлiктер, мемлекеттiк комитеттер, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң құрамына кiрмейтiн орталық атқарушы органдар мен басқа да мемлекеттiк органдар ұялы телефондардың санын осы қаулыға сәйкестендiрсiн.
      3. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi:
      Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органдарын ұстауға арналған

шығыстарды осы қаулыда белгiленген ұялы байланысты пайдаланудың
тәртiбiн ескере отырып қарастырсын;
     мемлекеттiк органдар аппаратын ұстауға арналған қаражаттың
жұмсалуына тұрақты бақылау орнатсын.

     Қазақстан Республикасының
          Премьер-Министрi