Қазақстан Республикасының төлем балансын жасау туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы 1999 жылғы 29 қаңтар N 71

Қолданыстағы
      Мемлекеттің экономикалық саясатын жасауға қажетті Қазақстан Республикасының төлем балансын қалыптастыру мен талдау жөніндегі жұмысты одан әрі жетілдіру және үйлестіру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. Қазақстан Республикасының Статистика жөніндегі агенттігі:
      1) 1999 жылдың 1 мамырына дейін Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі әзірлеген төлем балансы жөніндегі мемлекеттік статистикалық есептің нысандарын бекітсін;
      2) елдің төлем балансы бойынша статистикалық есептің жаңа нысандары қолданысқа енгізілгенге дейін төлем балансы жөніндегі мәліметтерді жинау мен өңдеуді қолданылып жүрген нысандар бойынша жүзеге асырсын және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкіне, 1999 жылдың II тоқсаны бойынша есептерді қоса алғанда, ақпарат ұсынатын болсын;
      3) ай сайын Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне Қазақстан Республикасының сыртқы сауда көрсеткіштері жөнінде жүк кеден декларациясы негізінде ақпарат және елдерге шаққандағы тауарлар номенклатурасы бойынша экспорт пен импорттың құны және сандық көрсеткіштері туралы ақпараты ұсынатын болсын.
      2. Қазақстан Республикасының Энергетика, индустрия және сауда министрлігі және Қаржы министрлігі елдің төлем балансы көрсеткіштерінің жылдық, орта мерзімдік және ұзақ мерзімдік болжамды бағасын жасауға қатыссын.
      3. Министрліктер, агенттіктер, өзге де орталық және жергілікті атқарушы органдар, сондай-ақ меншік нысанына қарамастан сыртқы экономикалық қызметті жүзеге асыратын кәсіпорындар мен ұйымдар:
      1) елдің төлем балансы бойынша бекітілген нысандарға сәйкес Қазақстан Республикасының Ұлттық статистикалық агенттігіне, 1999 жылдың II тоқсаны бойынша есептерді қоса алғанда-статистикалық есеп, ал 1999 жылдың III тоқсаны бойынша есептерден бастап Ұлттық Банкке статистикалық есеп беретін болсын;
      2) өз құзыреттеріне сәйкес елдің төлем балансының жекелеген көрсеткіштері бойынша бір жолғы іріктемелі зерттеулер жүргізуге қатысатын болсын.
      4. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қазақстан Республикасының төлем балансын әзірлеудің және Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметіне ұсынудың мерзімдері туралы ұсынысына келісім берілсін:
      1) есептік төлем балансын алдын ала бағалау - есепті кезеңінен кейінгі 30-ші күні;
      2) есептік төлем балансы - есеп беру кезеңінен кейінгі 90-шы күні;
      3) болжамды төлем балансы - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің

және тиісті мемлекеттік органдардың бағдарламалық құжаттарын әзірлеу үшін 
белгіленген мерзімдерге сәйкес.
     5. Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Қазақстан Республикасының төлем 
балансын жасау туралы" 1997 жылғы 25 сәуірдегі N 659  

P970659_

  қаулысының 
(Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1997 ж., N 17, 150-құжат) күші жойылған 
деп танылсын.
     6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
     
     Қазақстан Республикасының
        Премьер-Министрі

   Оқығандар:     
  Қобдалиева Н.
  Икебаева А.