Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы
Yкiметiнiң
1998 жылғы 19 қаңтардағы
N 31 қаулысымен
бекiтiлген
Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерiстер мен толықтырулар
1. Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң "Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995 жылғы 17 сәуiрдегi N 2201 қаулысын жүзеге асыру туралы" 1995 жылғы 29 желтоқсандағы N 1894
қаулысына
(Қазақстан Республикасының ПYАЖ-ы, 1995 ж., N 41, 515-құжат):
көрсетiлген қаулыға 1-қосымшада:
реттiк нөмiрi 15-жолдың 2-бағанындағы "Қазақстан Республикасының Кеден комитетi" деген сөздер "Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк кiрiс министрлiгiнiң Кеден комитетi" деген сөздермен ауыстырылсын;
реттiк нөмiрi 34-жолдың 2-бағанындағы "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Алкоголь өнiмдерiн өндiру мен оның айналымына мемлекеттiк бақылау жасау жөнiндегi комитеті" деген сөздер "Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк кiрiс министрлiгiнiң" Алкоголь өнiмiн өндiрудi және оның айналымын мемлекеттiк бақылау жөнiндегi комитетi" деген сөздермен ауыстырылсын.
2. Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң "Акциздеуге жататын өнiмдi өндiру мен сатудан алынған қаражаттың бюджетке түсуiне бақылауды күшейту жөнiндегi қосымша шаралар туралы" 1997 жылғы 15 қаңтардағы N 68
қаулысына
:
1-тармақтағы "Мемлекеттiк салық комитетi Мемлекеттiк кеден комитетiмен" деген сөздер "Мемлекеттiк кiрiс министрлiгiнiң Салық комитетi Кеден комитетiмен" деген сөздермен ауыстырылсын;
3-тармақта:
бiрiншi абзацтағы "Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк кеден комитетi" деген сөздер "Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк кiрiс министрлiгiнiң Кеден комитетi" деген сөздермен ауыстырылсын.
екiншi абзац мынадай редакцияда жазылсын:
Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк Кiріс министрлiгiнiң Алкоголь өнiмiн өндiрудi және оның айналымын мемлекеттiк бақылау жөнiндегi комитетi мен Салық комитетiне белгiленген нысан бойынша Қазақстан Республикасының кеден шекарасы арқылы өтетiн импортталған спирттiң, алкогольдi өнiмдердiң және сыраның барлық түрлерiнiң қозғалысы туралы ақпарат, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк кiрiс министрлiгiнiң Салық комитетіне Қазақстан Республикасының кеден шекарасы арқылы өтетiн темекi өнiмдерiнiң қозғалысы туралы ақпарат ұсынсын;".
3. Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң "Қазақстан Республикасында этил спиртiн және алкогольдi өнiм өндiрудi, импорттауды және сатуды тәртiпке келтiру жөнiндегi шаралар туралы" 1997 жылғы 14 ақпандағы N 217
қаулысына
(Қазақстан Республикасының ПYАЖ-ы, 1997 ж., N 7, 52-құжат):
3-тармақтағы "Қазақстан Республикасының Стандарттау, метрология және сертификаттау жөнiндегi комитетi" деген сөздер "Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк кiрiс министрлiгiнiң Алкоголь өнiмiн өндiрудi және оның айналымын мемлекеттiк бақылау жөнiндегi комитетi" деген сөздермен ауыстырылсын.
4. Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң "Алкогольдi өнiм өндiру мен оның айналымын бақылауды жүзеге асыруды қамтамасыз етушi органдардың өзара iс-қимылының және осы саладағы құқық бұзушылықтардың жолын кесудiң тәртiбiн бекiту туралы" 1997 жылғы 26 мамырдағы N 882
қаулысына
(Қазақстан Республикасының ПYАЖ-ы, 1997 ж., N 22, 197-құжат ):
1) тақырыбындағы "тәртiбiн" деген сөз "ережесiн" деген сөзбен ауыстырылсын;
2) екiншi абзацтағы "тәртiбi" деген сөз "ережесi" деген сөзбен ауыстырылсын.
3) көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Алкогольдi өнiм өндiру мен оның айналымын бақылауды жүзеге асыруды қамтамасыз етушi органдардың өзара iс-қимылының және осы саладағы құқық бұзушылықтардың жолын кесудiң тәртiбiнде:
тақырыбындағы "ТӘРТIБI" деген сөз "ЕРЕЖЕСI" деген сөзбен ауыстырылсын;
1-тармақтағы "Осы Тәртiп" деген сөздер "Осы Ереже" деген сөздермен ауыстырылсын;
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк кiрiс министрлiгi Алкоголь өнiмiн өндiрудi және оның айналымын мемлекеттiк бақылау жөнiндегi комитетiнiң, Салық полициясы комитетiнiң, Кеден комитетiнiң, Салық комитетiнiң органдары, Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгiнiң органдары, Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрлiгiнiң органдары, Қазақстан Республикасы Статистика және талдау жөнiндегi ұлттық агенттiгiнiң органдары, Қазақстан Республикасының Энергетика, индустрия және сауда министрлiгi Стандарттау, метрология және сертификаттау жөнiндегi комитетiнiң органдары, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкiмдерi аталған Ереженiң талаптары қолданылатын бақылаушы органдар болып табылады";
5-тармақта:
"Қазақстан Республикасы Экономика және сауда министрлiгiнiң Стандарттау, метрология және сертификаттау жөнiндегi агенттiгi" деген сөздер "Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк кiрiс министрлiгiнiң Алкоголь өнiмiн өндiрудi және оның айналымын мемлекеттiк бақылау жөнiндегi комитетi" деген сөздермен ауыстырылсын;
"Мемлекеттiк тергеу комитетiне" деген сөздер "Мемлекеттiк кiрiс министрлiгiнiң Салық полициясы комитетiне" деген сөздермен ауыстырылсын;
"Мемлекеттiк кеден комитетiне" деген сөздер "Мемлекеттiк кiрiс министрлiгiнiң Кеден комитетiне" деген сөздермен ауыстырылсын;
6-тармақта:
бiрiншi абзацтағы "басқа құжаттарсыз" деген сөздерден кейiн "сондай-ақ белгiленбеген орындарда" деген сөздермен толықтырылсын;
екiншi абзацтағы "Қазақстан Республикасы Экономика және сауда министрлiгiнiң Стандарттау, метрология және сертификаттау жөнiндегi агенттiгi" деген сөздер "Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк кiрiс министрлiгiнiң Алкоголь өнiмiн өндiрудi және оның айналымын мемлекеттiк бақылау жөнiндегi комитетi" деген сөздермен ауыстырылсын;
7-тармақта:
"Қазақстан Республикасы Экономика және сауда министрлiгiнiң стандарттау метрология және сертификаттау жөнiндегi органдарына" деген сөздер "Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк кiрiс министрлiгiнiң Алкоголь өнiмiн өндiрудi және оның айналымын мемлекеттiк бақылау жөнiндегi комитетiне" деген сөздермен ауыстырылсын;
"Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк кеден комитетiнiң" деген сөздер "Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк кiрiс министрлiгi Кеден комитетiнiң" деген сөздермен ауыстырылсын;
5.
(Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2008.06.12.
N 578
(қолданысқа енгізілу тәртібін
3-тармақтан
қараңыз) Қаулысымен).
6. Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң "Қазақстан Республикасында фармацевтикалық өнiм өндiрудi дамытуды мемлекеттiк қолдау туралы" 1997 жылғы 18 шiлдедегi N 1137
қаулысына
(Қазақстан Республикасының ПYАЖ-ы, 1997 ж., N 33, 302-құжат):
4-тармақтағы "Қазақстан Республикасының Экономика және сауда министрлiгiне" деген сөздер "Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк кiрiс министрлiгiнiң Алкоголь өнiмiн өндiрудi және оның айналымын мемлекеттiк бақылау жөнiндегi комитетiне" деген сөздермен ауыстырылсын;
"Денсаулық сақтау" деген сөздер "Бiлiм, мәдениет және денсаулық сақтау" деген сөздермен ауыстырылсын.
7. <*>
ЕСКЕРТУ. 7-тармақ күшін жойды - ҚР Үкіметінің 1999.08.27. N 1258
қаулысымен
.
8.<*>
ЕСКЕРТУ. 8-тармақ күшін жойды - ҚР Үкіметінің 1999.09.21. N 1433
қаулысымен
.
9. <*>
ЕСКЕРТУ. 9-тармақ күшін жойды
-
ҚР Үкіметінің 2004.06.24. N 695
қаулысымен
.
10. Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң "ҚазАлкоОрталық" республикалық мемлекеттiк кәсiпорнын құру туралы" 1998 жылғы 30 сәуiрдегi N 396
қаулысына
(Қазақстан Республикасының ПYАЖ-ы, 1998 ж., N 13, 114-құжат):
2,3-тармақтардағы "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Алкоголь өнiмдерiн өндiру мен оның айналымына мемлекеттiк бақылау жасау жөнiндегi комитетi" деген сөздер "Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк кiрiс министрлiгiнiң Алкоголь өнiмiн өндiрудi және оның айналымын мемлекеттiк бақылау жөнiндегi комитетi" деген сөздермен ауыстырылсын;
11. <*>
ЕСКЕРТУ. 11-тармақтың күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2000.01.28. N 137
қаулысымен
.