Қазақстан Республикасының Үкіметі Қаулы етеді:
1. Шаруашылық жүргізу құқығындағы "ЕС Қазақстан энергетика орталығы" республикалық мемлекеттік кәсіпорны құрылсын.
2. Қазақстан Республикасының Энергетика, индустрия және сауда министрлігі мемлекеттік басқарудың уәкілетті органы, сондай-ақ шаруашылық жүргізу құқығындағы "ЕС Қазақстан энергетика орталығы" республикалық мемлекеттік кәсіпорнына қатысты мемлекеттік меншік құқығы субъектісінің функцияларын жүзеге асыратын орган болып белгіленсін.
3. Мемлекеттік басқарудың уәкілетті органы шаруашылық жүргізу құқығындағы "ЕС Қазақстан энергетика орталығы" республикалық мемлекеттік кәсіпорнының жарғысын бекітсін.
4. Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың тізбесі туралы" 1996 жылғы 25 маусымдағы N 790 P960790_ қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1996 ж., N 29, 256-құжат) мынадай толықтыру енгізілсін:
аталған қаулымен бекітілген Республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың
тізбесінде:
мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 106а-жолмен толықтырылсын:
"106а. Шаруашылық жүргізу құқығындағы "ЕС Қазақстан энергетика
орталығы" республикалық мемлекеттік кәсіпорны".
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Оқығандар:
Орынбекова Д.К.
Қобдалиева Н.М.