"ЕС Қазақстан энергетика орталығы" республикалық мемлекеттік кәсіпорнын құру туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы 1998 жылғы 31 желтоқсан N 1358

Жаңартылған

      Қазақстан Республикасының Үкіметі Қаулы етеді:
      1. Шаруашылық жүргізу құқығындағы "ЕС Қазақстан энергетика орталығы" республикалық мемлекеттік кәсіпорны құрылсын.
      2. Қазақстан Республикасының Энергетика, индустрия және сауда министрлігі мемлекеттік басқарудың уәкілетті органы, сондай-ақ шаруашылық жүргізу құқығындағы "ЕС Қазақстан энергетика орталығы" республикалық мемлекеттік кәсіпорнына қатысты мемлекеттік меншік құқығы субъектісінің функцияларын жүзеге асыратын орган болып белгіленсін.
      3. Мемлекеттік басқарудың уәкілетті органы шаруашылық жүргізу құқығындағы "ЕС Қазақстан энергетика орталығы" республикалық мемлекеттік кәсіпорнының жарғысын бекітсін.
      4. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 05.08.2013 № 796 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі