Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 27 маусымдағы N 1031 және 1997 жылғы 30 маусымдағы N 1037 қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы 1998 жылғы 29 желтоқсан N 1351

Қолданыстағы
      Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің мынадай шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      1) Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Қазақстан Республикасында этил спирті мен арақ импортын лицензиялау туралы" 1997 жылғы 27 маусымдағы N 1031 P971031_ қаулысына (Қазақстан Республикасы Үкіметінің ПҮАЖ-ы, 1997 ж., N 29, 263-құжат):
      тақырыбындағы, мәтініндегі "арақ", "арақты", "арақтың" деген сөздер "алкогольді өнімдер (сырадан басқа)" деген сөздермен ауыстырылсын;
      3-тармақта:
      бірінші абзацтағы "сатудың" деген сөз "өндірудің" деген сөзбен ауыстырылсын;
      екінші абзацтағы "Қаржы министрлігі" деген сөздер "Мемлекеттік кіріс министрлігі" деген сөздермен ауыстырылсын;
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасында этил спирті мен арақтың импортын лицензиялаудың тәртібі туралы ережеде:
      тақырыбындағы, мәтініндегі "арақтың" деген сөз "алкогольді өнімнің (сырадан басқа)" деген сөздермен ауыстырылсын;
      3-тармақтың екінші абзацындағы "Экономика және сауда министрлігі" деген сөздер "Мемлекеттік кіріс министрлігінің Алкогольді өнімді өндіру мен олардың айналымына мемлекеттік бақылау жасау жөніндегі комитеті" деген сөздермен ауыстырылсын;
      4-тармақтың бірінші абзацында:
      в)-тармақшасының үшінші абзацындағы "(патент)" деген сөз алынып тасталсын;
      д)-тармақшасындағы "өндірісіне" деген сөзден кейін "немесе этил спиртін сақтауға және сатуға" деген сөздермен толықтырылсын;
      мынадай мазмұндағы ж)-тармақшасымен толықтырылсын:
      "ж) алкогольді өнімнің импорты кезінде алкогольді өнімді (сырадан басқа) сақтауға және көтерме сатуға арналған лицензиясы.";
      екінші абзацтағы "в", "д"-тармақшаларындағы" деген сөздерден кейін "ж" әрпімен толықтырылсын;
      5-тармақтың екінші абзацындағы "кешікпей" деген сөзден кейін "ал

шағын кәсіпкерлік субъектілері үшін - он күндік мерзімнен кешікпей" деген 
сөздермен толықтырылсын;
     2) Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Қазақстан Республикасында 
тауарлардың (жұмыстардың, қызмет көрсетулердің) экспорты мен импортын 
лицензиялау туралы" 1997 жылғы 30 маусымдағы N 1037  

P971037_

  қаулысына 
(Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1997 ж., N 29, 266-құжат):
     2,3,4-тармақтардағы "арақтардың" деген сөз "алкогольді өнімдердің 
(сырадан басқа)" деген сөздермен ауыстырылсын;
     көрсетілген қаулыға 5-қосымшада:
     "Этил спирті 220710000, 220720000, 220890910, 220890990" және "Арақ 
220860110, 220860190, 220860910, 220860990" деген жолдар алынып тасталсын;
     мынадай мазмұндағы жолдармен толықтырылсын:
     "Шарап 2204, 2205, 2206
     Этил спирті 2207
     Толық бабына келтірілмеген, спиртінің көлемі 80 об.%-тен төмен этил 
спирті; спиртті тұнбалар, ликерлер және басқа да спиртті ішімдіктер 2208".
     2. Осы қаулы 1999 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енеді және 
жариялануға жатады.
     
     Қазақстан Республикасының
        Премьер-Министрі
     
   Оқығандар:     
  Қобдалиева Н.
  Икебаева А.