1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің мынадай шешімдеріне өзгерістер енгізілсін:
1) "Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 17 сәуірдегі N 2201 K952201_ қаулысын жүзеге асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1995 жылғы 29 желтоқсандағы N 1894 P951894_ қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1995 ж., N 41, 515-құжат):
аталған қаулының қосымшасында:
атауындағы "оның ішінде патент түрінде" деген сөздер алынып тасталсын;
реттік нөмірі 18-жол мынадай редакцияда жазылсын:
"18. Қазақстан Республикасының Республиканың бүкіл
Мемлекеттік кіріс министрлігі аумағында лотереяларды
(мемлекеттік(ұлттық)
лотереялардан басқа)
ұйымдастыру мен өткізу".
2) "Қазақстан Республикасы Президентінің 1996 жылғы 18 қарашадағы N 3223 өкімін жүзеге асыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 27 қаңтардағы N 103 P970103_ қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1997 ж., N 2, 22-құжат):
аталған қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасында Ұлттық лотереяларды ұйымдастыру және өткізу жөніндегі Кеңес туралы ережеде:
4-тармақтың бесінші және алтыншы абзацтары алынып тасталсын;
5-тармақтың бесінші және алтыншы абзацтары алынып тасталсын.
3) "Заңды тұлғаларға Қазақстан Республикасының аумағында лотереялар (мемлекеттік (ұлттық) лотереялардан басқа) ұйымдастыруға және өткізуге мемлекеттік лицензиялар беру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 9 шілдедегі N 653 P980653_ қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1998 ж., N 22, 191-құжат):
2-тармақ алынып тасталсын. 2. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кіріс министрлігі бір ай мерзім ішінде Қазақстан Республикасында лотереяларды (мемлекеттік (ұлттық) лотереялардан басқа) ұйымдастырумен және өткізумен байланысты қызметті лицензиялаудың тәртібі туралы ережені әзірлеп, заңдарда белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Үкіметінің бекітуіне енгізсін. 3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі