Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің мынадай шешімдеріне өзгерістер енгізілсін:
1) "Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 17 сәуірдегі N
2201
қаулысын жүзеге асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1995 жылғы 29 желтоқсандағы N
1894
қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1995 ж., N 41, 515-құжат):
аталған қаулының қосымшасында:
атауындағы "оның ішінде патент түрінде" деген сөздер алынып тасталсын;
реттік нөмірі 18-жол мынадай редакцияда жазылсын:
"18. Қазақстан Республикасының Республиканың бүкіл
Мемлекеттік кіріс министрлігі аумағында лотереяларды
(мемлекеттік(ұлттық) лотереялардан басқа) ұйымдастыру
мен өткізу".
2) <*>
Ескерту. 2)-тармақшаның күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2005.08.19. N
857
қаулысымен.
2. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кіріс министрлігі бір ай мерзім ішінде Қазақстан Республикасында лотереяларды (мемлекеттік (ұлттық) лотереялардан басқа) ұйымдастырумен және өткізумен байланысты қызметті лицензиялаудың тәртібі туралы ережені әзірлеп, заңдарда белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Үкіметінің бекітуіне енгізсін.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі