1. Еркін кеден аймақтарында және еркін қоймаларда алкогольді өнімдердің өндірісінде қолданылатын және еркін кеден аймақтары мен еркін қоймалар режимдерінде ресімделген тауарларды өңдеу жөніндегі операцияларды жүргізуге тыйым салынсын.
2. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кіріс министрлігінің Кеден комитеті бір ай мерзім ішінде Қазақстан Республикасының Үкіметіне "Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 20 шілдедегі N 2368 заң күші бар Жарлығына еркін кеден аймақтарында және еркін қоймаларда Қазақстан Республикасының Кеден заңдарында белгіленген өлшемдерге сәйкес жеткілікті өңделмеген тауарларды сатуға тыйым салуды көздейтін өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
ұсыныс енгізетін болсын. 3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кіріс министрлігіне жүктелсін. 4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі