1. Қазақстан Республикасының Азаматтық авиация мен эксперименттік авиация әуе кемелерінің ұшу қауіпсіздігін қадағалау жөніндегі мемлекеттік авиация инспекциясы (Мемавиақадағалау), Кеме қатынасы мен теңізде жүзудің қауіпсіздігі бас инспекциясы Жоғары Ертіс кеме қатынасы қауіпсіздігі бассейндік инспекциясы, Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрлігінің жанындағы Қазақстан Республикасының Теңіз және өзен регистрі, Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникациялар министрлігі Қазақстан Республикасының Көлік инспекциясы, Республикалық мемлекеттік электр байланысы инспекциясы, "Қазақстан Республикасының радио жиілігі спектрін тарату мен пайдалану жөніндегі бюро" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны, оларды біріктіру жолымен Қазақстан Республикасының Көліктік бақылау комитеті болып қайта ұйымдастырылсын.
2. <*>
ЕСКЕРТУ.2-тармақ күшін жойды - ҚР Үкіметінің 1999.09.08. N 1334
қаулысымен. P991334_
3. Қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.
4. Мыналардың күші жойылған деп танылсын:
1) Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің "Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрлігінің Көлік инспекциясы туралы ережені бекіту туралы" 1993 жылғы 5 сәуірдегі N 257 P930257_ қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1993 ж., N 10, 125-құжат);
2) Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Қазақстан Республикасы Президентінің 1998 жылғы 27 сәуірдегі N 3928 Жарлығын іске асыру туралы" 1998 жылғы 9 шілдедегі N 651 P980651_ қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 5-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1998 ж, N 22, 190-құжат);
3) Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Қазақстан Республикасының
Азаматтық және эксперименттік авиация әуе кемелерінің ұшу қауіпсіздігін қадағалау жөніндегі мемлекеттік авиациясы (Мемавиақадағалау) және Қазақстан Республикасының мемлекеттік авиациялық регистрі (Мемавиарегистр) туралы" 1998 жылғы 21 қаңтардағы N 31 қаулысының 1-тармағының екінші абзацы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1998 ж., N 1,9-құжат). 5. Осы қаулы 1999 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енеді және жариялауға жатады. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 23 желтоқсандағы N 1322 қаулысына қосымша Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар
1. Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің "Қазақстан Республикасының аумағында радиоэлектрондық құралдары және жоғары жиіліктегі құрылғыларды алу, жобалау, жасау (орнату), пайдалану және шет елдерден әкелу тәртібі туралы ережені бекіту туралы" 1992 жылғы 9 қазандағы N 851 P920851_ қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1992 ж., N 39, 588-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының аумағында радиоэлектрондық құралдары және жоғары жиіліктегі құрылғыларды алу, жобалау, жасау (орнату), пайдалану және шет елдерден әкелу тәртібі туралы ережеде:
мәтін бойынша "Қазақстан Республикасы Байланыс министрлігінің Мемлекеттік электр байланысы инспекциясының", "Қазақстан Республикасы Байланыс министрлігінің Мемлекеттік электр байланыс инспекциясымен" деген сөздер "Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрлігінің Көліктік бақылау комитетінің", "Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрлігінің Көліктік бақылау комитетімен" деген сөздермен ауыстырылсын;
14, 15, 16, 17, 18, 19-тармақтар алынып тасталсын.
2. Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің "Қазақстан Республикасының мемлекеттік ішкі су жолдары туралы ережені бекіту туралы" 1994 жылғы 21 желтоқсандағы N 1429 P941429_ қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1994 ж., N 48, 536-құжат):
Қазақстан Республикасының мемлекеттік ішкі су жолдары туралы ережеге:
6-тармақтың екінші абзацындағы және 9-тармақтағы "Кеме қатынасы мен теңізде жүзу қауіпсіздігінің Бас мемлекеттік инспекциясымен" деген сөздер "Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрлігінің Көліктік бақылау комитетімен" деген сөздермен ауыстырылсын;
11-тармақтағы "Министрліктің жанындағы Теңіз және Өзен Регистрі" деген сөздер "Министрліктің Көліктік бақылау комитеті" деген сөздермен ауыстырылсын;
12-тармақ алынып тасталсын.
3. Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 17 сәуірдегі N 2201 қаулысын жүзеге асыру туралы" 1995 жылғы 29 желтоқсандағы N 1894 P951894_ қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1995 ж., N 41, 515-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Лицензиялауға жататын қызметтің түрлеріне, оның ішінде патент түрінде, лицензиялар беруге уәкілеттік берілген мемлекеттік органдардың (лицензиялардың) тізбесінде:
3-реттік нөмірлі 3-бағандағы "жолаушылар мен жүктерді темір жол,
теңіз, өзен, әуе көліктермен тасымалдау, жолаушылар мен жүктерді автомобиль көлігімен халықаралық тасымалдау; қауіпті жүктерді көліктің барлық түрлерімен тасымалдау; авиациялық жұмыстар; әуежайлардағы әуе кемелеріне, жолаушылар мен жүктерге қызмет көрсетуге әуежайлық қызмет" деген сөздер алынып тасталсын; мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 28-жолмен толықтырылсын: "28. Қазақстан Респуб. жолаушылар мен жүктерді темір жол, теңіз, ликасы Көлік және өзен, әуе көліктерімен тасымалдау, жолаушылар коммуникациялар ми. мен жүктерді автомобиль көлігімен халықаралық нистрлігінің Көліктік тасымалдау; қауіпті жүктерді көліктің барлық бақылау комитеті түрлерімен тасымалдау; авиациялық жұмыстар; әуежайлардағы әуе кемелеріне, жолаушылар мен жүктерге қызмет көрсетуге әуежайлық қызмет".
4. Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың тізбесін бекіту туралы" 1996 жылғы 25 маусымдағы N 790 P960790_ қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1996 ж., N 29, 256-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың тізбесінде, 56-жолдағы "Республикалық мемлекеттік электр байланысы инспекциясы (шаруашылық жүргізу құқығында) Алматы қаласы" деген жол алынып тасталсын.
5. Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Қазақстан Республикасының Радиожиіліктері жөніндегі мемлекеттік ведомствоаралық комиссиясы туралы ережені бекіту туралы" 1996 жылғы 21 қарашадағы N 1418 P961418_ қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1996 ж., N 47, 459-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Радиожиіліктері жөніндегі мемлекеттік ведомствоаралық комиссиясы туралы ережеде:
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Радиожиіліктер жөніндегі комиссия өз қызметін Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрлігінің Көліктік бақылау комитетімен бірлесіп жүзеге асырады".
19-тармақтағы "Радиожиілік спектрін бөлу және пайдалану жөніндегі бюро" деген сөздер "Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрлігінің Көліктік бақылау комитетінің" деген сөздермен ауыстырылсын;
23-тармақ алынып тасталсын.
6. Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Қазақстан Республикасында почта байланысы және телекоммуникациялар, радиожиілік спектрін пайдалану саласында кәсіпкерлік қызметті лицензиялаудың тәртібі туралы ережені бекіту туралы" 1996 жылғы 25 қарашадағы N 1443 P961443_ қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1996 ж., N 48, 469-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасындағы почта байланысы және телекоммуникациялар, радиожиілік спектрін пайдалану саласында кәсіпкерлік қызметті лицензиялаудың тәртібі туралы ережеде:
44-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"44. Жергілікті жерлердегі лицензиаттардың лицензия шарттарын
сақтауын бақылауды заңдарда белгіленген тәртіппен, лицензиар бекіткен жоспарлар мен кестелерге сәйкес, сондай-ақ анықталған тәртіп бұзу фактілері бойынша немесе арызданушылардың шағымдары бойынша лицензиардың нұсқауымен Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрлігінің Көліктік бақылау комитеті жүзеге асырады". 7. <*> ЕСКЕРТУ.7-тармағының күші жойылды - ҚР Үкіметінің 1999.09.13. N 1387 қаулысымен. P991387_ 8. <*> 9. <*> ЕСКЕРТУ. 8-9-тармақтардың күші жойылды - ҚР Үкіметінің 1999.09.21. N 1433 қаулысымен. P991433_ 10. Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Мемлекеттік мұқтаждықтар үшін радиожиілік спектрін пайдаланудың тәртібі туралы" 1998 жылғы 9 шілдедегі N 652 P980652_ қаулысына: 8-тармақтағы "Республикалық мемлекеттік электр байланысы инспекциясын" деген сөздер "Көліктік бақылау комитетін" деген сөздермен ауыстырылсын. Оқығандар: Орынбекова Д.К. Кобдалиева Н.М.