Қазақстан Республикасының аумағында радиоэлектронды құралдар мен жоғары жиілікті құрылғыларды пайдалануға қосуға байланысты төлемдерді қоса алғанда, Қазақстан Республикасының радиожиілік ресурсын пайдалану үшін ақы белгілеу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы 1999 жылғы 13 қыркүйек N 1387. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2001.06.15. N 825 қаулысымен. ~P010825

      Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді: 
      1. Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары бiлiм министрлiгі Аэроғарыш комитетiнiң мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылдың 11 тамыздағы N 1131  қаулысына  мынадай өзгерiстер енгізсiн: 
      1) 1-тармақтың 2) тармақшасы алынып тасталсын; 
      2) көрсетiлген қаулымен бекiтілген Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары бiлiм министрлiгінiң Аэроғарыш комитетi туралы ережеде:
      16-тармақтың екiншi абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      "Төрағаның оның ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары бiлiм министрi қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын екi орынбасары, оның ішінде төрағаның бiр орынбасары - "Байқоңыр" космос айлағы басқармасының бастығы, болады.";
      18-тармақтың 1) тармақшасындағы "өзiнiң орынбасары" деген сөздер "өзiнiң орынбасарлары" деген сөздермен ауыстырылсын.
      2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі