ЕСКЕРТУ. Қаулының атауындағы және мәтініндегі "Көлік және коммуникациялар министрлігінің" деген сөздер "Көлік, коммуникациялар және туризм министрлігінің" деген сөздермен ауыстырылды - ҚР Үкіметінің 1999.04.01. N 355 қаулысымен .
Елдің көлік-коммуникация кешені жүйесіндегі бақылау-қадағалау функцияларын реттеу мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасының Азаматтық авиация мен эксперименттік авиация әуе кемелерінің ұшу қауіпсіздігін қадағалау жөніндегі мемлекеттік авиация инспекциясы (Мемавиақадағалау), Кеме қатынасы мен теңізде жүзудің қауіпсіздігі бас инспекциясы Жоғары Ертіс кеме қатынасы қауіпсіздігі бассейндік инспекциясы, Қазақстан Республикасы Көлік, коммуникациялар және туризм министрлігінің жанындағы Қазақстан Республикасының Теңіз және өзен регистрі, Қазақстан Республикасының Көлік, коммуникациялар және туризм министрлігі Қазақстан Республикасының Көлік инспекциясы, Республикалық мемлекеттік электр байланысы инспекциясы, "Қазақстан Республикасының радио жиілігі спектрін тарату мен пайдалану жөніндегі бюро" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны, оларды біріктіру жолымен Қазақстан Республикасының Көліктік бақылау комитеті болып қайта ұйымдастырылсын.
2.<*>
ЕСКЕРТУ.2-тармақ күшін жойды - ҚР Үкіметінің 1999.09.08. N 1334
қаулысымен
.
3. Қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.
4. Мыналардың күші жойылған деп танылсын:
1) Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің "Қазақстан Республикасы Көлік, коммуникациялар және туризм министрлігінің Көлік инспекциясы туралы ережені бекіту туралы" 1993 жылғы 5 сәуірдегі N 257
қаулысы
(Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1993 ж., N 10, 125-құжат);
2) Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Қазақстан Республикасы Президентінің 1998 жылғы 27 сәуірдегі N 3928 Жарлығын іске асыру туралы" 1998 жылғы 9 шілдедегі N 651
қаулысымен
бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 5-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1998 ж, N 22, 190-құжат);
3) Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Қазақстан Республикасының Азаматтық және эксперименттік авиация әуе кемелерінің ұшу қауіпсіздігін қадағалау жөніндегі мемлекеттік авиациясы (Мемавиақадағалау) және Қазақстан Республикасының мемлекеттік авиациялық регистрі (Мемавиарегистр) туралы" 1998 жылғы 21 қаңтардағы N 31 қаулысының 1-тармағының екінші абзацы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1998 ж., N 1,9-құжат).
5. Осы қаулы 1999 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енеді және жариялауға жатады.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар
1. Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің "Қазақстан Республикасының аумағында радиоэлектрондық құралдары және жоғары жиіліктегі құрылғыларды алу, жобалау, жасау (орнату), пайдалану және шет елдерден әкелу тәртібі туралы ережені бекіту туралы" 1992 жылғы 9 қазандағы N 851
қаулысына
(Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1992 ж., N 39, 588-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының аумағында радиоэлектрондық құралдары және жоғары жиіліктегі құрылғыларды алу, жобалау, жасау (орнату), пайдалану және шет елдерден әкелу тәртібі туралы ережеде:
мәтін бойынша "Қазақстан Республикасы Байланыс министрлігінің Мемлекеттік электр байланысы инспекциясының", "Қазақстан Республикасы Байланыс министрлігінің Мемлекеттік электр байланыс инспекциясымен" деген сөздер "Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрлігінің Көліктік бақылау комитетінің", "Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрлігінің Көліктік бақылау комитетімен" деген сөздермен ауыстырылсын;
14, 15, 16, 17, 18, 19-тармақтар алынып тасталсын.
2. <*>
Ескерту. 2-тармақтың күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2006.07.07. N
646
қаулысымен.
3. Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 17 сәуірдегі N 2201 қаулысын жүзеге асыру туралы" 1995 жылғы 29 желтоқсандағы N 1894
қаулысына
(Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1995 ж., N 41, 515-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Лицензиялауға жататын қызметтің түрлеріне, оның ішінде патент түрінде, лицензиялар беруге уәкілеттік берілген мемлекеттік органдардың (лицензиялардың) тізбесінде:
3-реттік нөмірлі 3-бағандағы "жолаушылар мен жүктерді темір жол, теңіз, өзен, әуе көліктермен тасымалдау, жолаушылар мен жүктерді автомобиль көлігімен халықаралық тасымалдау; қауіпті жүктерді көліктің барлық түрлерімен тасымалдау; авиациялық жұмыстар; әуежайлардағы әуе кемелеріне, жолаушылар мен жүктерге қызмет көрсетуге әуежайлық қызмет" деген сөздер алынып тасталсын;
мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 28-жолмен толықтырылсын:
"28. Қазақстан Респуб. жолаушылар мен жүктерді темір жол, теңіз,
ликасы Көлік және өзен, әуе көліктерімен тасымалдау,
коммуникациялар ми. жолаушылар мен жүктерді автомобиль
нистрлігінің Көліктік көлігімен халықаралық тасымалдау; қауіпті
бақылау комитеті жүктерді көліктің барлық түрлерімен
тасымалдау; авиациялық жұмыстар;
әуежайлардағы әуе кемелеріне, жолаушылар
мен жүктерге қызмет көрсетуге әуежайлық
қызмет".
4. Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың тізбесін бекіту туралы" 1996 жылғы 25 маусымдағы N 790
қаулысына
(Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1996 ж., N 29, 256-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың тізбесінде, 56-жолдағы "Республикалық мемлекеттік электр байланысы инспекциясы (шаруашылық жүргізу құқығында) Алматы қаласы" деген жол алынып тасталсын.
5. <*>
ЕСКЕРТУ. 5-тармағының күші жойылды - Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 2002 жылғы 21 мамырдағы N 543
қаулысымен
.
6. <*>
ЕСКЕРТУ. 6-тармағының күші жойылды - Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 2004.09.29. N 998
қаулысымен
.
7. <*>
ЕСКЕРТУ.7-тармағының күші жойылды - ҚР Үкіметінің 1999.09.13. N 1387
қаулысымен
.
8.<*>
9.<*>
ЕСКЕРТУ. 8-9-тармақтардың күші жойылды - ҚР Үкіметінің 1999.09.21. N 1433
қаулысымен
.
10. Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Мемлекеттік мұқтаждықтар үшін радиожиілік спектрін пайдаланудың тәртібі туралы" 1998 жылғы 9 шілдедегі N 652
қаулысына
:
8-тармақтағы "Республикалық мемлекеттік электр байланысы инспекциясын" деген сөздер "Көліктік бақылау комитетін" деген сөздермен ауыстырылсын.