Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 19 наурыздағы N 231 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы 1998 жылғы 23 желтоқсан N 1319. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002.05.29. N 594 қаулысымен. ~P020594

Күшін жойған

      Қазақстан Республикасының Үкіметі Қаулы етеді:
      "Шет елдермен ынтымақтастық жөніндегі бірлескен үкіметаралық комиссиялардың жұмысын жандандыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 19 наурыздағы N 231 P980231_ қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1998 ж., N 8, 56-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:

 

     аталған қаулының 1-қосымшасында:

     шет елдермен ынтымақтастық жөніндегі бірлескен үкіметаралық

комиссиялардың тең төрағаларының құрамына:

     Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің басшысы Алтай

Абылайұлы Тілеубердин Сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық және мәдени

ынтымақтастық жөніндегі қазақстан-сауд комиссиясына енгізілсін;

     Әлихан Мұхамедияұлы Байменов аталған құрамнан шығарылсын.


     Қазақстан Республикасының

        Премьер-Министрі