Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 19 наурыздағы N 231 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы 1998 жылғы 23 желтоқсан N 1319

Қолданыстағы
      Қазақстан Республикасының Үкіметі Қаулы етеді:
      "Шет елдермен ынтымақтастық жөніндегі бірлескен үкіметаралық комиссиялардың жұмысын жандандыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 19 наурыздағы N 231 P980231_ қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1998 ж., N 8, 56-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:

     аталған қаулының 1-қосымшасында:
     шет елдермен ынтымақтастық жөніндегі бірлескен үкіметаралық 
комиссиялардың тең төрағаларының құрамына:
     Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің басшысы Алтай 
Абылайұлы Тілеубердин Сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық және мәдени 
ынтымақтастық жөніндегі қазақстан-сауд комиссиясына енгізілсін;
     Әлихан Мұхамедияұлы Байменов аталған құрамнан шығарылсын.
     
     Қазақстан Республикасының
        Премьер-Министрі