1. Қазақстан Республикасының Энергетика, индустрия және сауда министрлігі Қазақстан Республикасының Білім, мәдениет және денсаулық сақтау министрлігімен келісім бойынша республикаға ізгілік көмек желісі бойынша әкелінетін дәрі-дәрмектердің импортына, Қазақстан Республикасы заңдарының талаптарын сақтай отырып, бес күн мерзім ішінде лицензиялар берсін.
2. Қазақстан Республикасы Үкіметінің мынадай шешімдеріне өзгерістер енгізілсін:
1) Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің "Жекелеген қызмет түрлерімен айналысу құқығы үшін лицензия алымын төлеудің тәртібі туралы Ережені бекіту туралы" 1995 жылғы 16 тамыздағы N 1127 P951127_ қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1995 ж., N 28, 337-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Жекелеген қызмет түрлерімен айналысу құқығы үшін лицензия алымын төлеудің тәртібі туралы Ережеде:
3-тармақ мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
"Ізгілік көмек желісі бойынша дәрі-дәрмектердің импорты үшін кәсіпкерлік қызметтің жекелеген түрлерімен айналысу құқығына арналған алымның нөлдік ставкасы белгіленеді";
2) Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Қазақстан Республикасында тауарлардың (жұмыстардың, қызмет көрсетулердің) экспорты мен импортын лицензиялау туралы" 1997 жылғы 30 маусымдағы N 1037 P971037_ қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1997 ж., N 29, 266-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Импорты лицензия бойынша жүзеге
асырылатын тауарлардың тізбесінде: 1-бағандағы "дәрі-дәрмектер, медициналық техника", деген сөздерден кейін "(республикаға ізгілік көмек желісі бойынша импортталған медициналық техниканы қоспағанда") деген сөздермен толықтырылсын. 3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және жариялауға жатады. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі