Ескерту. Қаулының күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2008 жылғы 12 маусымдағы N 578 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз) Қаулысымен.
Халықтың денсаулығын қорғау аясында мемлекетке, ұйымдарға және азаматтарға ізгілік көмек көрсету саласындағы процестердің дамуын қолдау мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі Қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасының Энергетика, индустрия және сауда министрлігі Қазақстан Республикасының Білім, мәдениет және денсаулық сақтау министрлігімен келісім бойынша республикаға ізгілік көмек желісі бойынша әкелінетін дәрі-дәрмектердің импортына, Қазақстан Республикасы заңдарының талаптарын сақтай отырып, бес күн мерзім ішінде лицензиялар берсін.
2. Қазақстан Республикасы Үкіметінің мынадай шешімдеріне өзгерістер енгізілсін:
1) <*>
2) Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Қазақстан Республикасында тауарлардың (жұмыстардың, қызмет көрсетулердің) экспорты мен импортын лицензиялау туралы" 1997 жылғы 30 маусымдағы N 1037
қаулысына
(Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1997 ж., N 29, 266-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Импорты лицензия бойынша жүзеге асырылатын тауарлардың тізбесінде:
1-бағандағы "дәрі-дәрмектер, медициналық техника", деген сөздерден кейін "(республикаға ізгілік көмек желісі бойынша импортталған медициналық техниканы қоспағанда") деген сөздермен толықтырылсын.
Ескерту. 1)-тармақшаның күші жойылды -
ҚР Үкіметінің 2006.01.06. N
168
қаулысымен.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және жариялауға жатады.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі