Қазақстан Республикасы Yкіметінің 1997 жылғы 24 шілдедегі N 1173 және 1998 жылғы 24 маусымдағы N 592 қаулыларына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Yкіметінің ҚАУЛЫСЫ »1998 жылғы 11 қараша N 1148

Қолданыстағы
      Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй бөлудің және жалдаудың тетігін жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      Қазақстан Республикасы Yкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер енгізілсін:
      1. "Ақмола қаласына көшірілуге жататын мемлекеттік органдар мен ұйымдардың қызметкерлеріне мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғын үйді жалдаудың үлгі шартын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Yкіметінің 1997 жылғы 24 шілдедегі N 1173 P971173_ қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1997 ж., N 34, 315-құжат):
      аталған қаулымен бекітілген, Ақмола қаласына көшірілуге жататын мемлекеттік органдар мен ұйымдардың қызметкерлеріне мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғын үйді жалдаудың үлгі шартында:
      атауындағы және мәтініндегі "Ақмола" деген сөздер "Астана" деген сөздермен ауыстырылсын;
      "VI. Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді сатып алу кезіндегі шарттар" деген тарау алынып тасталсын.
      2. "Республикалық бюджет есебінен ұсталатын және Астана қаласына қоныс аударған мемлекеттік органның орталық аппараты қызметкерінің өзі тұрып жатқан қызметтікке теңестірілетін тұрғын үйді сатып алу шартының нысанын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Yкіметінің 1998 жылғы 24 маусымдағы N 592 P980592_ қаулысында:

     аталған қаулымен бекітілген, Республикалық бюджет есебінен ұсталатын 
және Астана қаласына қоныс аударған мемлекеттік органның орталық аппараты 
қызметкерінің өзі тұрып жатқан қызметтікке теңестірілген тұрғын үйді сатып 
алу шартында:
     3-тармақтың бірінші абзацындағы "тұрғын үй берілгеннен кейін" деген 
сөздер "мемлекеттік органдардың орталық аппараттарының Тұрғын үймен 
қамтамасыз ету мәселелері жөніндегі комиссиялары" тұрғын үй беру жөнінде 
шешім қабылдаған сәттен бастап" деген сөздермен ауыстырылсын.
     
     
      Қазақстан Республикасының 
         Премьер-Министрі