Республикалық бюджет есебiнен ұсталатын және Астана қаласына қоныс аударған мемлекеттiк органның орталық аппараты қызметкерiнiң өзi тұрып жатқан қызметтiкке теңестiрiлген тұрғын үйдi сатып алу шартының нысанын бекiту туралы

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1998 жылғы 24 маусымдағы N 592 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 2 шілдедегі № 673 қаулысымен

      Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
      "Этил спиртi мен алкоголь өнiмiн өндiрудi, этил спиртiн сақтау мен сатуды, сондай-ақ алкоголь өнiмiн (сырадан басқа) сақтау мен көтерме сатуды лицензиялаудың тәртiбi мен шарттарын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1997 жылғы 31 шiлдедегi N 1195 P971195_ қаулысына (Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң ПҮАЖ-ы, 1997 ж., N 34, 323-құжат) мынадай толықтырулар енгiзiлсiн:
      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Этил спиртi мен алкоголь өнiмiн өндiрудi, этил спиртiн сақтау мен көтерме сатуды, сондай-ақ алкоголь өнiмiн (сырадан басқа) сақтау мен көтерме сатуды лицензиялаудың тәртiбi мен шарттары:
      мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:
      "2-1. Сауда алаңдары мен залдарын пайдалануды көздемейтiн тауар қоймаларынан жүргiзiлетiн сату, айырбастау, тегiн беру, сондай-ақ кепiлге салынған тауарларды кепiл ұстаушының меншiгiне беру мақсатында көлемi шектелместен еркiн тиеп-жөнелту алкогольдi өнiмдердi (сырадан басқа) көтерме сату болып табылады.";
     мынадай мазмұндағы 40-1 тармақпен толықтырылсын"
      "40-1. Алкогольдi өнiмдi (сырадан басқа) сақтауға және көтерме

сатуға лицензиялар 40-тармақта көзделген талаптардан басқа:
     шығындары және салықтар мен басқа да қаржылық мiндеттемелерi
бойынша мемлекеттiң алдында берешегi болмаған;
     сауда-делдалдық қызмет саласында кемiнде бiр жыл жұмыс
тәжiрибесi болған кезде берiледi.

     Қазақстан Республикасының
          Премьер-Министрi