Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 10 тамыздағы N 757 қаулысына толықтыру енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің ҚАУЛЫСЫ 1998 жылғы 10 қараша N 1143

Қолданыстағы
      Қазақстан Республикасының Президенті мен Премьер-Министрі қатысатын шараларды ұйымдастыруға байланысты мәселелерді жедел шешуді қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының ұялы байланысты пайдалануының тәртібі туралы" 1998 жылғы 10 тамыздағы N 757 P980757_ қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1998 ж., N 27, 230-құжат) мынадай толықтыру енгізілсін:
      1-тармақтағы "орталық атқарушы органдар департаменттерінің, агенттіктерінің, комитеттерінің басшыларына" деген сөздерден кейін "Қазақстан Республикасы Президентінің бірінші көмекшісіне, Қазақстан Республикасының Президенті Кеңсесінің меңгерушісіне, Қазақстан Республикасы Президентінің Хаттама бастығы мен Баспасөз хатшысына, Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Хатшылығының жетекшісіне, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Баспасөз қызметінің жетекшісіне, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің көмекшісіне" деген сөздермен толықтырылсын.
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
     Қазақстан Республикасының


         Премьер-Министр