Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 19 наурыздағы N 231 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің ҚАУЛЫСЫ 1998 жылғы 14 қазан. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002.05.29. N 594 қаулысымен ~P020594

Күшін жойған

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. "Шет елдермен ынтымақтастық жөніндегі бірлескен үкіметаралық комиссиялардың жұмысын жандандыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 19 наурыздағы N 231 P980231_ қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:

 

     аталған қаулының 1-қосымшасында:

     шет елдермен ынтымақтастық жөніндегі бірлескен үкіметаралық

комиссиялардың Қазақстан бөлігінің тең төрағаларының құрамына:

     Қазақстан Республикасының Инвестициялар жөніндегі мемлекеттік

комитетінің атқарушы директоры Ә.Ғ.Сәйденов Сауда-экономикалық

ынтымақтастық жөніндегі қазақстан-малайзия комиссиясына енгізілсін;

     С.М.Қанапиянов аталған құрамнан шығарылсын.

     2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.


     Қазақстан Республикасының

        Премьер-Министрі