Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 19 наурыздағы N 231 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің ҚАУЛЫСЫ 1998 жылғы 14 қазан N 1036

Қолданыстағы
      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. "Шет елдермен ынтымақтастық жөніндегі бірлескен үкіметаралық комиссиялардың жұмысын жандандыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 19 наурыздағы N 231 P980231_ қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:

     аталған қаулының 1-қосымшасында:
     шет елдермен ынтымақтастық жөніндегі бірлескен үкіметаралық 
комиссиялардың Қазақстан бөлігінің тең төрағаларының құрамына:
     Қазақстан Республикасының Инвестициялар жөніндегі мемлекеттік 
комитетінің атқарушы директоры Ә.Ғ.Сәйденов Сауда-экономикалық 
ынтымақтастық жөніндегі қазақстан-малайзия комиссиясына енгізілсін;
     С.М.Қанапиянов аталған құрамнан шығарылсын.
     2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
     
     Қазақстан Республикасының
        Премьер-Министрі