Қазақстан Республикасындағы сот-сараптама қызметін лицензиялау тәртібін және Сот сарапшыларының мемлекеттік тізілімін жүргізу тәртібін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 9 қазан N 1021 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 4 маусымдағы № 514 Қаулысымен

Күшін жойған

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2010.06.04 № 514 Қаулысымен

      "Лицензиялау туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 17 сәуірдегі N 2200 Заң күші бар Жарлығын (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., N 3-4, 34-құжат), "Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір Жарлықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1997 жылғы 23 желтоқсандағы N 2720 Заң күші бар Жарлығын (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің жаршысы, 1995 ж., N 24, 162-құжат) және "Сот сараптамасы туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 12 қарашадағы Заңын (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., 276-құжат) іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған:
      Сот сарапшыларының мемлекеттік тізілімін жүргізу тәртібі бекітілсін.
      Ескерту. 1-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2007.06.18 N 504 (2007 жылғы 9 тамыздан бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      2. Алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2007.06.18 N 504 (2007 жылғы 9 тамыздан бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

                       Қазақстан Республикасындағы
               Сот-сараптама қызметін лицензиялау
                           ТӘРТІБІ

      Ескерту. Алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2007.06.18. N 504 (2007 жылғы 9 тамыздан бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

                                          Қазақстан Республикасы
                                           Үкіметінің 1998 жылғы
                                                9 қазандағы
                                              N 1021 қаулысымен
                                                 бекітілген

           Сот сарапшыларының мемлекеттік тізілімін жүргізу
                                ТӘРТІБІ

      1. Сот сарапшыларының мемлекеттік тізілімін (бұдан әрі - Тізілім) қалыптастыру мен пайдаланудың тәртібін белгілейтін осы тәртіп "Сот сараптамасы туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 12 қарашадағы Заңының 18-бабына сәйкес әзірленді.

      2. Тізілімге Қазақстан Республикасы сот сараптамасы органдарының қызметкерлері болып табылатын, сот-сараптама қызметін жүзеге асыратын, сондай-ақ сот-сараптама қызметін жүзеге асыруға лицензия алған адамдар енгізілуге тиіс.

      3. Тізілім Қазақстан Республикасында сот-сараптама қызметін жүзеге асыруға құқығы бар адамдар туралы соттар мен анықтау және алдын-ала тергеу органдарының хабардар болуы мақсатында жасалады.

      4. Соттар мен анықтау және алдын ала тергеу органдары "Сот сараптамасы туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 12 қарашадағы Заңда көзделген жағдайларды қоспағанда Тізілімге енгізілген мамандарға сот сараптамасы ісін жүргізуді тапсыруы керек.
      Ескерту. 4-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 1999.05.15. N 578 қаулысымен.

       5. Тізілім осы Ережеде көзделген талаптарды ескере отырып ресімделген жеке тұлғалардың тізімі болып табылады.
      Ескерту. 5-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 1999.05.15. N 578 қаулысымен.

       6. Тізілім сот сарапшысы туралы мынадай мәліметтерді қамтиды:
      - тегі, аты, әкесінің аты;
      - білімі, ғылыми дәрежесі мен атағы;
      - сарапшы мамандығы (мамандықтары) туралы және біліктілік куәлігінің нөмірі мен берілген күні;
      - сот-сараптама қызметін жүзеге асыруға берілген лицензияның нөмірі мен берілген күні (сот сараптама органдарының қызметкерлері болып табылмайтын адамдар үшін);
      - сот сарапшысының жұмыс орны мен лауазымы;
      - сарапшылық мамандығы (мамандықтары) бойынша сот сарапшысының стажы.

      7. Тізілімді Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі жүргізеді.

      8. Сот сараптамасы органдарының қызметкерлері болып табылатын сот сарапшысы мамандығы бар адамдар туралы деректер Тізілімге олар Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Аттестациялық комиссиясында аттестациядан өткеннен кейін осы Комиссияның ұсынуымен енгізіледі.

      9. Сот сараптамасы органдарының қызметкерлері болып табылмайтын адамдар Тізілімге Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі жанындағы Сот-сараптама қызметін лицензиялау жөніндегі комиссияның ұсынуы бойынша олар сот-сараптама қызметін жүзеге асыру құқығына лицензия алған кезде енгізіледі.

      10. Сот сараптамасы органдарының қызметкерлері кезекті аттестациядан өтпеген жағдайда Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Аттестациялық комиссиясының ұсынуы бойынша Тізілімнен шығарылуға тиіс.

      11. Сот сараптамасы органдарының қызметкерлері болып табылмайтын адамдар олардың сот-сараптама қызметін жүзеге асыруға лицензиясы кері қайтарылған жағдайда Тізілімнен шығарылуға тиіс.

      12. Тізілім республиканың соттарына, анықтау және алдын-ала тергеу органдарына таратылады.