Қазақстан Республикасы Президентiнiң Қазақстан халқына Жолдауынан туындайтын тапсырмаларды iске асыру, сондай-ақ iшкi астық рыногын қорғау және ауыл шаруашылығы тауар өндiрушiлерiн 1999 жылдың астығына дәндi дақылдардың тұқымымен қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
1. "Шағын кәсіпкерлікті дамыту қоры" жабық акционерлiк қоғамына ауыл шаруашылығы тауар өндiрушiлерiнен (оның iшiнде жеке тұлғалардан да) 1 (бiр) миллион тонна азық-түлiктiк астық және дәндi дақылдардың тұқымын ішкі рынокта сатып алу үшiн "Азық-түлiк келiсiм-шарт корпорациясы" жабық акционерлiк қоғамына сыйақының (мүдденiң) нөлдiк ставкасы бойынша тоғыз ай мерзiмге 98 248 000 (тоқсан сегiз миллион екi жүз қырық сегiз мың) АҚШ доллары көлемiнде несие қаражатын бөлу және осы жұмысты 1999 жылдың 28 ақпанына дейін аяқтау ұсынылсын.<*>
ЕСКЕРТУ. 1-тармақ өзгерді - ҚРҮ-нің 1998.10.23. N 1077
қаулысымен
.
ЕСКЕРТУ. 1-тармақ өзгерді - ҚРҮ-нің 1998.12.25. N 1337
қаулысымен
.
ЕСКЕРТУ. 1-тармақ өзгерді - ҚРҮ-нің 1999.02.10. N 106
қаулысымен
.
2. Мыналар бекiтiлсiн:
1997/98 жылдың астығын "Шағын кәсіпкерлікті дамыту қоры" жабық акционерлiк қоғамының несиелiк қаражатының есебiнен сатып алуды ұйымдастыру тәртiбi (1-қосымша);<*>
"Шағын кәсіпкерлікті дамыту қоры" жабық акционерлiк қоғамының несиелiк қаражатының есебiнен Астық сатып алуды ұйымдастыру жөнiндегi ведомствоаралық комиссияның құрамы (2-қосымша).<*>
"Шағын кәсіпкерлікті дамыту қоры" жабық акционерлік қоғамы несиелерінің есебінен 1997/98 жылдың егінінен астық сатып алуды ұйымдастыру жөніндегі ведомствоаралық комиссия туралы ереже" (3-қосымша); <*>
ЕСКЕРТУ. 2-тармақ өзгерді - ҚРҮ-нің 1998.10.23. N 1077
қаулысымен
.
ЕСКЕРТУ. 2-тармақ 4 абзацпен толықтырылды - ҚРҮ-нің 1998.12.25. N 1337
қаулысымен
.
3. "Азық-түлiк келiсiм-шарт корпорациясы" жабық акционерлiк қоғамына:
1) ауыл шаруашылығы тауар өндiрушiлерiнiң республикалық және жергiлiктi бюджеттердiң, сондай-ақ бюджеттен тыс қорлардың алдындағы берешектерiн өтеудi қамтамасыз ету мақсатында олардың салық органдары тiзiмдеген астығын сатып алу;
2) тұқым өсiру шаруашылықтарынан Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгi бекiткен Тiзбеге сәйкес, 1 тоннасы үшiн 136 АҚШ долларына баламды бағамен 73 000 (жетпiс үш мың) тонна сорттық тұқымды және 1 тоннасы үшiн 104 АҚШ долларына баламды бағамен 80 000 (сексен мың тонна) тұқымға жарамды тауарлық бидайды сатып алу;
3) 1999 жылдың көктемгi егiс жұмыстарын жүргiзу үшiн 120 000 (жүз жиырма мың) тонна тұқымға жарамды бидайды резервке алу ұсынылсын.
4. Қор Ведомствоаралық комиссиясының ұсынымы бойынша "Азық-түлік келісім-шарт корпорациясы" жабық акционерлік қоғамымен және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі ұсынған, Ведомствоаралық комиссия рұқсат еткен екінші деңгейдегі банктермен астық сатып алу үшін өзі берген несиелердің қайтарымдылығын қамтамасыз ету үшін несиелік және өзге де келісімдер жасасады.<*>
ЕСКЕРТУ. 4-тармақ өзгерді - ҚРҮ-нің 1998.10.23. N 1077
қаулысымен
.
ЕСКЕРТУ. 4 тармақ жаңа редакцияда - ҚРҮ-нің 1998.12.25. N 1337
қаулысымен
.
5. "Азық-түлiк келiсiм-шарт корпорациясы" жабық акционерлiк қоғамына және астық компанияларына сатып алынған астықты Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң жанындағы Республикалық астық инспекциясы белгiлеген элеваторларда сақтау ұсынылсын.
6. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгi:
1) "Азық-түлiк келiсiм-шарт корпорациясы" жабық акционерлiк қоғамының қатысуымен ауыл шаруашылығы тауар өндiрушiлерiн 1999 жылғы егiс жұмыстарын жүргiзу үшiн тұқыммен қамтамасыз етудiң тетiгiн әзiрлесiн;
2) облыс әкiмдерi бұқаралық ақпарат құралдары арқылы ауыл шаруашылығы тауар өндiрушiлерiнiң арасында Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1 (бiр) миллион тонна астық сатып алу туралы тапсырмасын iске асыру жөнiнде қажеттi түсiндiру жұмысын жүргiзсiн.
7. Екiншi деңгейдегi банктер берiлген несиелердi өтеу үшiн түпкiлiктi заемшылардан түсетiн қаражаттың бiр апта мерзiм iшiнде "Шағын кәсiпкерлiктi дамыту қоры" жабық акционерлiк қоғамының аударылуын қамтамасыз етедi деп белгiленсiн. <*>
ЕСКЕРТУ. 7-тармақпен толықтырылды, 7-8-тармақтар тиiсiнше
8-9-тармақтар болып саналды - ҚРҮ-нiң 1998.11.20. N 1184
қаулысымен.
8. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң орынбасары Ж.С.Кәрiбжановқа жүктелсiн.
9. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi
1997/1998 жылдың егiнiнiң астығын сатып алуды
ұйымдастырудың
ТӘРТIБI <*>
ЕСКЕРТУ. Қосымшаның атауынан сөздер алып тасталды - ҚРҮ-нің
1998.10.23. N 1077
қаулысымен
.
1. "Астықты сатып алуды қаржыландырудың көзi "Шағын кәсіпкерлікті қолдау қоры (бұдан әрi - Қор)" Қазақстан Республикасының Үкiметi беретiн 98 248 000 (тоқсан сегiз миллион екi жүз қырық сегiз мың) АҚШ доллары мөлшерiндегi қаражат болады деп белгiленсiн.<*>
Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Ведомствоаралық комиссияның шешімі бойынша ақша орналастыру үшін Қормен агенттік және өзге де келісімдерді жасасады.<*>
ЕСКЕРТУ. 1-тармақ өзгерді және толықтырылды - ҚРҮ-нің 1998.10.23. N 1077
қаулысымен
.
2. "Қордың" қаражаты мынадай тәртiпте сыйақының (мүдденiң) нөлдiк ставкасы бойынша тоғыз ай мерзiмге бөлiнедi:<*>
"Азық-түлiк корпорациясы" жабық акционерлiк қоғамына салық органдары тiзiмдеген ауыл шаруашылығы тауар өндiрушiлерiнiң астығын сатып алу үшiн, олардың республикалық және жергiлiктi бюджеттерге, бюджеттен тыс қорларға берешектерiн өтеу есебiне, сондай-ақ тұқым және ауыл шаруашылығы тауар өндiрушiлерiнiң астығын сатып алу үшiн;<*>
астық компанияларына екінші деңгейдегі банктердің кепілдігімен ауыл шаруашылығы тауар өндiрушiлерiнен (оның iшiнде жеке тұлғалардан да) астық сатып алу үшiн.<*>
ЕСКЕРТУ. 2-тармақ өзгерді - ҚРҮ-нің 1998.10.23. N 1077 қаулысымен.
Ескерту. 2-тармақ толықтырылды - ҚРҮ-нiң 1998.11.04. N 1127
қаулысымен
.
3. Сатып алу бағдарламасына қатысу үшiн фирмаларды таңдауды Қордың несиелiк қаражатының есебiнен Астық сатып алуды ұйымдастыру жөнiндегi ведомствоаралық комиссия (бұдан әрi - Ведомствоаралық комиссия) айқындайды. <*>
ЕСКЕРТУ. 3-тармақ өзгерді - ҚРҮ-нің 1998.10.23. N 1077 қаулысымен.
4. Қор Ведомствоаралық комиссияның ұсынымы бойынша "Азық-түлік" келісім шарт-корпорациясы" жабық акционерлік қоғамымен несие келісімін жасасады, ал астық компанияларына Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі ұсынған екінші деңгейдегі банктердің кепілдігіне немесе несие қаражатының қайтарымдылығын қамтамасыз етудің өзге де қолайлы шарттарымен астық сатып алуға несие қаражатын береді.<*>
ЕСКЕРТУ. 4-тармақ жаңа редакцияда - ҚРҮ-нің 1998.10.23. N 1077
қаулысымен
.
II. Астықты сатып алу бағдарламасына қатысушыларға
қойылатын талаптар
5. Сатып алу бағдарламасына қатысуға Ведомствоаралық комиссияға өтiнiм (қажеттi құжаттарды) берген және мынадай негiзгi шарттарға жауап беретiн астық компаниялары жiберiледi:
несиелiк қаражаттың қайтарымдылығын қамтамасыз ететiн қабылданымды кепiлдiктерiнiң болуы;
өзінің ауыл шаруашылығы өндірісінің, сондай-ақ Ауыл шаруашылығы министрлігінің жанындағы Республикалық астық инспекциясы ұсынған меншікті (немесе басқа заңдық негіздер бойынша пайдаланатын) желілік элеваторлық сыйымдылықтарының болуы;<*>
ауыл шаруашылығы тауар өндiрушiлерінен (оның iшiнде жеке тұлғалардан да) астықты сатып алу жөнiндегi мiндеттемелердi қабылдау;
өзiне 1999 жылдың 1 сәуiрiне дейiн астықты өтеу және оның сақталуын қамтамасыз етуге шоттар ұсынусыз несиелiк қаражаттың есебiнен сатып алынған астықты сақтау бойынша шығындарға ақы төлеу жөнiнде мiндеттемелер қабылдауы.
ЕСКЕРТУ. 5-тармақтың 3-ші абзацы жаңа редакцияда - ҚРҮ-нің
1998.10.23. N 1077
қаулысымен
.
6. Астық сатып алу бағдарламасына қатысуға тiлек бiлдiрген компаниялар Ведомствоаралық комиссияның атына мынадай құжаттарды ұсынады: <*>
а) қатысуға арналған өтiнiм (еркiн нысанда);
б) нотариалды куәландырған жарғылық және құрылтайшылық құжаттар;
в) заңды тұлғаны мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiк пен статистикалық есеп кәртiшкесi;
г) жергiлiктi салық инспекциясының барлық деңгейдегi бюджетке мерзiмi өткен берешектiң жоқтығы туралы анықтамасы;
д) <*>
ЕСКЕРТУ. 6-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 1998.10.23. N 1077
қаулысымен.
ЕСКЕРТУ. 6-тармақтан д)-тармақша алынып тасталды - ҚРҮ-нің
1998.12.25. N 1337
қаулысымен
.
7. Ведомствоаралық комиссия ұсынылған құжаттарды қараған соң Қорға несиелiк қаражатты беру үшiн компаниялардың мақұлданған тiзбесiн жолдайды.<*>
ЕСКЕРТУ. 7-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 1998.10.23. N 1077
қаулысымен
.
III. Астықты сатып алудың және оны сақтаудың тәртiбi
8. Астық компаниялары астықты ауыл шаруашылығының тауар өндiрушiлерiнен (оның iшiнде жеке тұлғалардан да) сатып алуды жүзеге асырады.
9. Сатып алу бағасы франко-элеватор шарттарында үшiншi сыныпты бидайдың 1 тоннасы үшiн 80 АҚШ долларын құрайды.
10. Қордың несиелiк қаражатының есебiнен астық компанияларының сатып алған астығы 1999 жылдың 1 сәуiрiне дейiн сақтауды қамтамасыз ету мақсатында кепiл ретiндегi ресiмделедi.<*>
ЕСКЕРТУ. 10-тармақ өзгерді - ҚРҮ-нің 1998.10.23. N 1077
қаулысымен.
ЕСКЕРТУ. 10-тармақтан сөздер алынып тасталды - ҚРҮ-нің 1998.12.25. N 1337 қаулысымен.
11. Сақтаудың белгiленген мерзiмi өтуi бойынша кепiлдi несие қаражатының есебiнен сатып алынған астық, оны астық компаниялары несиенiң қайтарымдылығын қамтамасыз ету үшiн нарықтық бағалар бойынша iшкi де, сондай-ақ сыртқы да рыноктарда сатады. <*>
ЕСКЕРТУ. 11-тармақ өзгерді - ҚРҮ-нің 1998.10.23. N 1077
қаулысымен
.
12. Астықты сақтаудың бүкiл кезеңi iшiнде оны Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң келiсiмiмен iшкi рынокта мерзiмiнен бұрын сатуға жол берiледi.
12-1. Осы Ережемен реттелмеген астық сатып алудың өзге шарттарын Ведомствоаралық комиссия айқындайды. <*>
ЕСКЕРТУ. 12-1-тармақпен толықтырылды - ҚРҮ-нің 1998.12.25. N 1337
қаулысымен
.
IV. Несиелердiң қайтарымдылығын қамтамасыз ету
13. Қор белгіленген тәртіппен уәкілетті банктерден кепілдіктер қабылдайды және олардың өздеріне алған міндеттемелерді орындауы бойынша есеп жүргізеді. <*>
14. Уәкілетті банк заемшымен несие келісімін және кепіл шартын жасасады қаражаттың мақсатқа сай пайдаланылуына және олардың уақытында қайтарылуына бақылауды қамтамасыз етеді.<*>
ЕСКЕРТУ. 13 және 14-тармақтар жаңа редакцияда - ҚРҮ-нің 1998.10.23. N 1077
қаулысымен
.
1997/98 жылдың астығын сатып алуды ұйымдастыру жөнiндегi
ведомствоаралық комиссияның
ҚҰРАМЫ <*>
ЕСКЕРТУ. Құрамға өзгеріс енгізілді - ҚРҮ-нің 1998.10.23. N 1077
қаулысымен
.
ЕСКЕРТУ. Құрам өзгерді - ҚРҮ-нің 1998.12.25. N 1337
қаулысымен
.
ЕСКЕРТУ. Құрам жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2003.05.06. N 430
қаулысымен
.
Есiмов Ахметжан Смағұлұлы - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнің орынбасары - Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрi, комиссия төрағасы;
Иванов Леонид Александрович - Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрi, комиссия төрағасының орынбасары;
Адасбаев Еркiн Әбенұлы - Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлiгi Сауда комитетiнің төрағасы;
Төлеубаев Темiржан Төлеубайұлы - Қостанай облысы әкiмдiгінің Қостанай облыстық Ауыл шаруашылығы және азық-түлiк департаментінің директоры;
Үйсiмбаев Асқарбек Съезбекұлы - Ақмола облысы әкiмдiгiнің Ақмола облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының бастығы;
Сюникаев Рашид Абдуллович - Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң Солтүстiк Қазақстан облысы Ауыл шаруашылығы, ауыл шаруашылығы өнiмдерін сатып алу және қайта өңдеу департаментінің бастығы;
Евниев Арман Қайратұлы - Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгi Егiншілiк департаментiнің директоры;
Мұрзалбаев Нағмар Айтмаханұлы - Қазақстан Республикасының Қаржы полициясы агенттiгi Қаржы қылмыстарын анықтау жөнiндегi департаментi бастығының мiндетін атқарушы;
Сәпиев Еркебұлан Оңалбекұлы - "Шағын кәсiпкерлiктi дамыту қоры" жабық акционерлiк қоғамы басқармасы төрағасының бiрiншi орынбасары (келiсiм бойынша);
Солюлев Александр Анатольевич - "Азық-түлiк келiсiм-шарт корпорациясы" жабық акционерлiк қоғамының вице-президентi (келiсiм бойынша);
Дүйсебаев Мұхаметжан Жұмабекұлы - "Қазақстанның астық одағы" заңды тұлғалар бiрлестiгiнiң атқарушы директоры (келiсiм бойынша);
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
1998 жылғы 5 қазандағы
N 998 қаулысына
3-қосымша
ЕСКЕРТУ. 3-қосымшамен толықтырылды - ҚРҮ-нің 1998.12.25.
N 1337
қаулысымен
.
"Шағын кәсіпкерлікті дамыту қоры" жабық акционерлік
қоғамы несиелерінің есебінен 1997/98 жылдың егінінен
астық сатып алуды ұйымдастыру жөніндегі
ведомствоаралық комиссия туралы
Ереже
1. Астық сатып алуды ұйымдастыру жөніндегі ведомствоаралық комиссия (бұдан әрі - Комиссия) Үкіметтің осы қаулысымен белгіленген астық сатып алу бағдарламасын іске асыру мақсатында құрылып отыр.
2. Комиссияның құрамын Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.
3. Комиссия өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, заңдарын және өзге де нормативтік құқықтық актілерін, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.
Комиссияның функциялары мен міндеттері
4. Қажет болған жағдайда облыстар бойынша астық және дәнді дақылдардың тұқымын сатып алу жөніндегі квоталарды белгіленген тәртіппен айқындау.
5. Республикалық астық инспекциясының ұсынуымен астық сатып алу бағдарламасына қатысатын желілік элеваторларды белгіленген тәртіппен айқындау.
6. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ұсынуымен екінші деңгейдегі уәкілетті банктердің аталған бағдарламаға қатысуы туралы белгіленген тәртіппен шешім қабылдау.
7. Сатып алынатын астық пен дәнді дақылдардың тұқымдары сапасының негізгі өлшемдерін айқындау.
7-1. 1997-1998 жылдардағы егiннiң астығын сатып алуға берiлген кредиттердiң қайтарымдылығымен байланысты мәселелер бойынша ұсыныстарды әзiрлеу. <*>
ЕСКЕРТУ. 7-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2003.05.06. N 430
қаулысымен
.
8. "Азық-түлік келісім-шарт корпорациясы" жабық акционерлік қоғамы мен астық компанияларының астық сатып алуының көлемі мен шарттарын айқындау жөніндегі жұмыстарды үйлестіру.
9. Астық сатып алуды жүзеге асыруды ұйымдастыру жөніндегі шаралардың орындалуын бақылау, атап айтқанда:
- ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінен, бюджеттік және бюджеттен тыс қорлардан бірінші кезекте астық сатып алуды ұйымдастыру шарттарын астық, компанияларының және "Азық-түлік келісім-шарт корпорациясы" жабық акционерлік қоғамының орындауы;
- 1998 жылғы 5 қазандағы N 998 қаулыға сәйкес берілген ақша қаражатының мақсатқа сай пайдаланылуын бақылау;
- сатып алынатын астықтың сапалылығын, оның сатып алу шарттарына сай болуын бақылау;
астық сатып алу кезінде бағалардың дұрыс қолданылуын бақылау.
10. Комиссияның құзыретіне кіретін мәселелер бойынша орталық және жергілікті атқарушы органдардың, астық сатып алуға қатысатын ұйымдардың қызметін үйлестіру.
Комиссияның құқықтары
11. Алдында қойылған міндеттерді орындау үшін Комиссияның:
орталық және жергілікті атқарушы органдардан, мемлекеттік кәсіпорындар мен өзге де ұйымдардан Комиссияға жүктелген міндеттерді орындауға қажетті ақпаратты белгіленген тәртіппен сұратуға және алуға;
астық сатып алу бағдарламасын орындау мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілерді қабылдау, өзгерту немесе күшін жою жөнінде Қазақстан Республикасының Үкіметіне белгіленген тәртіппен ұсыныстар енгізуге;
бағдарламаны іске асыру үшін министрліктерден, ведомстволардан, кәсіпорындар мен ұйымдардан тиісті бейіндегі мамандарды белгіленген тәртіппен тартуға құқығы бар.
Комиссияның қызметін ұйымдастыру
12. Комиссияны төраға басқарады, ол оның жұмысын ұйымдастырады және Комиссияға осы Ережемен жүктелген міндеттер мен функциялардың уақтылы және сапалы орындалуы үшін дербес жауап береді.
13. Комиссия төрағасының орынбасары Комиссия төрағасы болмаған кезде төрағаның функцияларын атқарады.
14. Комиссия өз кеңестерін апта сайын өткізеді.
15. Комиссияның шешімдері Комиссия мүшелерінің қарапайым көпшілік даусымен қабылданады. Дауыс саны тең болған жағдайда төрағаның даусы шешуші мәнге ие болады.
16. Ведомствоаралық комиссияның барлық шешімдері тиісті хаттамамен ресімделеді, оларды астық сатып алу бағдарламасына қатысушылар орындауға тиісті.