Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 5 қазандағы N 998 қаулысына толықтыру мен өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің ҚАУЛЫСЫ 1998 жылғы 19 қарашадағы N 1184. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2005.04.04. N 297 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ
      1. "Астық сатып алу және ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерін қолдау жөніндегі кейбір шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 5 қазандағы N 998  қаулысына  мынадай толықтыру мен өзгеріс енгізілсін:
      мынадай мазмұндағы 7-тармақпен толықтырылсын:
      "7. Екінші деңгейдегі банктер берілген несиелерді өтеу үшін түпкілікті заемшылардан түсетін қаражаттың бір апта мерзім ішінде "Шағын кәсіпкерлікті дамыту қоры" жабық акционерлік қоғамына аударылуын қамтамасыз етеді деп белгіленсін";
      7 және 8-тармақтар тиісінше 8 және 9-тармақтар болып есептелсін.
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі