Қазақстан Республикасында орта бiлiм жүйесiн одан әрi реформалау жөнiндегi шаралар туралы

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Қаулысы 1998 жылғы 28 тамыздағы N 812

Қолданыстағы
      Орта бiлiм жүйесiн одан әрi реформалау және оқушылардың мектепке толық баруын қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
      1. Қоса берiлiп отырған мемлекеттiк жалпы бiлiм беру мектептерiнiң жанындағы Жалпыға бiрдей мiндеттi орта бiлiм қоры (бұдан әрi - Қор) туралы Үлгi ереже бекiтiлсiн.
      2. Қазақстан Республикасының Бiлiм және ғылым министрлiгi 2001 жылдың 1 қаңтарына дейiн Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгiмен және Қаржы министрлiгiмен бiрлесiп Қазақстан Республикасының Үкiметiне педагогикалық қызметкерлерге еңбекақы төлеу жүйесiн жетiлдiру жөнiнде ұсыныстар енгiзсiн. <*>
      Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2000.07.10. N 1047
               қаулысымен. P001047_
      3. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкiмдерi:
      1) Қазақстан Республикасының Бiлiм және ғылым министрлiгiмен бiрлесiп балалардың мектепке толық баруын қамтамасыз етсiн; <*>
      2) мектептердi ұстауға көзделген қаражаттың шегiнде әрбiр мемлекеттiк жалпы бiлiм беретiн мектепте Қорды қалыптастыру жөнiнде қажеттi шаралар қабылдасын және оның мақсатты пайдаланылуын қамтамасыз етсiн;
      3) мемлекеттiк бастауыш кәсiптiк білім беретін оқу орындарын жергіліктi бюджет қаражатының есебiнен жұмыссыздар мен қолы бос халықты оқытуға арналған аймақтық орталықтар ретiнде барынша пайдалану үшiн шаралар қабылдасын. <*>
      Ескерту. 3-тармақ өзгерді- ҚР Үкіметінің 2000.07.10. N 1047
               қаулысымен. P001047_
      4. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
      1) "1996-1998 жылдарға арналған реформаларды тереңдету жөнiндегi Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң iс-қимыл жоспары және 1996 жылға арналған реформаларды тереңдету жөнiндегi Қазақстан Республикасы Үкiметi шараларының кең ауқымды жоспары туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 12 қаңтардағы N 56 P960056_ қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1996 ж., N 3, 17-құжат):
      көрсетiлген қаулыға 1-қосымшада:
      реттiк нөмiрi 82-жол алынып тасталсын;
      2) "Жекешелендiру мен қайта құрылымдаудың секторлық бағдарламасы туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1997 жылғы 14 қаңтардағы N 65 P970065_ қаулысында:
      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген мұнайгаз және көлiк-коммуникация кешендерiндегi, Қазақстан Республикасының Өнеркәсiп және сауда министрлiгi, денсаулық сақтау, бiлiм беру, ғылым, мәдениет және спорт жүйелерiнiң кәсiпорындарындағы жекешелендiру мен қайта құрылымдаудың секторлық бағдарламасында:
      "Денсаулық сақтау, бiлiм, ғылым, мәдениет және спорт,

объектiлерiн жекешелендiрудiң шарттары" деген тарауша мынадай
мазмұндағы азатжолмен толықтырылсын:
     "Жалпы бiлiм беру мекемелерi, кәсiптiк-техникалық мектептер,
мектептен тыс мекемелер Қазақстан Республикасы Бiлiм, мәдениет және
денсаулық сақтау министрлiгiнiң келiсiмiмен жекешелендiрiледi".


     Қазақстан Республикасының
          Премьер-Министрi
                                           Қазақстан Республикасы
                                                Үкiметiнiң
                                           1998 жылғы тамыздағы
                                             N 640 қаулысымен
                                                 бекiтiлген

        Мемлекеттiк жалпы бiлiм беру мектептерiнiң жанындағы
           Жалпыға бiрдей мiндеттi орта бiлiм қоры туралы
                             ҮЛГI ЕРЕЖЕ



      1. Мемлекеттiк жалпы бiлiм беру мектептерiнiң жанындағы Жалпыға бiрдей мiндеттi орта бiлiм қоры (бұдан әрi - Қор) мемлекеттiк жалпы бiлiм беру мектептерiнiң аз қамтамасыз етiлген отбасыларынан шыққан 1-11 сыныптардың өте мұқтаж оқушыларын әлеуметтiк қорғауды және оларға материалдық қолдау көрсетудi қамтамасыз ету мақсатында құрылады.
      2. Қор:
      1) жергiлiктi атқарушы органдардың бюджетiнде көзделген мектептердi ағымдағы ұстау шығыстарының сомасынан кемiнде 1 процент мөлшерiнде аударымдардың;
      2) заңдарда белгiленген тәртiппен мектеп көрсететiн қызмет көрсетулердi iске асырудан түсiмдердiң;
      3) демеушiлiк және iзгiлiк көмектердiң;
      4) Қазақстан Республикасының заңдарына қайшы келмейтiн басқа да түсiмдердiң есебiнен ақша және материалдық қаражат түрiнде құрылады.
      3. Қор:
      1) киiм, аяқ-киiм, оқулықтар, оқу құралдарын, мектеп-жазу құралдарын сатып алуға;
      2) мектептерде тамақтандыруды ұйымдастыруға;
      3) ақшадай көмек көрсетуге;
      4) санаториялық-курорттық мекемелер мен демалыс лагерлерiне жолдамалар сатып алуға;
      5) мектеп оқушыларының мәдени-бұқаралық және спорттық шараларға қатысуын қаржылық қамтамасыз етуге арналады.
      4. Қордың қаражаты оның арналуына сәйкес ата-аналардың (оларды алмастырушы адамдардың) немесе оқушылардың өтiнiшiнiң негiзiнде бөлiнедi. Қордың қаражаты мұқтаж оқушыларға киiм, аяқкиiм, оқулықтар, оқу құралдарын, мектеп-жазу құралдарын сатып алуға, мектепте тамақтандыруға, санаториялық-курорттық емдеуге, сауықтыруға ақы төлеуге, ақшадай көмектер беруге жұмсалады.
      5. Ата-аналар комитетiнiң келiсiмi бойынша Қордың қаражатын жұмсау құқығы мектеп директорына берiледi.
      6. Жалпы оқыту қорының қаражаты бiлiм беру ұйымдарында жоспарланады және олардың ағымдағы бюджеттік шоттары және шығыстардың бюджеттік жіктемесінің бағдарламалары, кіші бағдарламалары мен ерекшеліктері бойынша ақылы қызмет көрсетуден, демеушілік қайырымдылық көмектерден алынатын қаражат шоттарында ескеріледі. <*>
      Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2000.07.10. N 1047
               қаулысымен. P001047_
      7. Қордың қаражатын толықтыру жөнiндегi жұмысты ұйымдастыруға тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктiң әкiмi, бiлiм беру бөлiмдерiнiң басшылары, мектеп директорлары және өзге де мүдделi жеке және заңды тұлғалар қатысады.
      8. Қаражаттың түсуi мен пайдалануының есебi мен есептiлiгiн мектептiң бухгалтериясы жүргiзедi.
      9. Қордың қаражатының дұрыс жұмсалуына бақылау жасау бiлiм беру бөлiмдерiнiң басшыларына жүктеледi.