Жекешелендiру мен қайта құрылымдаудың секторлық бағдарламасы туралы

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Қаулысы 1997 жылғы 14 қаңтардағы N 65

      Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң керi капиталы бар AlemBank Kazakstan акционерлiк банкiнiң акцияларын сатып алу туралы ұсынысын қарап және елiмiздiң банк жүйесi үшiн банктiң маңыздылығын ескерiп Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
      Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң атынан Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi:
      AlemBank Kazakstan акцияларын сатып алу туралы оларды Қазақстан Республикасының Ұлттық банкi мәжбүр етiп сатып алғаннан кейiн Қазақстан Республикасының Ұлттық банкiне өтiнiш жасасын;
      AlemBank Kazakstan қаржылық сауықтыру жөнiндегi негiзгi

шаралардың жоспарын әзiрлесiн және оны бекiтсiн:
     осы мәселенi Қазақстан Республикасының Ұлттық банкi "1997 жылға
арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының
Заңына сәйкес дұрыс шешкен жағдайда банктiң акцияларын сатып алу-сату
туралы қажеттi шарт жасаса отырып AlemBank Kazakstan акцияларын сатып
алу үшiн Үкiметтiң резервтiк қоры қаражатының есебiнен 2801 теңге 
79 тиын бөлсiн және AlemBank Kazakstan қайта капиталдандыруға
қаражат бөлетiн болсын.

     Қазақстан Республикасы
       Премьер-Министрiнiң
       бiрiншi орынбасары