Қазақстан Республикасының азаматтары мен заңды тұлғаларының жабайы аңдарды аулауына арналған бiрыңғай ең төменгi төлем ставкаларын бекiту туралы

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысы 1998 жылғы 11 тамыздағы N 760. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002.04.15. N 429 қаулысымен. ~P020429

Күшін жойған
      Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
      1. Қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының азаматтары мен заңды тұлғаларының жабайы аңдарды кәсiпшiлiк, әуесқойлық және спорттық аулауына арналған республика бойынша бiрыңғай ең төменгi төлем ставкалары бекiтiлсiн.
      2. Арнайы уәкiлеттiк берiлген Қазақстан Республикасының аңшылық шаруашылығын басқару органына Қазақстан Республикасының азаматтары мен заңды тұлғаларының жабайы аңдарды аулауына арналған төлем ставкаларын ең төмендегiден қалыптасқан сұранысқа қарай арттыруға рұқсат етiлсiн.
      3. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң Орман,

балық және аң шаруашылығы комитетi бiр айлық мерзiм iшiнде жануарлар
әлемiн пайдаланғаны үшiн, сондай-ақ оны қорғау және жаңадан өндiру
үшiн төлемдер алудың және оларды жұмсаудың тәртiбiн әзiрлесiн және оны
Қазақстан Республикасының Үкiметiне ұсынсын.
     4. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң 1993 жылғы 14
қыркүйектегi N 393 өкiмiнiң күшi жойылған деп танылсын.
     Қазақстан Республикасының
          Премьер-Министрi
                                           Қазақстан Республикасы
                                                Үкiметiнiң
                                           1998 жылғы 11 тамыздағы
                                           N 760 қаулысына
                                                 қосымша
            Қазақстан Республикасының азаматтары мен заңды
          тұлғаларының жабайы аңдарды кәсiпшiлiк, әуесқойлық
             және спорттық аулауына арналған бiрыңғай ең
                       төменгi төлем ставкалары
___________________________________________________________________
                                   |Бiрыңғай ең төменгi төлем
                                   |ставкаларының мөлшерi (бiр бас
    Жабайы аңдардың түрлерi        |үшiн теңгемен)
                                   |_______________________________
                                   |кәсiпшiлiк аулау|әуесқойлық және
                                   |                |спорттық аулау
___________________________________________________________________
     Тұяқты жануарлар
Бұлан (аталығы)                                           12000
Бұлан (ұрғашысы)                                          10000
Бұлан (ұшары)                                             5000
Марал (аталығы)                                           10000
Марал (ұрғашысы)                                          5000
Марал (ұшары)                                             3000
Аскания бұқасы (аталығы)                                  7000
Аскания бұқасы (ұрғашысы)                                 4000
Аскания бұқасы (ұшары)                                    2500
Елiк (ареалдың солтүстiк жағы)-                           3000
аталығы
Елiк (ареалдың солтүстiк жағы)-                           2500
ұрғашысы, ұшары
Елiк (ареалдың оңтүстiк жағы)-                            1500
аталығы
Елiк (ареалдың оңтүстiк жағы)-
ұрғашысы, ұшары                                            1000
Тоқал бұғы                                                1500
Сiбiр тау ешкiсi (аталығы)                                3500
Сiбiр тау ешкiсi (ұрғашысы, ұшары)                        2500
Қабан (аталығы)                                           4000
Қабан (ұрғашысы, ұшары)                                   3000
Киiк (аталығы)                               200          1000
Киiк (ұрғашысы, ұшары)                       150          600
     Жыртқыш және мамық жүндi аңдар
Аю                                                        10000
Бұлғын                                       1800
Құндыз                                       1000
Кәмшат                                       700
Ондатр                                       100
Суыр, қара күзен                             120
Борсық                                       120          300
Түлкi                                        100          300
Қарсақ                                       50           150
Сiлеусiн                                                  500
Саршұнақ немесе құмтышқан                    40
Қояндар-ор қоян, ақ қоян, құм қояны          10           50
Саршұнақтар, Алтай бұрабасы, кәдiмгi
атжалман, Азия борша тышқаны, Сiбiр
көртышқаны, су сұртышқаны                    5
Жанат тәрiздi ит, Құну, Жанат, Сарғыш
күзен, Ақ қалақ, Ақкiс, Сары күзен,
Сасық күзен, Дала мысығы, Тиiн               40
     Теңiз алаңдары
Каспий ит балығы                             1500
     Қанатты жабайы құстар
Қырғауыл                                                  200
Саңырау құр                                               300
Ұлар                                                      350
Құр                                                       250
Қаздар, қарашақаздар                         50           200
Үйректер                                     10           60
Қасқалдақ, шалшықшылар, шырғалақтар,
қарабауыр, шiлдер, кекiлiк                                50
Құстардың аңшылық объектiлерiне
жатқызылған басқа да түрлерi                              20
     Қосмекендiлер және бауырымен жорғалаушылар
Ортаазия және су тасбақасы                   20
Көкбақалар, құрбақалар                       3
Кесiрткелер                                  5
Улы жыландар                                 50
Усыз жыландар                                40