1. Қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының азаматтары мен заңды тұлғаларының жабайы аңдарды кәсiпшiлiк, әуесқойлық және спорттық аулауына арналған республика бойынша бiрыңғай ең төменгi төлем ставкалары бекiтiлсiн.
2. Арнайы уәкiлеттiк берiлген Қазақстан Республикасының аңшылық шаруашылығын басқару органына Қазақстан Республикасының азаматтары мен заңды тұлғаларының жабайы аңдарды аулауына арналған төлем ставкаларын ең төмендегiден қалыптасқан сұранысқа қарай арттыруға рұқсат етiлсiн.
3. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң Орман,
балық және аң шаруашылығы комитетi бiр айлық мерзiм iшiнде жануарлар әлемiн пайдаланғаны үшiн, сондай-ақ оны қорғау және жаңадан өндiру үшiн төлемдер алудың және оларды жұмсаудың тәртiбiн әзiрлесiн және оны Қазақстан Республикасының Үкiметiне ұсынсын. 4. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң 1993 жылғы 14 қыркүйектегi N 393 өкiмiнiң күшi жойылған деп танылсын. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1998 жылғы 11 тамыздағы N 760 қаулысына қосымша Қазақстан Республикасының азаматтары мен заңды тұлғаларының жабайы аңдарды кәсiпшiлiк, әуесқойлық және спорттық аулауына арналған бiрыңғай ең төменгi төлем ставкалары ___________________________________________________________________ |Бiрыңғай ең төменгi төлем |ставкаларының мөлшерi (бiр бас Жабайы аңдардың түрлерi |үшiн теңгемен) |_______________________________ |кәсiпшiлiк аулау|әуесқойлық және | |спорттық аулау ___________________________________________________________________ Тұяқты жануарлар Бұлан (аталығы) 12000 Бұлан (ұрғашысы) 10000 Бұлан (ұшары) 5000 Марал (аталығы) 10000 Марал (ұрғашысы) 5000 Марал (ұшары) 3000 Аскания бұқасы (аталығы) 7000 Аскания бұқасы (ұрғашысы) 4000 Аскания бұқасы (ұшары) 2500 Елiк (ареалдың солтүстiк жағы)- 3000 аталығы Елiк (ареалдың солтүстiк жағы)- 2500 ұрғашысы, ұшары Елiк (ареалдың оңтүстiк жағы)- 1500 аталығы Елiк (ареалдың оңтүстiк жағы)- ұрғашсы, ұшары 1000 Тоқал бұғы 1500 Сiбiр тау ешкiсi (аталығы) 3500 Сiбiр тау ешкiсi (ұрғашысы, ұшары) 2500 Қабан (аталығы) 4000 Қабан (ұрғашысы, ұшары) 3000 Киiк (аталығы) 200 1000 Киiк (ұрғашысы, ұшары) 150 600 Жыртқыш және мамық жүндi аңдар Аю 10000 Бұлғын 1800 Құндыз 1000 Кәмшат 700 Ондатр 100 Суыр, қара күзен 120 Борсық 120 300 Түлкi 100 300 Қарсақ 50 150 Сiлеусiн 500 Саршұнақ немесе құмтышқан 40 Қояндар-ор қоян, ақ қоян, құм қояны 10 50 Саршұнақтар, Алтай бұрабасы, кәдiмгi атжалман, Азия борша тышқаны, Сiбiр көртышқаны, су сұртышқаны 5 Жанат тәрiздi ит, Құну, Жанат, Сарғыш күзен, Ақ қалақ, Ақкiс, Сары күзен, Сасық күзен, Дала мысығы, Тиiн 40 Теңiз алаңдары Каспий ит балығы 1500 Қанатты жабайы құстар Қырғауыл 200 Саңырау құр 300 Ұлар 350 Құр 250 Қаздар, қарашақаздар 50 200 Үйректер 10 60 Қасқалдақ, шалшықшылар, шырғалақтар, қарабауыр, шiлдер, кекiлiк 50 Құстардың аңшылық объектiлерiне жатқызылған басқа да түрлерi 20 Қосмекендiлер және бауырымен жорғалаушылар Ортаазия және су тасбақасы 20 Көкбақалар, құрбақалар 3 Кесiрткелер 5 Улы жыландар 50 Усыз жыландар 40