1. Ұялы байланысты пайдалану құқығы министрлiктердiң, мемлекеттiк комитеттердiң, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң құрамына кiрмейтiн орталық атқарушы органдарының және басқа да мемлекеттiк органдардың басшыларына, олардың орынбасарларына; орталық атқарушы органдар департаменттерiнiң, агенттiктерiнiң, комитеттерiнiң басшыларына; Қазақстан Республикасы Президентiнiң бiрiншi көмекшiсiне, Қазақстан Республикасы Президентi Кеңсесiнiң меңгерушiсiне, Қазақстан Республикасы Президентiнiң Хаттама бастығы мен Баспасөз хатшысына, Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi Хатшылығының жетекшiсiне, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң Баспасөз қызметiнiң жетекшiсiне, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң көмекшiсiне, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың әкiмдерiне және олардың орынбасарларына берiлсiн. <*>
Ескерту. 1-тармақ өзгердi - ҚРҮ-нiң 1998.11.10. N 1143 қаулысымен.
P981143_
2. Министрлiктер, мемлекеттiк комитеттер, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң құрамына кiрмейтiн орталық атқарушы органдар мен басқа да мемлекеттiк органдар ұялы телефондардың санын осы қаулыға сәйкестендiрсiн.
3. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi:
Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органдарын ұстауға арналған
шығыстарды осы қаулыда белгiленген ұялы байланысты пайдаланудың тәртiбiн ескере отырып қарастырсын; мемлекеттiк органдар аппаратын ұстауға арналған қаражаттың жұмсалуына тұрақты бақылау орнатсын. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi