Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 10 тамыздағы N 757 қаулысына толықтыру енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің ҚАУЛЫСЫ 1998 жылғы 10 қараша N 1143

      РҚАО-ның ескертпесі!
      Келісім қолданысын тоқтатты - ҚР 24.12.2014 N 266-V Заңымен.

      Мәскеуде 1998 жылғы 22 қаңтарда қол қойылған Беларусь Республикасы, Қазақстан Республикасы, Қырғыз Республикасы және Ресей Федерациясы арасындағы Көлік одағын құру туралы келісім бекітілсін.

     Қазақстан Республикасының
     Президенті

          Беларусь Республикасы, Қазақстан Республикасы,
       Қырғыз Республикасы және Ресей Федерациясы арасында
                      Көлiк одағын құру туралы
                           Келісім

       Беларусь Республикасы, Қазақстан Республикасы, Қырғыз Республикасы және Ресей Федерациясы, бұдан әрi Тараптар аталатын,
       өзара тиiмді экономикалық қарым-қатынасты бұдан әрi дамытуға жәрдемдесе отырып,
       Беларусь Республикасы, Қазақстан Республикасы, Қырғыз Республикасы және Ресей Федерациясы арасындағы экономикалық және гуманитарлық салалардағы шоғырлануды тереңдету туралы 1996 жылғы 29 наурыздағы шарт және осы Келiсiмге қатысушы мемлекеттердің Кедендiк одағы туралы келiсiм қағидаларын негiзге ала отырып және оларды iске асыру үшiн Тараптардың көлiк жүйелерiнiң өзара келiсiлген технологиялар мен параметрлер бойынша қызмет етуiнiң маңызды мәнi бар деп есептей отырып,
       төмендегi жөнiнде келiстi:

                             1-бап
 
      Тараптар Көлiк одағын Келiсiмге қатысушы мемлекеттердiң өзара келiсiлген технологиялар мен параметрлер және бiрдейлендiрiлген нормативтiк құқықтық базаның негiзiнде қызмет ететiн ұлттық көлiк кешендерiнiң бiрiктiрiлген жүйесi ретiнде құрады.
      Көлiк одағын құрудың негiзгi мақсаттары мыналар болып табылады:
      осы Келiсiмге қатысушы мемлекеттердiң көлiк инфрақұрылымын бiрiгiп пайдалануы;
      көлiктi тиiмдiрек пайдалану және көлiк шығасысын азайту;
      осы Келiсiмге қатысушы мемлекеттердің арасында және олардың аумақтары бойынша транзитпен кедергiсiз көлiк құралдарының қозғалуы және жолаушылар мен жүктердi тасымалдау;
      көлiк жүйелерiн дамыту және қайта жаңарту бойынша келiсiлген саясатты жүргiзу.

                            2-бап

      Көлiк одағын құру үшiн Тараптар мыналар бойынша шараларды iске асырады:
      а) көлiк және жол шаруашылығы саласындағы қарым-қатынасты реттейтiн ұлттық заңдарды бiрдейлендiру;
      б) көлiк инфрақұрылымын дамытудың келiсiлген және қажет болғанда бiрiктiрiлген бағдарламалары мен жобаларын, соның iшiнде халықаралық қаржы институттарын қатыстырумен, әзiрлеу және iске асыру;
      в) қазiргi бар салалық құрылымдардың негiзiнде көлiк қызмет көрсету нарығы мен көлiктiк статистикалық есеп берудi ақпараттық қамтамасыз етудiң жалпы жүйесiн құру;
      г) барлық көлiк құралдарының, осы Келiсiмге қатысушы болып табылмайтын мемлекеттердiң көлiк құралдарын қоса, осы Келiсiмге қатысушы мемлекеттердің үшiншi елдермен сыртқы шекарасында кiруiн (шығуын) бақылаудың келiсiлген тәртiбi мен ұйымдастыруын анықтау;
      д) көлiктiң жеке түрлерi бойынша келiсiлген ғылыми-техникалық саясатты құру және жүргiзу;
      е) көлiк түрлерi бойынша келiсiлген тарифтiк саясатты жүргiзу;
      ж) халықаралық тасымалдарды жүзеге асыратын көлiк құралдарына қызмет көрсету жүйесiн құру;
      з) көлiк саласында келiсiлген салық саясатын жүргiзу;
      и) вагондар паркi мен контейнерлердi бiрiгiп пайдалануды қамтамасыз ету, жүктердiң мемлекеттiк шекаралар арқылы өтуiн жылдамдату және жүк тасымалдарын автокөлiктен темiр жолға ауыстыру үшiн құранды тасымалдар ұйымдастыру мәселелерiнде келiсiлген саясатты жүргiзу;
      к) осы Келiсiмге қатысушы мемлекеттердiң арасында, соның iшiнде олардың аумағы бойынша транзитпен өтетiн автомобиль көлiгiмен жолаушылар мен жүктердi тасымалдаудың және автокөлiк құралдары қозғалуының рұқсат берусiз тәртiбiн орнату;
      л) қатысушы мемлекеттердiң авиакомпаниялары үшiн олардың ұлттық авиакомпанияларына белгiленген ставкалар бойынша әуежайлық, сондай-ақ аэронавигациялық алымдардың мөлшерiн орнату;
      м) көлiк құралдарын жолдарды және өзге қатынас желiлерiн пайдалануға немесе ұстауға байланысты алымдардан, әуе және iшкi су көлiгiнен алымдардан басқада, өзаралық шарттарда босату;
      н) көлiк коммуникацияларына, жүктеуге және көлiк құралдарының көлемдерiне, ауыр салмақты және iрi көлемдi жүктердi тасымалдауға талаптарды қою бойынша үйлестiрiлген саясатты жүргiзу;
      о) кез келген Тараптың тасымалдаушыларына Тараптар өз тасымалдаушыларын қамтамасыз ететiн жағдайларынан кем емес транзит жағдайларын өзара жасау.

                               3-бап

      Тараптар Көлiк одағын құруды осы Келiсiмге қатысушы мемлекеттердің арасында және Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығындағы ынтымақтастық шеңберiнде көлiк мәселелерi бойынша ынтымақтастық саласында қол жеткен уағдаластықтарды есепке алумен кезеңдiк үдерiс ретiнде қарайды.
      Көлiк одағын құру үшiн оны құру мақсаттарынан, қағидаларынан және кезеңдерiнен шығатын мәселелер бойынша төртжақтық кеңесулер механизмi қолданылатын болады.

                              4-бап

      Көлiк одағының құрылуы мен қызмет етуi Беларусь Республикасының, Қазақстан Республикасының, Қырғыз Республикасының және Ресей Федерациясының Бiрiгу Комитетiмен (бұдан әрi - Бiрiгу Комитетi) Тараптардың құзырлы органдарымен бiрiгiп әзiрленетiн және Тараптарда қабылданған тәртiпте бекiтiлетiн бiрiккен iс-әрекеттiң болашақтық және жылдық жоспарларына сәйкес жүзеге асырылады.

                              5-бап

      Осы Келiсiмге қатысушы мемлекеттердiң арасында және олардың аумақтары бойынша транзитпен көлiктің жеке түрлерi бойынша жүктердi, жолаушыларды және багажды тасымалдаулардың тәртiбi мен шарттары, осы Келiсiмнiң қағидаларын есепке алумен, көпжақтық және екiжақтық келiсiмдермен реттеледi.

                             6-бап

      Тараптардың құзырлы органдары көзқарастарын келiсiп отырады және халықаралық көлiк ұйымдарындағы жұмыс кезiнде өз iс-қимылдарын үйлестiредi.
      Тараптардың құзырлы органдары қажет болған жағдайда келiсiлген көзқарас әзiрлеу және осы ұйымдардың жұмысына қатысу үшiн бiрлескен жұмыс топтарын құруы мүмкiн.

                             7-бап

      Тараптар осы Келiсiмнiң қатысушы мемлекеттерiнiң көлiк кәсiпорындары мен ұйымдарының тiкелей байланысын дамытуға, сондай-ақ көлiк саласында бiрлескен кәсiпорындар мен қаржылық-өнеркәсіптiк топтар құруға жәрдемдеседi.

                             8-бап

      Тараптар кадрларды: инженерлер, техниктер және көлiк мамандықтарының жалпы қызметкерлерiн (оларды даярлау деңгейiнiң бiрыңғай талаптарын сақтай отырып) оқыту және қайта әзiрлеуде ынтымақтастықтың жүзеге асырылуына жәрдемдесетiн болады.
      Көрсетiлген мамандардың оқу орындарын бiтiргенi туралы берiлетiн бiлiктiлiк құжаттар оларды қосымша растау талап етілмей-ақ осы Келiсiмнiң қатысушы мемлекеттерiнiң аумақтарында танылады.

                            9-бап

      Осы Келiсiмде Тараптардың құзыреттi органдары ұғымына мыналар жатады:

      Беларусь Республикасы тарапынан:
      автомобиль, теңiз, өзен көлiгi және жол шаруашылығы - Беларусь Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлiгi,
      темiр жол көлiгi бойынша - Беларуссия темiр жолы,
      әуе көлiгi бойынша - Беларусь Республикасының Авиация жөнiндегi мемлекеттiк комитетi,
      Қазақстан Республикасы тарапынан:
      Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлiгi;
      Қырғыз Республикасы тарапынан:
      Қырғыз Республикасының Көлiк және байланыс министрлiгi,
      Ресей Республикасы тарапынан:
      автомобиль, теңiз, өзен көлiгi - Ресей Федерациясының Көлiк министрлiгi,
      темiр жол көлiгi бойынша - Ресей Федерациясының Жол қатынасы министрлiгi,
      әуе көлiгi бойынша - Ресей Федеральдық авиация қызметi,
      жол шаруашылығы бойынша - Ресей Федеральдық жол қызметi.

                          10-бап

      Осы Келiсiмнiң орындалуын қамтамасыз ету жөнiндегi Тараптардың құзыреттi органдарының қызметiн үйлестiру Бiрiгу комитетiне жүктеледi.

                           11-бап

      Осы Келiсiм қатысушылары Тараптар болып табылатын өзге халықаралық шарттардан, оның iшiнде осы Келiсiмнiң қатысушылары Тараптар арасында жасалғандарынан туындайтын құқықтары мен мiндеттемелерiн талап етпейдi.

                            12-бап

      Осы Келiсiмдi iске асырудан туындайтын пiкiрталастар Тараптардың құзыреттi органдарының арасында кеңесулер мен келiссөздер жүргiзу жолымен шешiледi.
      Осындай жолмен шешiлмеген пiкiрталастар Тараптардың бiреуiнiң құзырлы органының талап етуi бойынша Бiрiгу комитетiнiң қарауына тапсырылады.

                           13-бап

      Осы Келiсiмге өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу Тараптардың келiсiмiмен жүргiзiледi және тиiстi хаттамалармен ресiмделедi.

                             14-бап

      Келiсiм осы Келiсiмнiң мақсаттары мен принциптерiн бөлiсетiн және 1996 жылғы 29 наурыздағы Беларусь Республикасының, Қазақстан Республикасының, Қырғыз Республикасының және Ресей Федерациясының арасындағы экономикалық және iзгiлiк салаларында бiрiгудi тереңдету туралы Шарттан және Кедендiк одақ туралы келiсiмнен туындайтын мiндеттемелердi өзiне қабылдауға дайын Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығына қатысушы басқа мемлекеттер үшiн қосылуға ашық.

                              15-бап

      Осы Келiсiм шектеусiз мерзiмге бекiтiлдi, Тараптардың заңдарына қайшы келмейтiн бөлiктерде уақытша қол қоюға қолданылады, мемлекет iшiнiң процедураларын орындағаны туралы соңғы мәлiмдеме алған, Бiрiгу Комитетiмен танылған, депозитарийге тапсырылған күннен бастап күшiне енедi.
      Тараптардың әрқайсысы бұл жөнiнде депозитарийге алты ай бұрын жазбаша хабарлай отырып, осы Келiсiмнен шығуына болады.

      1998 жылғы 22 қаңтарда Мәскеу қаласында орыс тiлiнде бiр дана болып жасалды. Түпнұсқа данасы Бiрiгу комитетiнде сақталады, ол осы Келiсiмнің қатысушысы әрбiр мемлекетке оның куәландырылған көшiрмесiн жiбередi.

     Беларусь          Қазақстан        Қырғыз           Ресей
     Республикасының   Республикасының  Республикасының  Федерациясы
     Премьер-Министрі  Премьер-Министрі Премьер-Министрі Үкіметінің
                                                         Төрағасы