Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1998 жылғы 24 маусымдағы N 592 қаулысына өзгерiстер енгiзу туралы

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Қаулысы 1998 жылғы 4 тамыздағы N 738

Қолданыстағы
      Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
      "Республикалық бюджет есебiнен ұсталатын және Астана қаласына қоныс аударған мемлекеттiк органның орталық аппараты қызметкерiнiң өзi тұрып жатқан қызметтiкке теңестiрiлген тұрғын үйдi сатып алу шартының нысанын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1998 жылғы 24 маусымдағы N 592 P980592_ қаулысына мынадай толықтыру енгiзiлсiн:
      Республикалық бюджет есебiнен ұсталатын және Астана қаласына қоныс аударған мемлекеттiк органның орталық аппараты қызметкерiнiң өзi тұрып жатқан қызметтiкке теңестiрiлген тұрғын үйдi сатып алу шарты мынадай мазмұндағы 9-тармақпен толықтырылсын;
      "9. Осы шарт сатып алатын тұрғын үйi үшiн ақша "Жаңа астана" қорының шотына түскеннен кейiн күшiне енедi".
     Қазақстан Республикасының
          Премьер-Министрi