Қазақстан Республикасында темiр жол көлiгiмен жолаушыларды және жүктердi, қауiптi жүктердi тасымалдауды лицензиялау туралы тәртiптi бекiту туралы <*>

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Қаулысы 1998 жылғы 29 шiлде N 714. Ескерту. Тақырыбы мен мәтіні өзгерді - ҚР Үкіметінің 2001.08.21. N 1095 қаулысымен. ~P011095

Жаңартылған
      "Лицензиялау туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 17 сәуiрдегі N 2200 Заңына Z952200_ (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1995 ж., N 3-4, 37-құжат), "Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995 жылғы 17 сәуiрдегi N 2201 қаулысын iске асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1995 жылғы 29 желтоқсандағы N 1894 P951894_ қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1995 ж., N 41, 515-құжат) сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:

     Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасында темiр жол
көлiгiмен жолаушыларды және жүктердi, қауiптi жүктердi тасымалдауды 
лицензиялау туралы тәртiп бекiтiлсiн.
<*>

     Ескерту. Кіріспе өзгерді - ҚР Үкіметінің 2001.08.21. N 1095           
              қаулысымен.  

P011095_

 
     Қазақстан Республикасының
          Премьер-Министрi
                                           Қазақстан Республикасы
                                                 Үкiметiнiң
                                           1998 жылғы 29 шiлдедегi
                                              N 714 қаулысымен
                                                 бекiтiлген
             Қазақстан Республикасында темiр жол көлiгiмен
        жолаушыларды және жүктердi, қауiптi жүктердi тасымалдауды
                         лицензиялау туралы
                               ТӘРТIП
<*>

     
     Ескерту. Тақырыбы мен мәтіні өзгерді - ҚР Үкіметінің 2001.08.21.
              N 1095 қаулысымен.  

P011095_

     
                         1. Жалпы ережелер


      1. Осы Тәртiппен қызметтiң аталған түрiн мемлекеттiк реттеу, көлiктiк қызметтер көрсету рыногының жұмыс iстеуiн және оларды тұтынушылардың мүдделерiн қорғауды, айналадағы ортаны, азаматтардың меншiгiн, өмiрiн және денсаулығын қорғауды, көлiк, лицензия, монополияға қарсы заңдардың сақталуын, экологиялық, санитарлық нормалардың және жол жүру қауiпсiздiгi талаптарының сақталуын қамтамасыз ету мақсатында темiр жол көлiгiмен жолаушылар мен жүктердi, қауiптi жүктердi тасымалдау жөнiндегi қызметтi лицензиялауға байланысты қатынастар реттеледi.
      2. Жолаушылар мен жүктердi, қауiптi жүктердi темiр жол көлiгiмен тасымалдау жөнiндегi қызметтi жүзеге асыруға лицензия алушыға (лицензиатқа) лицензия берудi Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникациялар министрлiгiнiң Көлiктiк бақылау комитетi (бұдан әрi - лицензиар) жүргiзедi. <*>
      Ескерту. 2-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2002.07.17. N 794
               қаулысымен. P020794_
      3. Қазақстан Республикасының азаматтары мен заңды тұлғалары, шетелдiк заңды тұлғалар, шетел азаматтары, азаматтығы жоқ тұлғалар және халықаралық ұйымдар лицензиялау субъектiлерi болып табылады.
      4. Халықаралық тiкелей және темiр жолмен және республикаiшiлiк қатынастарда жүктердi, қауiптi жүктердi (оның iшiнде транзиттiк және экспорттық-импорттық) тасымалдау; халықаралық, тiкелей, жергiлiктi және қала маңындағы қатынас түрлерiнде жолаушыларды (оның iшiнде транзиттiк) тасымалдау; қауiптi жүктердi тасымалдау лицензиялауға жатады.

                2. Лицензия берудiң шарты мен тәртiбi

      5. Осы Тәртiппен белгiленген, қойылатын талаптарға бiлiктiлiк деңгейi сәйкес келетiн барлық тұлғалар үшiн тең негiздер мен шарттарда лицензиар лицензия берудi жүзеге асырады.
      Шетелдiк заңды және жеке тұлғалар, сондай-ақ азаматтығы жоқ тұлғалар өздерi салық есебiне алынған соң, егер заңдарда өзгеше көзделмесе, Қазақстан Республикасының заңды және жеке тұлғаларына арналған шарттар мен тәртiпте лицензия алады.
      Лицензияны басқа тұлғаға беруге тыйым салынған, көлiк құралдарын сенiмгерлiк басқаруға немесе лицензияны мүлiктiк жалға тапсырған кезде осы құралдарды қабылдау - өткiзу актiсi ұсынылған соң, жалпы негiзде, сенiм бiлдiрiлген тұлғаға немесе жалдаушыға

лицензия берiледi.
     Заңды және жеке тұлғалар бiр мезгiлде темiр жол көлiгiндегi
лицензияланатын қызметтiң бiрнеше түрiне лицензиясы болуы мүмкiн.
     6. Лицензиялардың мынадай түрлерi болуы мүмкiн:
     а) қызметiнiң көлемi бойынша:
     басты - мерзiмi шектелмей берiлетiн, белгiлi бiр қызмет түрiмен
айналысуға;
     бiр жолғы - рұқсат етiлген көлемде, салмақта немесе сан шегiнде
белгiлi бiр шаруашылық операциясын жасауға;
     б) аумақтық салалық iс-әрекет бойынша:
     халықаралық;
     республикаiшiлiк;
     жергiлiктi және қала маңы.
     Лицензиялардың мынадай санаттары белгiленедi:
     "Жүк" - жүктердi, қауiптi жүктердi тасымалдауға;
     "Ж"- жолаушыларды тасымалдауға;
     "ЖЖүк"- жүктер мен жолаушыларды тасымалдауға;
     "ҚЖүк" - қауiптi жүктердi тасымалдауға (қауiптi жүктiң түрi
көрсетiле отырып).


      7. Лицензия және есеп құжаттарының бланкiлерi қатаң есептегi, есеп сериясы мен нөмiрi бар құжаттар болып табылады.
      Лицензиялық құжаттардың әзiрленуiн, есебi мен сақталуын қамтамасыз ету лицензиарға жүктеледi.
      8. Заңды және жеке тұлғалар лицензия алу үшiн лицензиарға мынадай құжаттарды тапсырады;
      белгiленген үлгiдегi өтiнiш;
      белгiлi бiр қызмет түрiмен айналысу құқығы үшiн алым енгiзiлгенiн растайтын құжат;
      заңды тұлғаның мемлекеттiк тiркелгенi туралы куәлiктiң көшiрмесi;
      жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын құжат;
      лицензиаттың бiлiктiлiк талаптарына сәйкестiгiн растайтын құжаттар;
      көлiк құралдарының тұруы немесе жөнделуi үшiн базалардың, темiр жол учаскелерiнiң, стансалардың және т.б. бар екендiгiн растайтын құжаттар, олар болмаған жағдайда - осы қызметтердi көрсететiн кәсiпорындармен жасалған шарттардың көшiрмесi.
      9. Лицензиар ұсынылған мәлiметтiң дұрыстығына тексеру жүргiзуге құқылы.
      10. Темiр жол көлiгiмен жолаушыларды және жүктердi (қауiптi жүктердi) тасымалдауға пайдаланылатын жылжымалы құрам Қазақстан Республикасының темiр жол көлiгiнде қолданылып жүрген техникалық талаптар мен ережелерге сәйкес болуы тиiс, ал халықаралық тасымалдауларды жүзеге асыру кезiнде - Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық келiсiмдердiң және аумағы бойынша тасымалдау жүзеге асырылатын елдердiң талаптары мен ережелерiне сәйкес болуы тиiс.
      Лицензия алу кезiнде бiлiктiк талаптарға, әрекет мерзiмi, лицензияда көрсетiлген қызмет көлемi мен түрiне сәйкестiгi әрбір өз бетімен жүретін көлік құралына берiлетiн есеп жүргiзу құжатымен расталады. <*>
      Ескерту. 10-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2001.08.21. N 1095
               қаулысымен. P011095_
      11. Лицензия беру немесе одан бас тарту туралы шешiм барлық қажеттi құжаттарымен қоса өтiнiш берiлген күннен бастап бiр айдан кешiктiрiлмей қабылданады.
      Өтiнiш етушiге лицензия беруден бас тарту кезiнде лицензия беру үшiн белгiленген мерзiмдерде жазбаша түрде дәлелдi жауап берiледi.
      Лицензиялық алымның мөлшері мен оны төлеу тәртібі Қазақстан Республикасының салық заңнамасымен анықталады. <*>
      Ескерту. 11-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2001.08.21. N 1095
               қаулысымен. P011095_
      12. Лицензияны жоғалтқан кезде лицензиат көшірмесін алуға құқылы. Лицензиар лицензиаттың жазбаша өтініші бойынша он күннің ішінде лицензияның көшірмесін беруді жүргізеді. Бұл ретте лицензиат лицензиялық алым төлейді.
      Лицензиясы бар жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты өзгерген жағдайда, ол көрсетілген мәліметтерді растайтын тиісті құжаттарды қоса бере отырып, бір ай мерзімде осы туралы лицензиарға жазбаша хабарлауға міндетті.
      Заңды тұлғаның атауы, орналасқан жері (егер ол лицензияда көрсетілсе) өзгерген жағдайда, ол көрсетiлген мәлiметтердi растайтын тиiстi құжаттарды қоса бере отырып, бiр айдың ішінде лицензияны қайта ресімдеу туралы өтініш беруге міндетті.
      Лицензиар лицензиат тиісті жазбаша өтініш берген күннен бастап 10

күннің ішінде лицензияны қайта ресімдейді. Бұл ретте лицензиат лицензиялық 
алым төлейді.
     Лицензияны қайта ресімдеу және көрсетiлген құжатты беру кезiнде 
Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленген тәртiппен және 
мөлшерде алым төленедi.
     Заңды тұлғаны қайта тiркеген кезде лицензия қолданылу мерзімі 
аяқталғанға дейiн күшiн сақтайды.
     Ескерту. 12-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2001.08.21. N 1095 
              қаулысымен.  

P011095_

 
     13. Лицензия иесi лицензия алған күннен бастап осы тасымалдау
қызметiн жүзеге асыруға құқық алады.
                   3. Жауапкершiлiк және бақылау


      14. Тиiстi лицензиясы болмай немесе лицензиялық нормалар мен ережелердi бұза отырып темiр жол көлiгiнде жүктер мен жолаушыларды тасымалдау бойынша қызметтi жүзеге асыру - заңдармен белгiленген әкiмшiлiк және қылмыстық жауапкершiлiкке әкеп соғады.
      15. Лицензия иесi:
      көлiктiк қызмет көрсетуде қоғамның, қоршаған ортаның қауiпсiздiгiн, азаматтардың өмiрi мен денсаулығын, сондай-ақ жұмыстар мен қызмет көрсетуде сапа кепiлдiгiн, тұтынушылардың құқықтарын қорғауды қамтамасыз ететiн шарттарды сақтауға;
      Қазақстан Республикасының көлiктiк, салықтық және монополияға қарсы заңдарының талаптарын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық шарттардың ережелерiн сақтауға;
      мiндеттi сақтандыру түрлерiн қамтамасыз етуге;
      өз қызметiн лицензияда көзделген шарттарға қатаң сәйкестiкте жүзеге асыруға;
      лицензиардың талап етуiмен лицензияланатын қызмет туралы мәлiметтер беруге, лицензиарға осы қызметке бақылау жасауға қол жеткiзуiн қамтамасыз етуге;
      заңды тұлға қайта ұйымдастырылған жағдайда лицензиарды хабардар етуге мiндеттi.
      16. Лицензия күшiн тоқтатуға немесе тоқтата тұруға байланысты даулар заңдарда белгiленген тәртiппен шешiледi.
      17. Лицензиат ақиқат емес мәлiмет бергенi үшiн заңдарда белгiленген тәртiппен жауапкершiлiкке тартылады.
      18. Лицензиялық ережелер мен шарттардың сақталуына бақылау жасаудың тәртiбiн Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникациялар министрлiгiнiң Көлiктiк бақылау комитетi белгiлейдi. <*>
      Лицензиар және оның лауазымды тұлғалары лицензиялау туралы заңнаманы бұзғаны үшiн Қазақстан Республикасының заң кесімдерімен белгіленген жауапкершілікте болады. <*>
      Ескерту. 18-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2001.08.21. N 1095
               қаулысымен. P011095_
      Ескерту. 18-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2002.07.17. N 794
               қаулысымен. P020794_

            4. Жолаушылар мен жүктердi, қауiптi жүктердi темiр жол
              көлiгiмен тасымалдау бойынша лицензияланатын қызметпен
               айналысатын субъектiлерге қойылатын бiлiктiлiк
                              талаптары

      19. Жолаушылар мен жүктердi, қауiптi жүктердi темiр жол көлiгiмен тасымалдаумен айналысатын субъектiлер мынадай бiлiктiлiк талаптарына сай болуы тиiс:
      штатты өтiнiш етiлген қызмет түрiне аттестатталған мамандармен жинақтауды қамтамасыз ету (мамандар тiзбесiн, аттестация жүргiзу тәртiбiн және қажеттi бiлiм көлемiн лицензиар белгiлейдi); <*>
      лицензиялық қызметтi жүзеге асыру үшiн жылжымалы құрамның жарамдылығы туралы санитарлық және өрт қадағалау органдарының қорытындыларының болуы;
      өтiнiш етушiнiң өндiрiстiк базасы тасымалдау процесi мен экология қауiпсiздiгi талаптарына жауап беруi тиiс.
      Ескерту. 19-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2001.08.21. N 1095
               қаулысымен. P011095_