Үкiмет пен Премьер-Министрдiң нормативтiк құқықтық актiлерiнiң жобаларын дайындаудың және келiсудiң тәртiптерi мен оларды ресiмдеудiң ережелерi (заңдық техникасы) туралы нұсқаулықты бекiту туралы

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Қаулысы 1998 жылғы 22 шiлдедегi N 678

Қолданыстағы

     Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
     1. Үкiмет пен Премьер-Министрдiң нормативтiк құқықтық
актiлерiнiң жобаларын дайындаудың және келiсудiң тәртiптерi мен
оларды ресiмдеудiң ережелерi (заңдық техникасы) туралы нұсқаулық
бекiтiлсiн.
     2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.


     Қазақстан Республикасының
          Премьер-Министрi
                                           Қазақстан Республикасы
                                                Үкiметiнiң
                                           1998 жылғы 22шiлдедегi
                                              N 678 қаулысымен
                                                 бекiтiлген

       Үкiметтiң қаулылары мен Премьер-Министр өкiмдерiнiң
       жобаларын дайындаудың және келiсудiң тәртiптерi мен
       оларды ресiмдеудiң ережелерi (заңды техникасы) туралы
                             НҰСҚАУЛЫҚ

                         1. Жалпы ережелер



      1. Үкiметтiң қаулылары мен Премьер-Министр өкiмдерiнiң жобаларын дайындаудың және келiсудiң тәртiптерi мен оларды ресiмдеудiң ережелерi туралы осы Нұсқаулық (бұдан әрi - Нұсқаулық) Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Премьер-Министрiнiң актiлерiн дайындау мен келiсудi реттеу және олардың уақытында әрi заңды түрде қабылдануын қамтамасыз ету мақсатында дайындалды.
      2. Қаулы Үкiметтiң актiсi болып табылады, нормативтiк және дербес сипатта болады және Қазақстан Республикасының барлық аумағында жалпы мiндеттi күшi болады.
      3. Өкiмдi Премьер-Министр шығарады және Қазақстан Республикасының барлық аумағында жалпы мiндеттi күшi болады.
      Өкiм Премьер-Министрдiң құзыретiне жататын ағымдағы және жедел мәселелер бойынша қабылданады, олардың күшi бiр мәрте қолданумен аяқталады.
      4. Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулысының немесе Премьер-Министрi өкiмiнiң жобасы, егер жобада олардың қолданылуын тоқтату көзделмесе, Үкiметтiң қолданылып жүрген актiлерiнiң нормаларын қайталамауы тиiс.
      Мемлекеттiк органдар Үкiметтiң актiлерiн дайындау кезiнде мiндеттi түрде оларды қолданысқа енгiзудiң мерзiмдерiн көрсетедi.
      5. Жобаны белгiленген мерзiмдерде сапалы әзiрлеу және оны барлық талап етiлетiн келiсiлген және өзге де материалдармен бiрге Үкiметке ұсыну, сондай-ақ жобаның мәтiндерiнiң мемлекеттiк және орыс тiлдерiндегi бiрдейлiгi үшiн жобаны әзiрлеген мемлекеттiк органның бiрiншi басшысы жеке жауапкершiлiкте болады. Жоба, оны келiсу мерзiмдерiнiң бұзылуынан Үкiметке уақытылы ұсынылмаған жағдайда, жауапкершiлiк жобаны келiсу мерзiмдерiнiң бұзылуына жол берген мемлекеттiк органға жүктеледi.

         2. Үкiмет пен Премьер-Министр актiлерiнiң жобаларын
           дайындаудың және олардың келiсуден өтуiнiң тәртiбi

      6. Үкiметтiң қаулысы мен Премьер-Министр өкiмiнiң жобасын әзiрлеудi және келiсуге ұсынуды өздерiнiң құзыреттерiне сәйкес Қазақстан Республикасының Конституциясын, заң актiлерiн, Президент пен Үкiметтiң актiлерiн орындау үшiн өз бастамашылығы бойынша немесе жоғары тұрған мемлекеттiк органдардың тапсырмалары бойынша мемлекеттiк органдар жүзеге асырады. Үкiмет қаулыларының немесе Премьер-Министр өкiмдерiнiң жобаларын әзiрлеудi жүзеге асырған мемлекеттiк органның басшысы олардың Қазақстанның дамуының 2030 жылға дейiнгi стратегиясына сәйкес келуiне жауап бередi.
      Барлық өзге де мемлекеттiк органдар мен мемлекеттiк емес ұйымдар нормативтiк құқықтық актiлер әзiрлеу жөнiнде ұсыныс енгiзуге немесе Үкiмет немесе Премьер-Министр актiлерiнiң бастамашылықты жобаларын олардың құзыретiне сәйкес ведомстволардың, орталық және жергiлiктi атқарушы органдардың қарауына беруге құқылы.
      7. Мемлекеттiк орган туынды нормативтiк құқықтық актiнi дайындау кезiнде ол бекiтiлетiн негiзгi нормативтiк құқықтық актiнi де әзiрлеуi және келiсуге ұсынуы тиiс.
      Туынды нормативтiк құқықтық актiнiң барлық парақтарына оны келiсуге жолдаушы мемлекеттiк органның басшысы (оның мiндетiн атқарушы адам) виза қояды.
      8. Егер Үкiметтiң қаулысы мен Премьер-Министр өкiмiнiң дайындалып жатқан жобасының қолданылуын қамтамасыз ету үшiн, сондай-ақ бұрын қабылданған актiлермен қайшылықты жою үшiн негiзгi актiнiң жобасымен бiр уақытта басқа да нормативтiк құқықтық актiге өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу (күшi жойылған деп тану туралы) қажет болған жағдайда өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы (күшi жойылған деп тану туралы) актiлердiң жобалары әзiрленуi және келiсуге ұсынылуы тиiс. Егер, Үкiмет пен Премьер-Министр актiлерiнiң қабылдануына байланысты жаңа актiге қарағанда неғұрлым төмен деңгейдегi актiлер күшi жойылған деп тануға, өзгертуге немесе толықтыруға жататын жағдайда жоба тиiстi мемлекеттiк органдарға оларды қабылдау (шығару) мерзiмдерiн көрсету арқылы олардың актiлерiнiң күшi жойылған деп тану, өзгерту және толықтыру туралы актi қабылдауға (шығаруға) тапсырманы қамти алады.
      9. Үкiметтiң қаулысы мен Премьер-Министр өкiмiнiң жобалары келiсуге мемлекеттiк органның бiрiншi басшысы не оның орынбасары қол қойған iлеспе хатпен бiрге мемлекеттiк және орыс тiлдерiнде ұсынылады.
      10. Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулысының немесе Премьер-Министрi өкiмiнiң дайындалған жобасына оны келiсуге жолдаушы мемлекеттiк орган:
      1) мемлекеттiк органның бiрiншi басшысы немесе оның орынбасары қол қойған iлеспе хат;
      2) актiнi қабылдау қажеттiгiнiң негiздемесi, оны қабылдаудың әлеуметтiк-экономикалық салдарының қысқаша мазмұны, көзделiп отырған оны iске асыруға байланысты қаржы шығындары, сондай-ақ бұрын аталған мәселе бойынша Үкiмет пен Премьер-Министрдiң қандай актiлерi қабылданғандығы, олар қалай атқарылғандығы және Үкiмет пен Премьер-Министрдiң актiлерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу қажеттiгi немесе қажет еместiгi туралы мәлiметтер бар түсiндiрме жазба (бұдан әрi - түсiндiрме жазба) қоса берiледi.
      11. Келiсуге жататын актiнiң жобасы бiр мезгiлде көшiрме түрiнде тиiстi мемлекеттiк органдарға жолданады. Мемлекеттiк органдарда келiсу мерзiмi 7 жұмыс күнiнен аспауы тиiс, мерзiм жобаның аталған мемлекеттiк органға түскен күнiнен бастап есептеледi. Премьер-Министрдiң, оның орынбасарларының немесе Кеңсе Басшысының жекелеген тапсырмаларымен дайындау, (пысықтау, келiсу) үшiн өзге де мерзiмдер белгiленуi мүмкiн.
      12. Үкiмет пен Премьер-Министр актiлерiнiң жобалары барлық мүдделi мемлекеттiк органдармен және ұйымдармен, оның iшiнде Үкiметтiң құрамында кiрмейтiндерiмен, және лауазымды тұлғалармен келiсiледi.
      Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi өкiмдердiң жобалары бойынша әрбiр нақты жағдайда оларды дайындаудың және келiсуден өткiзудiң өзге де тәртiбiн белгiлей не олар бойынша жеке-дара шешiм қабылдай алады.
      13. 12-тармақта белгiленген тәртiппен келiсiлген Үкiмет қаулысының немесе Премьер-Министр өкiмiнiң жобасы мiндеттi түрде Энергетика, индустрия және сауда министрлiгiне, Қаржы министрлiгiне және Әдiлет министрлiгiне (көрсетiлген ретпен) келiсуге ұсынылады:
      1) Энергетика, индустрия және сауда министрлiгi Үкiмет немесе Премьер-Министр актiсiнiң жобасын қабылдаудың экономикалық орындылығын айқындайды және өз құзыретiнiң шеңберiнде тұтастай алғанда немесе жобаның жекелеген ережелерi бойынша өзiнiң көзқарасын бiлдiредi;
      Энергетика, индустрия және сауда министрлiгi қабылдайтын шешiмге және келiсу мерзiмдерiнiң сақталуына жауаптылық оның бiрiншi басшысына немесе оның мiндетiн атқарушы адамға жүктеледi;
      2) Қаржы министрлiгi Үкiмет немесе Премьер-Министр актiсiнiң жобасын қабылдаудың қаржылық орындылығын айқындайды және өз құзыретiнiң шеңберiнде тұтастай алғанда немесе жобаның жекелеген ережелерi бойынша өзiнiң көзқарасын бiлдiредi;
      Қаржы министрлiгi қабылдайтын шешiмге және келiсу мерзiмдерiнiң сақталуына жауаптылық оның бiрiншi басшысына немесе оның мiндетiн атқарушы адамға жүктеледi;
      3) Әдiлет министрлiгi жобалардың заңдарға сәйкестiгi тұрғысына және актi жобасының заңдық техника бойынша мазмұндалу тәртiбiне құқықтық сараптама жүргiзедi және өз құзыретiнiң шегiнде тұтастай алғанда немесе жобаның жекелеген ережелерi бойынша өзiнiң көзқарасын бiлдiредi;
      Әдiлет министрлiгi қабылдайтын шешiмге және келiсу мерзiмдерiнiң сақталуына жауаптылық оның бiрiншi басшысына немесе оның мiндетiн атқарушы адамға жүктеледi.
      14. Әрбiр мемлекеттiк орган өзiне келiсуге түсетiн актiлер жобаларының iшкi қозғалысының тәртiбiн бекiтуге мiндеттi.
      Жоба виза қоюға түскен мемлекеттiк орган немесе ұйым Үкiмет қаулысының немесе Премьер-Министр өкiмiнiң жобасын қарағаннан кейiн мына шешiмдердiң бiреуiн шығарады:
      1) жобаға виза қояды (яғни, жоба бойынша өзiнiң толық келiсiмiн бiлдiредi);
      2) өзiнiң ескертпесiн жазбаша нысанда ұсына отырып (ол актiнiң жобасына қоса берiледi) жобаға ескертпелермен виза қояды;
      3) негiздеменi жазбаша нысанда баяндап келiсуден бас тартады.
      Мемлекеттiк орган заңдарға сәйкес өзiнiң құзыретiне жататын мәселелер бойынша ғана келiсуден бас тартуға құқылы.
      Мемлекеттiк органның бiрiнiң келiсуден бас тартуы құжаттың қозғалысын және оны Премьер-Министр Кеңсесiнiң қарауына енгiзудi тоқтата тұру үшiн негiз болып табылмайды.
      15. Мемлекеттiк органның жоба бойынша ескертпесi толық болуы және келiсу үшiн белгiленген мерзiмдерде жазбаша нысанда ұсынылуы тиiс. Актiнiң жобасын әзiрлеген мемлекеттiк орган ескертпелерге келiскен және бұл ескертпелердi iс жүзiнде жойған жағдайда актiнiң жобасын қайталап қайта келiсу 5 күннiң iшiнде жүргiзiледi. Бұл ретте келiсушi органның бастапқыда ескертпе болмаған бұрын қараған мәтiн бойынша қайталап ескертпелер мен ұсыныстар енгiзуiне жол берiлмейдi.
      Редакциялық өзгерiстерi жоқ актiнiң жобасын аталған мемлекеттiк органда екiншi мәрте қайта келiсу талап етiлмейдi.
      16. Жобаны әзiрлеген орган алынған ескертпелер бойынша қабылданған және қабыл алынбаған ескертпелер, қажет болған кезде ескертпенi ұсынған мемлекеттiк органға немесе Премьер-Министрдiң Кеңсесiне берiлетiн ескертпенi қабыл алмаудың себебi туралы анықтамалар жасау арқылы жобаны пысықтайды.
      17. Келiсуден бас тарту үшiн негiз болған ескертпелер жойылғаннан кейiн Үкiмет немесе Премьер-Министр актiсiнiң пысықталған жобасына виза қойылады.
      18. Келiсу үшiн ұсынылған Үкiмет немесе Премьер-Министр актiлерiнiң жобаларына мемлекеттiк органның басшысы немесе оның мiндетiн атқарушы адам ресми бланкiде виза қояды.
      19. Осы Нұсқаулықта белгiленген тәртiппен келiсiлген Үкiметтiң қаулысы мен Премьер-Министр өкiмiнiң жобалары iлеспе хатпен, түсiндiрме жазбамен, ескертпелермен және жоба бойынша келiсуден дәлелдi бас тартулармен бiрге ресми бланкiде Премьер-Министрдiң Кеңсесiне енгiзiледi.
      Үкiмет немесе Премьер-Министр актiсiнiң жобасы бойынша келiсуден жазбаша бас тартулар болған кезде жобаны әзiрлеген мемлекеттiк орган түсiндiрме жазбада мұндай бас тартуға келiспейтiндiгi туралы өзiнiң жазбаша дәлелдi негiздемесiн айтады.
      20. Ресми бланкiде дайындалған және белгiленген тәртiппен мемлекеттiк органдармен келiсiлген Үкiметтiң қаулысы мен Премьер-Министрдiң өкiмi жобасының мәтiнiне түзетулер мен толықтырулар енгiзуге жол берiлмейдi.
      21. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң Кеңсесi Үкiмет немесе Премьер-Министр актiлерiнiң енгiзiлген жобасы бойынша белгiленген тәртiппен және мерзiмде - 10 жұмыс күнi iшiнде тиiстi сараптама жүргiзедi.
      Жобалар Премьер-Министр мен Премьер-Министрдiң орынбасарлары арасында мiндеттердi бөлумен белгiленген олардың өкiлеттiктерiнiң шегiнде Премьер-Министрдiң орынбасарларымен де келiсiледi. Жобаны қараған Премьер-Министрдiң орынбасарлары оны туындаған ескертпелер мен ұсыныстарды хаттамалық шешiммен тиiстi ресiмдеу арқылы пысықтауға қайтаруға құқылы.
      22. Егер Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулысының немесе

Премьер-Министрi өкiмiнiң жобасына қосымша (туынды актiлер) болса,
онда оларға жобаны енгiзген мемлекеттiк органның басшысы мен
Кеңсенiң тиiстi бөлiмiнiң сарапшысы виза қоюы тиiс.
     23. Үкiмет пен Премьер-Министр актiлерiнiң жобаларын
дайындаудың және келiсудiң уақыттылығына жалпы бақылау жасауды
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң Кеңсесi жүзеге асырады.

         3. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулылары мен
            Премьер-Министрiнiң өкiмдерiн ресiмдеудiң
            тәртiбi (заңдық техникасы)

         1. Қазақстан Республикасының Үкiметi мен
            Премьер-Министрi актiлерiн ресiмдеуге қойылатын
            жалпы талаптар

     24. Үкiметтiң қаулысы мен Премьер-Министр өкiмiнiң мынадай
деректемелерi:
     1) Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк елтаңбасы;
     2) актiнiң нысанына нұсқама;
     3) аталған актiнi реттеудiң нысанасын бiлдiретiн тақырып;
     4) актiнiң қабылданған жерi мен күнi;
     5) актiнiң тiркеу нөмiрi;
     6) Премьер-Министрдiң не оның мiндетiн атқарушы адамның қолы;
     7) елтаңбалы мөрi болуы тиiс.


      25. "Тармақ" сөзiмен аталмастан құқық нормасын қамтитын тармақ Үкiмет немесе Премьер-Министр актiлерiнiң негiзгi құрылымдық элементi болып табылады.
      Тармақтар маңыздылығы бойынша қисындық ретпен, сондай-ақ мәселенi шешу кезеңдерiнiң хронологиясы ескерiле отырып орналастырылады.
      26. Үкiмет пен Премьер-Министрдiң көлемi едәуiр актiлерiнiң мазмұны бойынша жақын тармақтары тарауларға бiрiктiрiлуi мүмкiн. Мазмұны бойынша жақын бiрнеше тарау бөлiмдерге бiрiктiрiлуi мүмкiн.
      27. Нормативтiк құқықтық актiнiң тармақтары тармақшаларға бөлiнуi мүмкiн. Тармақтар мен тармақшалардың iшiнде азатжолдармен бөлiнген бөлiктер болуы мүмкiн.
      Үкiмет немесе Премьер-Министр актiлерiнiң мәтiнiнде азатжолдарды дефистермен немесе өзге де белгiлермен бiлдiруге жол берiлмейдi.
      28. Үкiмет немесе Премьер-Министр актiсiнiң әрбiр тармағы, тармақшасы, сондай-ақ тараулары, параграфтары мен бөлiмдерi, бөлiмшелерi араб сандарымен нөмiрленедi.
      29. Тармақтарды, тарауларды және бөлiмдердi нөмiрлеу бүкiл актi үшiн өн бойына болып табылады.
      Тармақшаларды нөмiрлеу әрбiр тармақ үшiн дербес болып табылады. Үкiметтiң қаулысының немесе Премьер-Министрдiң өкiмiнiң әрбiр тарауындағы параграфтардың нөмiрленуi мен бөлiмдегi бөлiмшелердiң нөмiрленуi өн бойына емес дербес болып табылады.
      30. Тармақтардағы тармақшалардың нөмiрi мына тұрғыда:
      1), 2), 3) және одан әрi жақшамен бөлiнедi.
      31. Бiр тармақтан тұратын қаулыларда немесе өкiмдерде тармақтарды нөмiрлеу талап етiлмейдi.
      32. Тақырыбы (атауы) қабылданатын (шығарылатын) актiнi реттеудiң нысанасын бiлдiредi және қысқа болуы тиiс.
      33. Үкiмет қаулысының атауында сөздердi тасымалдауға жол берiлмейдi.
      34. Үкiметтiң бұрын қабылданған актiге өзгерiстер мен толықтырулар енгiзудi көздейтiн, қаулысының атауында актiнiң түрiне, оны қабылдаған органға, қабылданған күнiне және оның соңғысының тiзiлiмiнде тiркелген нөмiрiне сiлтеме (көрсетiлген ретпен) болуы тиiс.
      Осы тармақтың талаптары Үкiметтiң ол не Премьер-Министр бұрын қабылдаған актiнiң күшiнiң жойылғандығы туралы қаулысына қойылатын тақырыпқа да қатысты.
      35. Актiнi қабылдаудың, оның алдында тұрған негiзгi мiндеттердiң мақсаты мен себептерiн түсiндiру қажет болатын жағдайларда құқық нормаларын баяндаудың алдында кiрiспе бөлiк (кiрiспе) болады. Нормативтiк ережелер жобаның кiрiспе бөлiгiне кiргiзiлмейдi.
      Үкiметтiң қаулысының немесе Премьер-Министрдiң өкiмiнiң кiрiспесiнде себептердi көрсету мақсатында заң актiлерiне, Қазақстан Республикасы Президентi актiлерiне немесе аталған шешiм iске асыруға қабылданатын Үкiметтiң немесе Премьер-Министрдiң оның алдындағы актiлерiне сiлтеме келтiрiлуi мүмкiн.
      36. Үкiмет немесе Премьер-Министр актiсiнiң әрбiр тарауын пайдаланудың қолайлылығы мақсатында оның бөлiмдерiнiң, сондай-ақ тараулар параграфтарының және бөлiмдерiнiң iшкi бөлiмдерiнiң тақырыптары болуы мүмкiн.
      37. Үкiметтiң қаулыларының және Премьер-Министрдiң өкiмдерiнiң мәтiндерi нақты құрылуы және қолдан түзетусiз және бояусыз бiрыңғай әрiппен басылуы тиiс.
      38. Үкiмет немесе Премьер-Министр актiсiнiң мәтiнi әдеби тiлдiң және заң терминологиясының нормалары сақтала отырып жазылады, ереже неғұрлым қысқа болуы және нақты әрi әртүрлi бұрмалауға жатпайтын мазмұнды қамтуы тиiс. Ескiрген және көп мағыналы сөздер мен сөйлемшiлердi, эпитеттердi, метафораларды, қысқарған сөздердi қолдануға жол берiлмейдi. Тармақтың мазмұны (нормасы) басқа баптарда қайталап жазылмайды.
      39. Үкiмет немесе Премьер-Министр актiсiнiң мәтiнi мағыналық және құқықтық жүгi жоқ декларативтiк сипаттағы ереженi қамтымауы тиiс.
      40. Актiлердiң жобаларындағы тапсырма, әдетте, Үкiметке бағынысты және есеп беретiн органға не қажет болған кезде олардың басшыларына бағытталуы тиiс.
      Үкiметтiң қаулылары мен Премьер-Министрдiң өкiмдерiндегi Үкiметке бағынысты емес мемлекеттiк органдарға (олардың басшыларына) қатысты тапсырма ұсынымдық нысанда не олармен келiсiм бойынша жазылуы тиiс.
      41. Үкiмет немесе Премьер-Министр қаулысының мәтiнiнде мемлекеттiк органдардың және өзге де ұйымдардың атауы ресми атауына сәйкес толық және бүкiл мәтiн бойынша бiр үлгiде жазылады.
      Ұйымдардың атауын қысқартуға нормативтiк құқықтық актiнiң мәтiнінiң өзiнде қысқартудың не аббревиатуралардың мағынасын таратып жаза отырып, мәтiннiң қарапайымдығы мен ықшамдығын қамтамасыз ету мақсаты үшiн жол берiледi.
      42. Үкiметтiң немесе Премьер-Министрдiң шешiмiнiң мәтiнiнде тақырыптан, "Қаулы етедi" деген сөзден және бөлiктенген әрiптермен жазылатын қол қоюшы адамның қызметi мен атынан басқа жекелеген сөздер мен сөз тiркестерiн бөлiктеуге және астын сызуға жол берiлмейдi. "Қаулы етедi" деген сөз бас әрiптермен жазылады және оны жеке жолға тасымалдауға тыйым салынады.
      43. Премьер-Министрдiң өкiмiмен (Үкiметтiң қаулысымен) комиссиялардың жұмыс топтарының немесе өзге де уақытша органның, сондай-ақ Үкiмет делегацияларының жеке құрамы бекiтiлген жағдайда олардың жұмысына қатысушы адамдардың тектерi, аттары, әкесiнiң аттары және қызметтерi толық жазылады.
      44. Қажет болған кезде Үкiметтiң немесе Премьер-Министрдiң актiсiнде жоғары тұрған деңгейлер актiлерiнiң баптарына (тармақтарына) сiлтемелер келтiрiлуi, сондай-ақ жоғары тұрған деңгейлердiң құқықтық актiлерiнiң нормаларынан мұндай актiлерге сiлтемемен жекелеген ережелерi көшiрiлiп алынуы мүмкiн.
      Актiнiң тармақтары мен тармақшаларындағы оның басқа тармақтары мен тармақшаларына сiлтемелерге құқықтық нормалардың өзара байланысын көрсету не қайталауды болдырмау қажет болған жағдайларда ғана жол берiледi.
      45. Азатжолдарға, жолдарға және сөйлемдерге сiлтеме жасау кезiнде олардың нөмiрленуi реттiк сан есiмдермен (жазбаша) көрсетiледi.
      46. Қаулының немесе өкiмнiң мәтiнiнде тармаққа, тармақшаға сiлтеме олардың реттiк нөмiрi көрсетiле отырып келтiрiледi (оларды көрсету үшiн сын есiмдердi пайдалануға жол берiлмейдi).
      47. Егер шешiмнiң мәтiнiнде нормативтiк құқықтық актiге сiлтеме болған жағдайда оның түрi, қабылданған күнi, тiзiлiмде тiркелген нөмiрi және осы актiсiнiң атауы (көрсетiлген ретпен) көрсетiледi.
      Заң актiлерiне сiлтеме жасалған кезде ол тiзiлiмде тiркелген нөмiрдi көрсету, Қазақстан Республикасы Президентiнiң Заң күшi бар Жарлықтарын қоспағанда, талап етiлмейдi.
      Үкiметтiң бұрын қабылданған актiге өзгерiстер, толықтырулар енгiзудi және/немесе оның күшi жойылған деп тануды көздейтiн қаулылары жобасының атауы актiнiң түрiн, оның қабылданған күнiн және тiркеу нөмiрiн көрсетудi қамтуы тиiс.
      48. Егер жобаның мәтiнiнде сол бiр нормативтiк құқықтық актiге бiрнеше дәйектi сiлтемелер келтiрiлген болса, актiнiң толық атауы кейiн оған сiлтеме жасалуы арқылы бiр рет көрсетiледi.
      49. Егер қаулыда немесе өкiмде қосымшаға сiлтеме болса, онда қаулыға және/немесе өкiмге бiр қосымша болған жағдайларды қоспағанда, аталған қосымшаның нөмiрi көрсетiледi.
      50. Үкiметтiң қаулысының немесе Премьер-Министрдiң өкiмiнiң мәтiнiнде күнiн көрсету кезiнде айдың атауы қолданылады, ал жыл толық көрсетiледi, мысалы: "1997 жылғы 13 маусымдағы".
      51. Қаулы мен қосымшаның тақырыптары ұқсас болған жағдайларда қаулының мәтiнiнде қаулының толық атауы қолданылмауы ықтимал.
      52. Үкiмет қаулысының немесе Премьер-Министр өкiмiнiң нормаларына ескертпеуге тиiстi нұсқауды мәтiнде норманың мағынасына нұқсан келтiрмей жазуға мүмкiндiк болмаған ерекше жағдайларда жол берiледi.

         2. Өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы Үкiмет
            қаулыларының немесе Премьер-Министр өкiмдерiнiң
            жобаларын ресiмдеудiң тәртiбi

      53. Сол бiр актiге барлық өзгерiстер мен толықтырулар бiр тармақпен немесе тармақшамен көзделедi.
      54. Үкiмет пен Премьер-Министрдiң бұрын қабылданған актiлерге өзгерiстер және/немесе толықтырулар енгiзудi, сондай-ақ олардың күшi жойылған деп тануды көздейтiн актiлерiн дайындау кезiнде оның тiзiлiмде тiркелген күнiнен, нөмiрiнен және бұл шешiмнiң атауының кейiн жақшаның iшiнде оның "Қазақстан Республикасының Президентi мен Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң актiлер жинағында" жарияланған жылы, жиынтық нөмiрi және құжаттың нөмiрi көрсетiледi. Егер қабылдау (шығару) күнiне бұрын қабылданған актi аталған жинақта жарияланбаған болса, бұл актiнiң күнi, нөмiрi және атауы ғана көрсетiледi.
      55. Үштен асатын Үкiметтiң қаулыларын немесе Премьер-Министрдiң өкiмдерiн өзгерту немесе толықтыру кезiнде жеке қосымшамен ресiмделетiн тiзбелер жасалады.
      56. Егер Үкiметтiң немесе Премьер-Министрдiң сол немесе өзге де актiлерiнiң бiр тармақтарының (тармақшаларының) күшi жойылған деп танылуы тиiс болса, ал осы актiнiң басқа бөлiктерiнiң жаңа редакцияда жазылуы қажет болса, онда мұндай актi өзгерiстердiң тiзбесiне кiргiзiледi.
      57. Егер қаулыда немесе өкiмде қосымшаға сiлтеме болса, онда қаулыға және/немесе өкiмге бiр қосымша болған жағдайларды қоспағанда, жақшаның iшiнде аталған қосымшаның нөмiрi көрсетiледi.
      58. Қолданылып жүрген актiге құрылымдық қосымша бөлiктер енгiзiлген кезде олар өздерi жалғасатын актiнiң бұрынғы құрылымдық нөмiрлерiн қайталайтын қосымша нөмiрлермен кiргiзiледi: 2-1-тармақ, 8-1-тармақша, 9-1-параграф, 25-1-бөлiм және одан әрi.
      Құрылымдық бөлiкке енгiзiлген мәтiнiнен кейiн жақшаның iшiнде

актiге кiргiзiлгендiгi туралы сiлтеме енгiзiледi. Қалған бөлiктердiң
нөмiрленуi сақталады.
     59. "Баспасөзде жарияланбайды", "баспасөзге арналмаған" деген
белгiлерi бар актiлер тiзбеге олардың тақырыбы көрсетiлместен
кiргiзiледi.
     60. Өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлетiн актiлердiң
тiзбесiндегi барлық актiлер күшi жойылған деп танылған актiлердiң
тiзбесiндегi сияқты олардың шыққан (қабылданған) күнi бойынша
хронологиялық тәртiппен орналасады.
     Үкiметтiң немесе Премьер-Министрдiң актiсi сол күнiнiң шегiнде
олардың нөмiрлерiне немесе ПҮАЖ-дағы құжаттардың нөмiрiне сәйкес
көрсетiледi.

         3. Күшi жойылған деп тану туралы Үкiметтiң актiлерi
               мен Премьер-Министр өкiмдерiнiң жобаларын
                           ресiмдеудiң тәртiбi



      61. Үкiметтiң нормативтiк сипаты бар актiсiн қолданылып жүргеннiң(дердiң) орнына қабылдау кезiнде соңғысы(лары) осы актiмен күшi жойылуға (толықтай немесе iшiнара) қойылуы тиiс.
      Осыған ұқсас жағдайларда дербес сипаты бар қолданылып жүрген актiлерге қатысты шешiм бұл актi қағидаларының құқықтық салмағына қарай әрбiр нақты жағдайда жеке қабылданады.
      62. Үкiметтiң қолданылып жүрген актiсiнiң немесе Премьер-Министр өкiмiнiң құрылымдық бөлiктерiнiң күшi жойылған деп тану кезiнде мұндай бөлiктер қолданылып жүрген актiден алынып тасталады, бiрақ олардың нөмiрлерi сақталады.
      Сақталған нөмiрге актiнiң (немесе оның бөлiктерiнiң) күшi жойылған деп тану туралы актiге сiлтеме қосылады. Сақталған құрылымдық бөлiктердiң нөмiрленуi өзгермейдi.
      63. Егер, күшi жойылуға бiрнеше (3 және одан көп) бұрын қабылданған актiлер қойылған жағдайда жеке қосымшамен (тiзбемен) ресiмделетiн тiзбе жасалады.
      Тiзбе заңдық тұрғыдан негiзделген және де жеткiлiктi мөлшерде толық болуы қажет.
      Тiзбелерге жаңа актiмен қамтылған актiлер де кiргiзiледi.
      64. Егер Үкiметтiң немесе Премьер-Министрдiң актiсi маңызын (заңдық күшiн) толық жоғалтпаса, ол күшi жойылған деп тануға арналған тiзбеге жаңадан қабылданатын актiге қайшы келетiн немесе соңғысында қамтылған бөлiгiнде ғана кiргiзiледi.
      Егер көлемi бойынша үлкен Үкiметтiң қаулысы немесе Премьер-Министрдiң өкiмi тармақтарының айтарлықтай бөлiгi күшi жойылған деп тануға жататын болса, онда тiзбеге өзiнiң күшiн сақтайтын тармақтар айтылуы арқылы бүкiл актi кiргiзiледi.
      65. Үкiмет пен Премьер-Министрдiң басқа да шешiмдердiң нормаларын қайталайтын және жаңалығы жоқ актiлер де күшi жойылған деп тануға жатады.
      66. Күшi жойылуға ресми жарияланған да, жарияланбаған да нормативтiк құқықтық актiлер қойылады.
      67. Негiзгi актiлер де, оның мәтiнiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлген актiлер (немесе олардың бөлiктерi) де күшi жойылған деп тануға жатады.
      Үкiметтiң немесе Премьер-Министрдiң толық күшi жойылған деп тануға жататын қандай да бiр актiсiнiң (тармағының, тармақшасының, азатжолының) редакциясы бiрнеше мәрте өзгерген жағдайда тiзбеге ол туралы барлық актiлер, оның iшiнде редакциясын өзгерткен аралық актiлер дербес тармақтар түрiнде кiргізiледi.
      68. Тiзбеге дербес тармақтар түрiнде Үкiметтiң немесе Премьер-Министрдiң жаңа шешiмге қайшы келетiн немесе онда қамтылған оның қолданылу аясын, сондай-ақ уақыт бойынша және адамдардың шеңберi бойынша оның жекелеген құрылымдық бөлiктерiнiң қолданылу аясын кейiннен кеңейту туралы барлық актiлерi кiргiзiледi.
      69. Тiзбеге жаңа актi шығарылған сәтке дейiн қолданылған актiлермен бiрге бұрын, жаңа актi қабылданғанға дейiн iс жүзiнде маңызын жойған, бiрақ күшi жойылған деп танылмаған сол мәселе жөнiндегi актiлер де кiргiзiледi (тиiсiнше күшi жойылған деп тануға жатады).
      Күшi жойылған деп танылған актiлердiң тiзбесiне, сондай-ақ бұрын жалпы нысанда (яғни аттары аталмастан) күшi жойылған деп танылған аталған мәселе бойынша актiлер де кiргiзiледi.
      70. Үкiметтiң немесе Премьер-Министрдiң қолданылу мерзiмi бiткен уақытша сипаттағы актiлерi мен актiлерiнiң құрылымдық бөлiктерi күшi жойылған деп тануға жатпайды.
      71. Актiлерде қолданылу мерзiмi бiткен уақытша сипаттағы нормалармен қатар тұрақты қолданылатын нормалар болған және бұл нормалардың барлығы күшi жойылған деп тануға жататын жағдайларда тiзбеге бүкiл актi тұтас кiргiзiледi.
      72. Егер Үкiмет немесе Премьер-Министр актiсiнiң тармағы күшi жойылған деп тануға жататын қосымшаға сiлтеменi қамтитын болса, онда аталған тармақ қана тiзбеге кiргiзiледi (күшi жойылуға қойылады), ал қосымша жеке айтылмайды.
      Егер актiнiң тармағында қосымшаны бекiтумен қатар маңызын сақтаған басқа мәселелерге қатысты норма болған, ал қосымша толықтай күшi жойылған деп тануға жататын жағдайда, онда тiзбеге аталған тармақ қосымшаға қатысты бөлiгiнде кiргiзiледi, ал қосымша жеке айтылмайды.
      73. Егер сол немесе өзге де актi (оның құрылымдық бөлiгi) тiзбеге толық кiре алмайтын болса, жағдайға қарай жекелеген сөйлемдердi, сөздердi, жолдарды және басқаларын алып тастаумен, толықтырумен немесе ауыстырумен шектеле отырып оның жаңа редакциясын қарастыру қажет.
      74. Егер жекелеген тармақтар толықтай, ал басқалары тек белгiлi бiр бөлiктерiнде ғана күшi жойылған деп танылуға жатса, онда әуелi күшi жойылған деп тануға толықтай жататын тармақтар көрсетiледi.

        4. Үкiметтiң қаулылары мен Премьер-Министр өкiмдерiне
                   қосымшаларды ресiмдеудiң тәртiбi

      75. Үкiметтiң қаулысы мен Премьер-Министр өкiмiнiң құрылымына қосымшалар кiруi мүмкiн.
      76. Үкiмет пен Премьер-Министрдiң шешiмiне графиктердi, кестелердi, сызбаларды, карталарды, тiзбелердi және басқаларын кiргiзу қажет болған жағдайда, соңғылары жеке қосымшамен ресiмделедi.
      77. Туынды нормативтiк құқықтық актiнiң не қосымшаның бiрiншi парағының оң жақ жоғары бұрышында сол арқылы ол қабылданған, негiзгi нормативтiк құқықтық актiнiң қабылданған күнi, нөмiрi және атауы көрсетiлуi қажет.

     Егер қаулыға бiрнеше қосымша болған жағдайда, әрбiр қосымшаның
оң жақтағы жоғары бұрышында оның тiзiлiмде тiркелген реттiк нөмiрi,
сондай-ақ тиiстi актiнiң қабылданған күнi, нөмiрi және атауы
көрсетiледi.
     Егер Үкiметтiң қаулысының немесе Премьер-Министрдiң өкiмiнiң
мәтiнiнде:
     1, 2, ...қосымшаға сәйкес, не (1, 2 ... қосымша) деген сiлтеме
келтiрiлсе, онда қосымшаның оң жақ жоғары бұрышына:

                                         Қазақстан Республикасы
                                               Үкiметiнiң
                                         (Премьер-Министрiнiң)
                                         1998 жылғы " " ________
                                         N ____ қаулысына
                                                (өкiмiне)
                                         1, 2 ... қосымша
     деп жазылады.
     ... Ереже, ... Нұсқаулық (қоса берiлiп отырған) бекiтiлсе, онда
қосымшаның оң жақ жоғары бұрышына:

                                         Қазақстан Республикасы
                                               Үкiметiнiң
                                         (Премьер-Министрiнiң)
                                         1998 жылғы " " ________
                                         N ____ қаулысымен
                                                (өкiмiмен)
                                                бекiтiл(дi)ген
     деп жазылады.
     Егер жеке қосымшамен ресiмделетiн Ережеге, Нұсқаулыққа,
Тәртiпке және өзге де туынды актiлерге қосымша болса, онда
соңғысының оң жақ жоғары бұрышында:
                                                1, 2 қосымша
     деп көрсетiледi.
     78. Қосымшаның тақырыбы ол қабылданған негiзгi актiнiң мәтiнiне
мiндеттi түрде сәйкес келуi тиiс.


      79. Үкiмет пен Премьер-Министрдiң "құпия", "өте құпия", "аса маңызды" деген белгiлерi бар актiлерiн ресiмдеуге қосымша талаптар белгiленуi мүмкiн.