Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1995 жылғы 22 ақпандағы N 188 қаулысына өзгерiстер енгiзу туралы

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысы 1998 жылғы 29 мамырдағы N 490

Қолданыстағы
      Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
      "Аз қамтылған азаматтарға жергiлiктi (аймақтық) деңгейде арнайы әлеуметтiк көмек ұйымдастырудың тәртiбi туралы үлгi ереженi бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1995 жылғы 22 ақпандағы N 188 P950188_ қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1995 ж., N 7, 77-құжат) мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн:
      2-тармақтағы "Жергiлiктi әкiмдерге" деген сөздер "Облыстардың, қалалардың, аудандардың, поселкелердiң, ауылдардың (селолардың) әкiмдерiне" деген сөздермен ауыстырылсын;
      Көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Аз қамтылған азаматтарға жергiлiктi (аймақтық) деңгейде арнайы әлеуметтiк көмек ұйымдастырудың тәртiбi туралы үлгi ережеге мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн:
      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "2. Аймақтық деңгейде әлеуметтiк көмек ұйымдастыру үшiн облыстардың, қалалардың, аудандардың, поселкелердiң, ауылдардың (селолардың) әкiмдерiнiң жанынан олардың құрамына Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Жылжымайтын мүлiк пен заңды тұлғаларды тiркеу жөнiндегi агенттiгiне ведомстволық бағыныстағы ұйымдардан мүлiктi бағалау жөнiндегi мамандарды кiргiзу арқылы жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдардың өкiлдерiнен арнаулы комиссия құрылады";
      4-тармақтағы "Облыстардың және Алматы қаласының комиссиялары" деген сөздер "Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың комиссиялары" деген сөздермен ауыстырылсын;
      "оны" деген сөз "оларды" деген сөзбен ауыстырылсын;
      5-тармақтың екiншi абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      "Соңғысы Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес есептеледi.";
      6-тармақтың екiншi абзацындағы "мен кәсiптiк-техникалық училищелерде" деген сөздер "кәсiптiк-техникалық мектептер мен колледждерде" деген сөздермен ауыстырылсын;
      7-тармақтағы "тиiстi әкiмдердiң ұсынысы бойынша облыстардың, Алматы және Ленинск қалаларының мәслихаттары - депутаттар жиналыстары" деген сөздер "облыстардың республикалық маңызы бар қалалардың және астананың әкiмдерi" деген сөздермен ауыстырылсын;
      8-тармақтың қазақ тiлiндегi мәтiнi өзгертiлмесiн;

     9-тармақтағы "жергiлiктi әкiмшiлiктiң" деген сөздер "жергiлiктi
атқарушы органның" деген сөздермен ауыстырылсын;
     11-тармақтың төртiншi абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
     "тұрғын үй ұстауға, коммуналдық қызметтерге ақы төлеуге
арналған жәрдемақыларға қосымша төлемдер";
     14-тармақтағы "облыстардың, Алматы және Ленинск қалаларының
әкiмдерi" деген сөздер "облыстардың, республикалық маңызы бар
қалалардың және астананың әкiмдерi" деген сөздермен ауыстырылсын.

     Қазақстан Республикасының
        Премьер-Министрi