Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 11 желтоқсандағы N 1526 және 1998 жылғы 24 ақпандағы N 134 қаулыларына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Қаулысы 1998 жылғы 27 мамырдағы N 488

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
      Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
      1.
      ЕСКЕРТУ. 1-тармағының күші жойылды - ҚР Үкіметінің 1999.09.13. N 1387
               қаулысымен. P991387_
      2. "GSM стандартты ұялық байланысын енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1998 жылғы 24 ақпандағы N 134 P980134_ қаулысына:
      атауы мынадай редакцияда жазылсын:
      "GSM және CDMA стандартты ұялық байланыстардың желiсiн құру және пайдалану туралы";
      1-тармақ "сондай-ақ CDMA стандартты" деген сөздермен толықтырылсын;
      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "2. GSM және CDMA стандартты ұялық байланыстардың желiсiн құру және пайдалану үшiн радиожиiлiктер беру тек конкурстық негiзде, заңдарға сәйкес жүзеге асырылсын";
      мынадай мазмұндағы 3-1-тармақпен толықтырылсын:
      "3-1. Қазақстан Республикасының Радиожиiлiктер жөнiндегi мемлекеттiк ведомствоаралық комиссиясы конкурс 1998 жылдың IV тоқсанында жарияланатындығын ескере отырып, CDMA стандартты ұялық байланысының желiсiн ұйымдастыру және пайдалану үшiн қажеттi радиожиiлiктер белдеулерiн, екi оператор бөлудi қамтамасыз етсiн";
      4-тармақтағы
      "Әбiлғазин Д.Р. - Қазақстан Республикасының
                                   Қаржы министрлiгi Бюджет
                                   департаментiнiң директоры" деген жолдар мынадай редакцияда жазылсын:
      "Ержанов О.С. - Қазақстан Республикасының
                                   Қаржы-вице министрi";
      6-тармақтың екiншi және үшiншi абзацтары мынадай редакцияда жазылсын:
      "Ұялық байланыс желiлерiн ұйымдастыру және пайдалану құқығына конкурстар өткiзу туралы ереженi әзiрлесiн және бекiтсiн;
      GSM стандартты ұялық байланысының желiлерiн ұйымдастыру және пайдалану құқығына 1998 жылдың II тоқсанында, ал СDМА-ға IV тоқсанында конкурс жариялансын".
 

     Қазақстан Республикасының

        Премьер-Министрi