"Қазақойл" ұлттық мұнай-газ компаниясы" жабық үлгiдегi акционерлiк қоғамының мәселелерi

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Қаулысы 1998 жылғы 16 мамырдағы N 442

Қолданыстағы

      "Қазақойл" ұлттық мұнай-газ компаниясын құру туралы Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1997 жылғы 4 наурыздағы N 3378 U973378_ Жарлығын орындау үшiн, "Қазақойл" ұлттық мұнай-газ компаниясы" жабық үлгiдегi акционерлiк қоғамы туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1997 жылғы 24 наурыздағы N 410 P970410_ қаулысында белгiленген Компанияның негiзгi мiндеттерiне сәйкес және мұнай мен газ өндiрушiге қолдау көрсету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
      1. Қазақстан Республикасының Инвестициялар жөнiндегi мемлекеттiк комитетi заңдарда белгiленген тәртiппен "Қазақойл" ұлттық мұнай-газ компаниясы" акционерлiк қоғамымен тiкелей келiссөздер жүргiзсiн және Каспий теңiзi шельфiнiң мынадай кен орындары мен учаскелерiнде көмiрсутегi шикiзатын барлау мен өндiруге лицензия беруге құжаттар әзiрлесiн:
      Ақтөбе облысының Мұғаджар ауданында орналасқан "Әлiбекмола" мұнай кен орны;
      Ақтөбе облысының Мұғаджар ауданында орналасқан "Қожасай" мұнай кен орны;
      Ақтөбе облысының Мұғаджар ауданында орналасқан "Өрiктау" газ кен орны;
 
            шельфтiң Каспий теңiзiнiң Қазақстан жағалауында орналасқан Сүйектi, Батыс Сүйектi, Тереңөзек (Жағалау, Пустынная, Тәжiғали Оңтүстiк-Батыс учаскелерiн қоса), Теңiз Ойығы (Теңiз Оңтүстiк-Батыс және Көкарна учаскелерiн қоса), Оңтүстiк Жамбай және Оңтүстiк Забурунье учаскелерi.
      ЕСКЕРТУ. 1-тармақтың 5-абзацы алынып тасталды - ҚРҮ-нiң

 

              1999.03.19. N 279 қаулысымен. 


P990279_



     ЕСКЕРТУ. 1-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2001.04.06. N 456

              қаулысымен. 


P010456_



     2. "Қазақойл" ұлттық мұнай-газ компаниясы бiр ай мерзiм iшiнде

тиiстi лицензиялар берiлгеннен кейiн осы қаулының 1-тармағында

көрсетiлген кен орындары мен учаскелерiнде мұнайды барлау мен өндiрудi

қаржыландырудың схемасы бойынша Қазақстан Республикасының Үкiметiне

ұсыныстар енгiзсiн.



     Қазақстан Республикасының

         Премьер-Министрi