"Қазақойл" Ұлттық мұнай-газ компаниясын" құру туралы

Қазақстан Республикасы Президентiнiң Жарлығы. 1997 жылғы 4 наурыздағы N 3378

      Мұнай-газ секторының экономикалық даму үшiн маңыздылығын назарға ала отырып және көмiрсутегiлерiн барлау, игеру, өндiру және өңдеу жөнiндегi келiсiмдерде Қазақстан Республикасының мүдделерiн қорғау мақсатында қаулы етемiн:
      1. Қазақстан Республикасының Үкiметi:
      1) он күндiк мерзiмде акционерлiк қоғам нысанында "Қазақойл" Ұлттық мұнай-газ компаниясын" құруды қамтамасыз етсiн, оның қызметiнiң арқауы болып көмiрсутегiлерiн барлау, игеру, өндiру және өңдеу белгiленсiн. P981151, U020811
      2) құрылып жатқан "Қазақойл" Ұлттық мұнай-газ компаниясына" Қазақстан Республикасының Каспий құбыр желiсi Консорциумындағы үлесiн, шаруашылық серiктестiктер мен бiрлескен кәсiпорындардағы үлестерiн, өндiрушi және өңдеушi акционерлiк қоғамдардағы акциялардың мемлекеттiк пакеттерiн қоса алғанда, көмiрсутегiлерiн барлау, игеру, өндiру және өңдеу жөнiндегi келiсiмдердегi Қазақстан Республикасы тиесiлi үлестердi беретiн болсын. P970410, P980442, P990662
      3) "Қазақойл" Ұлттық мұнай-газ компаниясының" активтерiнiң тiзбесi мен құрылымын айқындасын.
      4) заңда белгiленген тәртiппен құрылтай құжаттарын бекiтiп, "Қазақойл" Ұлттық мұнай-газ компаниясын" тiркейтiн болсын.
      ЕСКЕРТУ. 1 тармақ өзгерді - ҚР Президентінің 2000.12.13. N 507 Жарлығымен.
      2. Осы Жарлық қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

      Қазақстан Республикасының
      Президентi