Фосфор кәсiпорындарының мүлкiн сату жөнiндегi инвестициялық тендердiң нәтижелерi туралы

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысы 1998 жылғы 8 мамырдағы N 414

Қолданыстағы

      Фосфор саласын қаржы-экономикалық сауықтыру, әлеуметтiк проблемаларды шешу және шетелдiк инвестицияларды тиiмдi пайдалану мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
      1. Фосфор кәсiпорындары ("Қаратау" АҚ (Жаңатас қаласы), "Нодфос" АҚ (Тараз қаласы), "Суперфосфат зауыты" АҚ (Тараз қаласы) және "Өнеркәсiпкөлiк" АҚ (Тараз қаласы) мүлкiнiң бiр бөлiгiн сату жөнiндегi ашық инвестициялық тендердiң нәтижесi бекiтiлсiн.
      2. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң атынан және оның тапсырмасы бойынша Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру департаментi мен "Тексуна Кемиклз Инк." компаниясының арасында жасалған 1998 жылғы 24 наурыздағы Мемлекеттiк мүлiктi сатып алу-сату шарты мақұлдансын.
      3. Қазақстан Республикасының Инвестициялар жөнiндегi мемлекеттiк комитетi заңдарда белгiленген тәртiппен Ақсай, Көксу, Жаңатас, Шилiбұлақ, Шолақтау және Көкжон кен орындарында жер қойнауын пайдалану және фосфорлы руда өндiру құқығына арналған тиiстi лицензияларды "Тексуна Кемиклз Инк." компаниясына қайта ресiмдесiн.
      4. Қазақстан Республикасының министрлiктерi мен өзге де орталық атқарушы органдары, Жамбыл облысының әкiмi белгiленген тәртiппен:
 
            мүмкiндiгiнше қысқа мерзiмдерде "Тексуна Кемиклз Инк." компаниясына жасалған Шартта көзделген өкiлеттiктердi, рұқсаттарды, лицензияларды берсiн, сондай-ақ тиiстi тiркеу мен қайта тiркеудi жүзеге асырсын және Шартты iске асыру үшiн қажеттi өзге де актiлердi жасасын.
      ЕСКЕРТУ. 4-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2000.03.31. N 485
               қаулысымен. P000485_
      5. Жамбыл және Оңтүстiк Қазақстан облыстарының әкiмдерi мен Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң Жер ресурстарын басқару жөнiндегi комитетi белгiленген тәртiппен және жасалған Шарттың талаптарына орай "Тексуна Кемиклз Инк." компаниясына жер учаскелерiне арналған тиiстi құқықтар берсiн.
      6. Жамбыл облысының әкiмi мен Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң Жылжымайтын мүлiктi және заңды тұлғаларды тiркеу жөнiндегi агенттiгi 1998 жылдың 20 мамырына дейiн мерзiмде жасалған Шарт бойынша "Тексуна Кемиклз Инк." компаниясына берiлген жылжымайтын мүлiктi тiркеудi қамтамасыз етсiн.
 

     Қазақстан Республикасының

         Премьер-Министрi