Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2000 жылғы 31 наурыз N 485

      Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. Қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
     Қазақстан Республикасы 
     Премьер-Министрінің
     бірінші орынбасары


                                             Қазақстан Республикасы 

Үкіметінің 2000 жылғы 31 наурыздағы N 485 қаулысына қосымша


              Қазақстан Республикасы Үкіметінің күші жойылған
                     кейбір шешімдерінің тізбесі

      1. "Республиканың фосфор саласын сақтау және дамыту жөніндегі қосымша шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 21 қаңтардағы N 29 P980029_ қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1998 ж., N 1, 7-құжат) 4,5,6-тармақтары.
      2. "Маңғыстау облысының өнеркәсіптік кешенін қайта құрылымдау жөніндегі бірінші кезектегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 6 ақпандағы N 83 P980083_ қаулысының 4-тармағы.
      3. "Испат Кармет" акционерлік қоғамының темір жол көлігімен жүк тасымалдауына арналған тарифтер туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 19 шілдедегі N 566 P980566_ қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1998 ж., N 18, 163-құжат).
      4. "Фосфор кәсіпорындарының мүлкін сату жөніндегі инвестициялық тендердің нәтижелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 8 мамырдағы N 414 P980414_ қаулысының 4-тармағының екінші абзацы.
      5. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 19 маусымдағы N 566 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 10 шілдедегі N 655 P980655_ қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1998 ж., N 22, 193-құжат).
      6. "Жекелеген отандық өндірушілерді қолдау мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 13 тамыздағы N 763 P980763_ қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1998 ж., N 28, 236-құжат) 5-тармағының екінші, үшінші абзацтары.
      7. "Қазақстан Республикасының фосфор саласын қолдау жөніндегі қосымша шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 31 желтоқсандағы N 1372 P981372_ қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1998 ж., N 50, 468-құжат) 6-тармағы.
      8. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 6 ақпандағы N 83

қаулысына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы" Қазақстан Республикасы 
Үкіметінің 1998 жылғы 31 желтоқсандағы N 1386  

P981386_

  қаулысы.
     9. "Кейбір аймақтық электр желісі компанияларының мәселелері" туралы 
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 30 қыркүйектегі N 1506 
 

P991506_

  қаулысының 2-тармағының 3) тармақшасы.
     10. "Қазақстан Республикасының фосфор өнеркәсібін қолдаудың жекелеген 
шаралары туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 21 қазандағы 
N 1580  

P991580_

  қаулысының 2-тармағының 1) тармақшасы.
     
     
     
     Оқығандар:
     Қобдалиева Н.М.
     Орынбекова Д.К.