1. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң сәулет-қала құрылысын бақылау мәселелерi жөнiндегi кейбiр шешiмдерiне енгiзiлетiн, қоса берiлiп отырған, өзгерiстер мен толықтырулар бекiтiлсiн.
2. Мыналардың күшi жойылған деп танылсын:
"Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1995 жылғы 13 қарашадағы N 1520 және 1995 жылғы 29 желтоқсандағы N 1894 қаулыларына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1997 жылғы 28 наурыздағы N 434 P970434_ қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1997 ж., N 13, 97-құжат);
"Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1995 жылғы 13 қарашадағы
N 1520 қаулысына өзгерiс пен толықтыру енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1997 жылғы 4 мамырдағы N 702 P970702_ қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1997 ж., N 18, 160-құжат); "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 25 маусымдағы N 790 қаулысына толықтыру енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1997 жылғы 25 тамыздағы N 1282 P971282_ қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1997 ж., N 40, 373-құжат). Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1998 жылғы 20 сәуiрдегi N 353 қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң сәулет-қала құрылысын бақылау мәселелерi жөнiндегi кейбiр шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерiстер мен толықтырулар 1. <*> Ескерту. 1-тармақ алып тасталды - ҚР Үкіметінің 2002.01.26. N 126 қаулысымен. P020126_
2. "Сәулет-қала құрылысы құжаттамаларына сараптау жүргiзудiң тәртiбi мен Қазақстан Республикасының Құрылыс, тұрғын үй және аумақтарда құрылыс салу министрлiгi жанындағы жобаларды мемлекеттiк ведомстводан тыс сараптау департаментi туралы Ереженi бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1994 жылғы 26 шiлдедегi N 830 P940830_ қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1994 ж., N 30, 346-құжат):
атауындағы "мен Қазақстан Республикасының Құрылыс, тұрғын үй және аумақтарда құрылыс салу министрлiгi жанындағы жобаларды мемлекеттiк ведомстводан тыс сараптау департаментi туралы Ереженi" деген сөздер алынып тасталсын;
аталған қаулының 1-қосымшасында:
2-тармақтың бiрiншi абзацында:
"бұдан былай - Мемсараптау" деген сөздердiң алдынан "Қазақстан Республикасы Энергетика, индустрия және сауда министрлiгiнiң Тұрғын үй және құрылыс саясаты жөнiндегi комитетi" деген сөздермен толықтырылсын;
"Алматы" деген сөз "Ақмола, Алматы" деген сөздермен ауыстырылсын;
4-тармақтағы "Қазақстан Республикасының экология және биоресурстар министрлiгi" деген сөздер "Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрлiгi" деген сөздермен ауыстырылсын;
5-тармақтағы "Қазақстан Республикасының Құрылыс, тұрғын үй және аумақтарда құрылыс салу министрлiгi" деген сөздер "Қазақстан Республикасы Энергетика, индустрия және сауда министрлiгiнiң Тұрғын үй және құрылыс саясаты жөнiндегi комитетi" деген сөздермен ауыстырылсын;
6-тармақта:
1-абзацтағы "Қазақстан Республикасы Экономика министрлiгi мен Құрылыс, тұрғын үй және аумақтарда құрылыс салу министрлiгiнiң" деген сөздер "Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар жөнiндегi агенттiгi мен Энергетика, индустрия және сауда министрлiгiнiң Тұрғын үй және құрылыс саясаты жөнiндегi комитетiнiң" деген сөздермен ауыстырылсын;
екiншi абзацтағы "Қазақстан Республикасы Экономика министрлiгi мен Құрылыс, тұрғын үй және аумақтарда құрылыс салу министрлiгi" деген сөздер "Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар жөнiндегi агенттiгi мен Энергетика, индустрия және сауда министрлiгiнiң Тұрғын үй және құрылыс саясаты жөнiндегi комитетi" деген сөздермен ауыстырылсын.
3. "Қазақстан Республикасында сәулет-қала құрылысы бақылауын жетiлдiру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 24 қаңтардағы N 88 P960088_ қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1996 ж., N 6, 30-құжат):
1-тармақтағы "Алматы қаласында" деген сөздер "Ақмола және Алматы қалаларында" деген сөздермен ауыстырылсын;
2, 3, 6-тармақтардағы "Қазақстан Республикасының Құрылыс, тұрғын үй және аумақтарда құрылыс салу министрлiгi" деген сөздер "Қазақстан Республикасы Энергетика, индустрия және сауда министрлiгiнiң Тұрғын үй және құрылыс саясаты жөнiндегi комитетi" деген сөздермен ауыстырылсын.
4. "Республикалық мемлекеттiк кәсiпорындардың тiзбесi туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 25 маусымдағы N 790 P960790_ қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1996 ж., N 29, 256-құжат):
аталған қаулымен бекiтiлген Республикалық мемлекеттiк кәсiпорындардың тiзбесiнде:
"Қазақстан Республикасы Экономика және сауда министрлiгiнiң Құрылыс және сәулет-қала құрылысын бақылау агенттiгi" деген бөлiм мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасы Энергетика, индустрия және сауда министрлiгiнiң Тұрғын үй және құрылыс саясаты жөнiндегi комитетi";
реттiк нөмiрi 48, 49, 50-жолдардағы, 3-бағандағы "Алматы қаласы" деген сөздер "Ақмола қаласы" деген сөздермен ауыстырылсын;
реттiк нөмiрi 50а жол алынып тасталсын.