"Қазақстан Республикасының Жоғары және орталық мемлекеттiк органдарын Ақмола қаласына көшiру жөнiндегi мемлекеттiк комиссиясын тарату туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1997 жылғы 31 желтоқсандағы N 3811 U973811_ Жарлығының 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
1. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң сәулет-қала құрылысын бақылау мәселелерi жөнiндегi кейбiр шешiмдерiне енгiзiлетiн, қоса берiлiп отырған, өзгерiстер мен толықтырулар бекiтiлсiн.
2. Мыналардың күшi жойылған деп танылсын:
"Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1995 жылғы 13 қарашадағы N 1520 және 1995 жылғы 29 желтоқсандағы N 1894 қаулыларына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1997 жылғы 28 наурыздағы N 434 P970434_ қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1997 ж., N 13, 97-құжат);
"Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1995 жылғы 13 қарашадағы
N 1520 қаулысына өзгерiс пен толықтыру енгiзу туралы" Қазақстан
Республикасы Үкiметiнiң 1997 жылғы 4 мамырдағы N 702
қаулысы
(Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1997 ж., N 18, 160-құжат);
"Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 25 маусымдағы N 790
қаулысына толықтыру енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң
1997 жылғы 25 тамыздағы N 1282
қаулысы (Қазақстан Республикасының
ПҮАЖ-ы, 1997 ж., N 40, 373-құжат).
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
1998 жылғы 20 сәуiрдегi
N 353 қаулысымен
бекiтiлген
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң сәулет-қала
құрылысын бақылау мәселелерi жөнiндегi кейбiр
шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерiстер
мен толықтырулар
1.
Ескерту. 1-тармақ алып тасталды - ҚР Үкіметінің 2002.01.26. N 126
қаулысымен.
2.
Ескерту. 2-тармақтың күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2002.08.19. N 918
қаулысымен.
3. "Қазақстан Республикасында сәулет-қала құрылысы бақылауын жетiлдiру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 24 қаңтардағы N 88 P960088_ қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1996 ж., N 6, 30-құжат):
1-тармақтағы "Алматы қаласында" деген сөздер "Ақмола және Алматы қалаларында" деген сөздермен ауыстырылсын;
2, 3, 6-тармақтардағы "Қазақстан Республикасының Құрылыс, тұрғын үй және аумақтарда құрылыс салу министрлiгi" деген сөздер "Қазақстан Республикасы Энергетика, индустрия және сауда министрлiгiнiң Тұрғын үй және құрылыс саясаты жөнiндегi комитетi" деген сөздермен ауыстырылсын.
4. "Республикалық мемлекеттiк кәсiпорындардың тiзбесi туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 25 маусымдағы N 790 P960790_ қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1996 ж., N 29, 256-құжат):
аталған қаулымен бекiтiлген Республикалық мемлекеттiк кәсiпорындардың тiзбесiнде:
"Қазақстан Республикасы Экономика және сауда министрлiгiнiң Құрылыс және сәулет-қала құрылысын бақылау агенттiгi" деген бөлiм мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасы Энергетика, индустрия және сауда министрлiгiнiң Тұрғын үй және құрылыс саясаты жөнiндегi комитетi";
реттiк нөмiрi 48, 49, 50-жолдардағы, 3-бағандағы "Алматы қаласы" деген сөздер "Ақмола қаласы" деген сөздермен ауыстырылсын;
реттiк нөмiрi 50а жол алынып тасталсын.