"1998 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 9 желтоқсандағы N 201-13 Z970201_ Заңын және "Ақмола қаласын Қазақстан Республикасының астанасы етiп жариялау туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1997 жылғы 20 қазандағы N 3700 U973700_ жарлығын iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
1. "1998 жылға арналған республикалық бюджетi туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 37-бабында көзделген 3300 (үш миллиард үш жүз) млн. теңге сомасындағы қаражат мемлекеттiк тұрғын үй сатып алуы үшiн мемлекеттiк органдар мен ұйымдардың қызметкерлерiн несиелендiруге, сондай-ақ Ақмола қаласында жаңа тұрғын үй құрылысын қаржыландыруға жұмсалсын.
2. Қоса берiлiп отырған:
1998 жылы 8200 (сегiз миллиард екi жүз) млн. теңге сомасында республикалық бюджеттiң қаражаты есебiнен қаржыландырылатын Ақмола қаласын дамытудың бiрiншi кезектегi объектiлерiнiң тiзбесi;
1998 жылы мемлекеттiк сыртқы заемдардың есебiнен қаржыландырылатын жобалардың тiзбесi бекiтiлсiн.
3. Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлiгi 1998 жылы республикалық Жол қорынан қоса берiлiп отырған тiзбеге сәйкес жобаларды 5120 (бес миллиард жүз жиырма) млн. теңге, оның iшiнде Ақмола қаласының қалалық шаруашылығы объектiлерiне 2 (екi) миллиард теңге сомасында қаржыландыруды қамтамасыз етсiн.
4. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi және Ақмола арнайы экономикалық аймағының Әкiмшiлiк кеңесi 1998 жылы Қазақстан Республикасының мемлекеттiк кепiлдiгiне 20 (жиырма) млн. АҚШ доллары сомасында Ақмола қаласындағы инвестициялық жобаларды қаржыландыруға мемлекеттiк емес сыртқы заемдарды тарту жөнiнде шаралар қабылдасын.
5. Жаңа астананы сәулеттендiруге байланысты Ақмола арнайы экономикалық аймағы Әкiмшiлiк кеңесiнiң аймақты әлеуметтiк және экономикалық дамыту қорының есебiнен 4890 (төрт миллиард сегiз жүз тоқсан) млн. теңге сомасында объектiлердi қаржыландыру туралы ұсынысына келiсiм берiлсiн.
6. Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар жөнiндегi агенттiгi жекелеген жобалар бойынша бөлiнген қаржы қанағаттанғысыз игерiлген жағдайда Қазақстан Республикасының Үкiметiне жобалар тiзбесiне түзетулер енгiзу туралы ұсыныстар енгiзсiн.
Қазақстан Республикасы Президентiнiң Iс басқармасына 1998 жылдың iшiнде ол тапсырысшы болатын, Астана қаласын дамытудың бiрiншi кезектегi объектiлерiнiң тiзбесiне кiргiзiлген, республикалық бюджеттiң қаражаты есебiнен қаржыландырылатын объектiлердiң арасында қаржыландырудың көлемдерiн олардың құрылысты қаржыландыруының жалпы жылдық көлемiнiң шегiнде қайта бөлуге рұқсат етiлсiн.
ЕСКЕРТУ. 6-тармақ 2 абзацпен толықтырылды - ҚРҮ-нiң 1998.06.08.
N 524 қаулысымен. P980524_
7. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Қаржы бақылау
комитетi осы қаулыда көзделген қаржының объектiлерiнiң құрылысына
тиiмдi жұмсалуына бақылау орнатсын.
8. Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар
жөнiндегi агенттiгiнiң Статистика және талдау жөнiндегi комитетi осы
қаулыда көзделген объектiлер құрылысының барысы туралы ай сайын
ақпарат берiп тұруды қамтамасыз етсiн.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
1998 жылғы 10 ақпандағы
N 91 қаулысымен
бекiтiлген
1998 жылы республикалық бюджеттiң есебiнен
қаржыландырылатын Ақмола қаласын дамытудың бiрiншi
кезектегi объектiлерiнiң
ТIЗБЕСI
(млн. теңге)
____________________________________________________________________
Рет| Тапсырысшы |Өлшем | Қуаты |Iске қосу|1998 жылғы баға |
N |____________________|бiрлiгi| | мерзiмi |бойынша қаржылан.|
| Объектiнiң аты, | | | (жыл) |дыру көлемi |
| орналасқан жерi | | | | |
___|____________________|_______|_______|_________|_________________|
Барлығы 8200
Оның iшiнде:
Қазақстан Республикасы Президентiнiң Iс басқармасы
____________________________________________________________________
1.|Тұрғын үй құрылысы |мың |179,0 | 1998 | 3120 |
| |шаршы |1372 | | |
| |метр | | | |
| |пәтер | | | |
___|____________________|_______|_______|_________|_________________|
2.|Тың игерушiлер |орын |2500 | " | 510 |
|сарайын қайта | | | | |
|жаңарту | | | | |
___|____________________|_______|_______|_________|_________________|
3.|Көмекшi кешен | | | " | 196 |
___|____________________|_______|_______|_________|_________________|
4.|Әкiмшiлiк кешен |мың |49,6 | " | 2694 |
| |шаршы | | | |
| |метр | | | |
___|____________________|_______|_______|_________|_________________|
"Ақмола АЭК" акционерлiк қоғамы
____________________________________________________________________
5.|Шағын станция |МВА |2х40 | " | 740 |
|110/10кВ Астана, | | | | |
|Ақмола қаласы | | | | |
___|____________________|_______|_______|_________|_________________|
Ақмола арнайы экономикалық аймағы
____________________________________________________________________
6.|N 1 КНС-тi қайта |км |берiл. | " | 50 |
|жобалау және 83 | |ген | | |
|кварталдағы | | | | |
|канализациялық ек. | | | | |
|пiндi коллектордың | | | | |
|құрылысы | | | | |
___|____________________|_______|_______|_________|_________________|
7.|83 кварталдағы |км |берiл. | " | 75 |
|инженерлiк жүйелер. | |ген | | |
|дiң құрылысы | | | | |
___|____________________|_______|_______|_________|_________________|
8.|Қазақстан Республи. |км |Бұл да | " | 165 |
|касы Президентiнiң | |сол | | |
|Iс Басқармасының | | | | |
|салынып жатқан | | | | |
|үйлерiнiң инженерлiк| | | | |
|жүйелерi | | | | |
___|____________________|_______|_______|_________|_________________|
9.|Этно-мемориалдық |га |Бұл да | " | 327 |
|парк | |сол | | |
___|____________________|_______|_______|_________|_________________|
10.|Ақмола қаласының | | | " | 323 |
|бас жоспары | | | | |
___|____________________|_______|_______|_________|_________________|
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
1998 жылғы 10 ақпандағы
N 91 қаулысымен
бекiтiлген
1998 жылы мемлекеттiк сыртқы заем есебiнен
қаржыландырылатын жобалардың
ТIЗБЕСI
(млн. АҚШ доллары)
____________________________________________________________________
Рет| Жобаның аты |Донор |Жобаның|1998 жылы |Ескертулер|
N | | |құны |қаржыландыру | |
___|___________________| | |_________________|__________|
| | | |Заем |Қоса | |
| | | |қаражаты |қаржы. | |
| | | | |ландыру| |
___|___________________|_______|_______|_________|_______|__________|
Барлығы: 70,0 16,84
1 Аурухана құрылысы, Сосъете 7720 40,85 8,29 Республика.
Ақмола қаласы Женераль млн. лық бюджет
жапон
иенi
2 Алматы-Қарағанды- АДБ 77 22,15 8,55 Республика.
Ақмола-Бурабай лық Жол
(Гульшад-Ақшатау қоры
учаскесi)
автомагистралін
қайта жаңарту
3 Ақмола қаласындағы ОЕСF 201,26 7,0
әуежайды қайта
жаңарту
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
1998 жылғы 10 ақпандағы
N 91 қаулысымен
бекiтiлген
1998 жылы республикалық Жол қорынан
қаржыландырылатын жобалардың
ТIЗБЕСI
(млн. теңге)
____________________________________________________________________
Рет| Тапсырысшы |Өлшем | Қуаты |Iске қосу|1998 жылғы баға |
N |____________________|бiрлiгi| | мерзiмi |бойынша қаржылан.|
| Объектiнiң аты, | | | (жыл) |дыру көлемi |
| орналасқан жерi | | | |(млн.теңге) |
___|____________________|_______|_______|_________|_________________|
Барлығы 5120
Оның iшiнде:
Қазақстан Республикасының Көлiккомминi
1. Ұшу-қону алаңы млн.теңге 470
(1998 жылғы 1
қаңтардағы берешек)
2. Әуе-жайдан түйiспе км 5 1998 550
желiге дейiнгi
автомобиль жолын
қайта жаңарту
3. Айналма түйiспе жол км 14 1999 1200
учаскесi (Павлодар-
Қарағанды)
4. Ақмола қаласының км 25 1998 2000
қала магистральдары
мен орталық алаңының
құрылысы және қайта
жаңарту
5. "Ақмола-Қызылжар" 1998 200
автомобиль жолы
6. "Алматы-Ақмола" 1998 700
автомагистралiн,
"Гүлшад-Ақшатау"
учаскесiн қайта
жаңарту (қоса
қаржыландыру)