1. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң мына шешiмдерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
"Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995 жылғы 17 сәуiрдегi N 2001 қаулысын жүзеге асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1995 жылғы 29 желтоқсандағы N 1894 P951894_ қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1995 ж., N 41, 515-құжат):
көрсетiлген қаулыға 1-қосымша:
реттiк нөмiрi 14-жолдағы, 3-бағандағы "этил спиртi мен алкоголь өнiмдерiн өндiру" деген сөздер алынып тасталсын;
реттiк нөмiрi 27-жолдағы 3-бағандағы "Алкогольдi өнiмдердi (сырадан басқа) сақтау және көтерме сату" деген сөздер алынып тасталсын;
реттiк нөмiрi 34-жолдағы 2-бағандағы "Қазақстан Республикасының Экономика және сауда министрлiгi" деген сөздер "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Алкогольдi өнiмдi өндiруге және олардың айналымына мемлекеттiк бақылау жасау жөнiндегi комитетi" деген сөздермен ауыстырылсын, 3-баған мынадай мазмұндағы абзацтармен толықтырылсын:
"этил спиртi мен алкогольдi өнiмдердi өндiру;
алкогольдi өнiмдердi сақтау және көтерме сату";
"Қазақстан Республикасында этил спиртi мен арақ импортын лицензиялау туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1997 жылғы 27 маусымдағы N 1031 P971031_ қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1997 ж., N 29, 263-құжат):
3-тармақтың екiншi абзацындағы "Экономика және сауда министрлiгi" деген сөздер "Қаржы министрлiгiнiң Алкогольдi өнiмдi өндiруге және олардың айналымына мемлекеттiк бақылау жасау жөнiндегi комитетi" деген сөздермен ауыстырылсын;
"Қазақстан Республикасында тауарлардың (жұмыстардың, қызмет көрсетулердiң) экспорты мен импортын лицензиялау туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1997 жылғы 30 маусымдағы N 1037 P971037_ қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1997 ж., N 29, 266-құжат):
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Қазақстан Республикасының Энергетика, индустрия және сауда министрлiгi осы қаулыға 2-6-қосымшаларға сәйкес белгiленген номенклатура бойынша тауарлардың экспорты мен импортына (этил спиртi мен арақтан басқа) лицензиялар берсiн.";
Мынадай мазмұндағы 4-тармақпен толықтырылсын:
"4. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Алкогольдi өнiмдi өндiруге және олардың айналымына мемлекеттiк бақылау жасау жөнiндегi комитетi этил спирті мен арақтардың импортына лицензиялар берсін";
4-6-тармақтар тиiсiнше 5-7-тармақтар болып есептелсiн.
<*>
<*>
<*>
"Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң мәселелерi туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1997 жылғы 21 қарашадағы N 1640 P971640_ қаулысына:
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi туралы ережеде;
"Негiзгi мiндеттерi" деген тарау мынадай мазмұндағы 20-тармақпен толықтырылсын:
"20. Алкогольдi өнiмдi өндiруге және оның айналымына мемлекеттiк бақылау";
20-63-тармақтар тиiсiнше 21-64-тармақтар болып есептелсiн;
көрсетiлген қаулыға "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң құрылымы" деген 1-қосымшада:
"Алкоголь өнiмiн өндiруге және оның айналымына мемлекеттiк бақылау жасау жөнiндегi комитет (заңды тұлға құқығында)" деген сөздермен толықтырылсын.
ЕСКЕРТУ. 1-тармағының 17-23 абзацтары күшін жойды - ҚР Үкіметінің
1999.08.27. N 1258 қаулысымен. P991258_
ЕСКЕРТУ. 1-тармақтың абзацтарының күші жойылды - ҚР Үкіметінің
1999.09.21. N 1433 қаулысымен. P991433_
2. Министрлiктер, мемлекеттiк комитеттер, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң құрамына кiрмейтiн өзге де орталық атқарушы органдар және жергiлiктi атқарушы органдар бұрын қабылданған шешiмдерiн осы қаулыға сәйкес келтiрсiн.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi