Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2012.10.15 № 1313 Қаулысымен.
Машина жасау кешенiн дамытудың мемлекеттiк бағдарламасын әзiрлеу және оны iске асыруды ғылыми-техникалық жағынан қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
1. Қазақстан Республикасы Ғылым министрлiгi - Ғылым академиясының, Қорғаныс министрлiгiнiң және Энергетика, индустрия және сауда министрлiгiнiң Қазақстан Республикасы Ғылым министрлiгi - Ғылым академиясына ведомстволық бағыныстағы "Машина жасау" салааралық ғылыми-технологиялық орталығын "(СFТО)" құру туралы ұсынысы қабылдансын. "Машина жасау" салааралық ғылыми-технологиялық орталығының (CFTO) мекен-жайы Алматы қаласы болып белгiленсiн.
ЕСКЕРТУ. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкiметiнiң 1998.05.20. N 457 қаулысымен. P980457_
2. Қарағанды ұлттық техникалық университетiнiң жанындағы машина жасау кешенiн болжау жөнiндегi арнайы ғылыми бөлiмшенiң негiзiнде Қазақстан Республикасының Ғылым министрлiгi - Ғылым академиясына ведомстволық бағынысты "Машина жасауды болжау жөнiндегi ғылыми-зерттеу орталығы" мемлекеттiк мекемесi құрылсын.
3. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2009.09.19. N 1411 Қаулысымен.
4. Қазақстан Республикасының Ғылым министрлiгi - Ғылым академиясы, Қаржы министрлiгi, Энергетика, индустрия және сауда министрлiгi, Қорғаныс министрлiгiнiң Қорғаныс өнеркәсiбi жөнiндегi комитетi:
бiр ай мерзiм iшiнде "Машина жасау" салааралық ғылыми-зерттеу орталығының құрамына кейбiр бейiндiк ғылыми-зертеу және тәжiрибе конструкторлық ұйымдарды енгiзу жөнiнде ұсыныстарды Қазақстан Республикасының Үкiметiне енгiзетiн болсын;
Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар жөнiндегi агенттiгiмен бiрлесе отырып 1998 жылдың наурызында Қазақстан Республикасының машина жасау кешенiн дамытудың 1998-2000 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасының жобасын Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қарауына енгiзсiн.
ЕСКЕРТУ. 4-тармақ өзгертiлдi - ҚР Үкiметiнiң 1998.05.20. N 457
қаулысымен. P980457_
5. Қазақстан Республикасының Ғылым министрлiгi - Ғылым академиясы бiр ай мерзiмде:
құрылған мемлекеттiк мекемелер туралы ережелердi бекiтсiн және белгiленген тәртiппен олардың әдiлет органдарында тiркелуiн қамтамасыз етсiн;
"Машина жасаудың және тиiмдiлiгi жоғары машиналар мен аспаптар
жасаудың ғылыми-техникалық проблемалары" нысаналы бағдарламасының кең ауқымды нұсқасын оның негiзгi тапсырмаларымен және көрсеткiштерiмен бекiтсiн. 6. Қазақстан Республикасының Ғылым министрлiгi - Ғылым академиясы мен Әдiлет министрлiгi бiр ай мерзiмде Қазақстан Республикасының Үкiметiне Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң бұрын қабылданған актiлерiн осы қаулыға сәйкес келтiру туралы ұсыныс енгiзсiн. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi